Түркістан - облыс орталығы

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа жария түрде қол қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы жарлыққа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкент миллионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қосылғанын айтты. – «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес бүгін мен қол қоятын жарлық Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әк...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 17 Уақыты: 21.06.2018

Жан жылытқан жүздесу

Дара жолы даңғылға айналған қос басылымның жүзжылдық мерейтойына орай дәстүрлі өтіп келе жатқан оқырманмен кездесу Қапшағай қаласында өз жалғасын тапты. Тағылымды жүздесу барысында қала әкімі Талғат Қайнарбеков «Өлке тынысы» ЖШС-нің директоры Мейрам Жанәділов пен «Жетісу» газетінің редакция меңгерушісі Қуаныш Тұнғатарды арнайы қабылдады. Әкімнің қабылдауында болған Мейрам Базарұлы тарихы терең, таралымы толайым «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінің мерейтойы қарсаңындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, әр аудан, қалаларда осындай кездес...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 16 Уақыты: 21.06.2018

Шұжық шығаратын комбинат

Қазақ қалай айтқан?! «Еңбегімен ер сыйлы», – дейді. Маңдай тер, табан еттің арқасында сыйлы, құрметке ие болған азаматтар тізбегін түзсек, біраз жайсаңдар мен жақсылардың есімдерін атаймыз. Бүгінде Кербұлақ ауданындағы Қарашоқы тауының баурайында шағын ет комбинаты жұмыс істеп тұр. Өнімді еңбек істеп жатқандарына үш жылдың жүзі болған комбинатқа арнайы барып, нәтижелі жұмыспен танысып қайттық. – Кеңес кезіндегі ет комбинатын қайта жабдықтап, 2016 жылдың қарашасында іске қостық. Бастапқыда жеке кәсіпкер «Ақбасов» шаруашылығы болып бастап, бүгінде «Ма...
Толығырақ... Санат: КӘСІБІ - НӘСІБІ Оқылды: 15 Уақыты: 21.06.2018

Инвестиция тарту маңызды

Бүгінде экономиканың негізгі арқауына айналып отырған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту елде басты мәселенің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекетте барлық жағдай жасалған. Ендігі кезекте бұл саланы одан әрі өркендетіп, түсетін салық көзін көбейту арқылы ел экономикасын көтеру, сол арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту маңызды. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстың өңірлік даму орталығы және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен ауданға инвестиция тарту мәселесі бойынша форум өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, «Нұр Отан» партиясының...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 10 Уақыты: 21.06.2018

Демалыс маусымы ашылды

Айдынды Алакөл жағасында кезекті демалыс маусымы ашылды. Облыстық туризм басқармасы мен Алакөл аудандық әкімдігі бірлесіп өткізген салтанатты шара үш күнге жалғасты. Келген құрметті қонақтар алдымен көл жағасындағы демалыс орындарымен танысып, туристерге қолайлы қызмет көрсету тақырыбында өрбіген басқосуларға қатысты. Маңызды жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы Жалғас БАЛҒОЖИН келді. Жадыраған жаздың алғашқы айы да аяқталуға жақын. Бірде салқындап, бірде аспан айналып жерге түсердей ысып сала беретін биылғы ауа райы көпшілікті табиғат ая...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 10 Уақыты: 21.06.2018

Ғылымға арналған ғұмыр

Көңіл көзесіне құйылған ізгілік тамшысы адамның жан әлемінің саясына айналары хақ. Оның өзгеге үлкен мейірім сыйлауымен асқақ көрінетіні жасырын емес. Сол мөлдірлікті ғылыммен ұштастырса, тұлға кейпі тіптен әрлене түседі. Сондай үлкен ізденімпаздылық ұлағатты ұстаз Хапиза Наубаеваның бойында да бар. Оны 60 жылдық мерейтойына арналған «Педагогика, психология және жаңартылған білім берудің келешегі мен дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда байқадық. Иә, ғұмырын ғылымға арнаған жанның айналасы толған жақсы адамдар болатыны сөзсіз. «Дөңгелек үстелге»...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 13 Уақыты: 21.06.2018

Сот төрағасымен кездесті

«Атамекен» алаңында кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі облыстық сот төрағасы Мейрамбек Таймерденовпен кездесті. Шара аясында облыстық сот және кәсіпкерлер палатасының соттармен қарым-қатынасы жөніндегі биылға арналған бірлескен іс-шаралардың орындалуы, кәсіпкерлер ісіне қатысты сот процесстеріндегі құқықтық қамтамасыз ету мәселелері, облыс соттарында медиацияны енгізудің алғашқы нәтижелері талқыланды. Маңызды жиынға облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов, мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Нұрланбаев, кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов пен...
Толығырақ... Санат: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ Оқылды: 8 Уақыты: 21.06.2018

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ сыйлады

Бүгінгі таңда елімізде медицина саласы қарыштап дамып, заман талабына сай қадам басуда. Ауданымызда да аталмыш сала жұмысы оң жолға қойылып, халық денсаулығын сақтауда ауқымды істер атқарылуда. Десек те, кейбір емдеу аппараттарының әлі де жетпей жататыны көңіл қынжылтатын. Жақында бұл мәселе де шешімін тапты. Аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған игі шара көпшілікті қуантты. Аудандық орталық аурухана бас директорының орынбасары Қамар Ибраимова қолға алған шара негізінде Алматы қаласындағы А. Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Г. Сейдолл...
Толығырақ... Санат: ДЕНСАУЛЫҚ Оқылды: 9 Уақыты: 21.06.2018

Жомарт жүрек ізгілікке үмтылар

«Мейірім танытпаған жанның мейірімге бөленбесі анық». Бұл берісі қазақ абыздарының, арысы дін ғұламаларының айтқан айшықты ойы. Тіпті, осы сарында бедерленген хадис бар. Ал әлімсақтан Құранға амал етіп, хадисті салтындай көрген текті елдің асыл қасиеттері жайлы сөз қозғаудың өзі шабытыңды шарықтата түсетіні бар. «Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа, жарқыным, қарыз ғып берсең керек те емес алтының», – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, арда жұрт жақсылықты ақы алу үшін жасамаған. Оны тарау да тарау тарихтан айқын аңғарамыз. Қашан да қайырым жасау, мейірім танытуға...
Толығырақ... Санат: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ Оқылды: 6 Уақыты: 21.06.2018

Ауыл іргесіндегі «Assorti Rancho»

Жетісу өлкесінің тамылжыған табиғатына тамсанбау мүмкін емес. Оның қай пұшпағын алып қарасаңыз да өзіндік ерекшеліктерімен көз тартады. Демалуға да, ем алуға да қолайлы ғажап мекен. Қазіргі таңда отандық туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Халыққа қызмет көрсететін демалыс орындарының саны жылдан жылға көбеюде. Тынығуға таптырмайтын сондай орындардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Саймасай ауылдық округі аумағында орналасқан «Assorti Rancho». «Assorti» мейрамаханалар желісі кеңінен танымал. Бүгінде бұл бизнес елдің бірнеше қаласын қамтып үлгерді. Өзд...
Толығырақ... Санат: КӘСІБІ - НӘСІБІ Оқылды: 12 Уақыты: 21.06.2018