«XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

«XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық, шетелдердегі отандастарымызды қоса алғанда, ізденушілер шақырылады. Байқау жұмыстары қазақ, орыс және Қазақстанның басқа этностарының тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ, шетелдік ізденушілерге өздерінің қалаған тілін таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді.
Байқау үш кезеңнен тұрады, төрт номинация бойынша өткізіледі.
Номинациялар:
1. Алаш қозғалысы және ұлтты саяси дамыту мәселелері;
2. Алаш қозғалысы және ұлтты экономикалық-әлеуметтік дамыту мәселелері;
3. Алаш қозғалысы және ұлтты рухани жаңғырту мәселелері;
4. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер.
Кезеңдер:
1-ші кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу. Байқау жұмыстары 2018 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады. 
Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс. Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін байқаудың арнайы қазылар алқасы екі аптаның ішінде әрбір номинация бойынша түскен материалдардың саны мен сапасына орай 10 үміткерге дейін іріктеп алады. Олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады.
2-ші кезең: 1-ші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнін қорытындылары шығарылғаннан кейін екі аптаның ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын қорғап, сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ,  басқа баяндамаларды талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді. Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 3 үміткерден финалдық сатыға – байқаудың 3-кезеңіне қатысу үшін іріктеліп алынады.
3-ші кезең: Алаш қозғалысының 101 жылдығы қарсаңында 5-13 желтоқсан аралығында «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі. 2-ші кезеңнің жеңімпаздары баяндама негізінде сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындысы бойынша байқаудың басты марапат иегерлерін  қазылар алқасы анықтайды.
Конкурс материалдары жеке басылымда жарияланатын болады.
Байқаудың жүлделік қоры 4 миллион теңгені құрайды.
Байқау жұмыстары ««ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекенжайына (Астана қаласы, Мәңгілік ел, 30, «Ақ жол» ҚДП кеңсесіне) немесе alash_akzhol@mail.ru; akzholpress@mail.ru электрондық поштаға жолданады.

Оқи отырыңыз