Білімді ел – Мәңгі ел

Білімді ел – Мәңгі ел

 

Білімі мен білігі, мәдениеті жоғары, іс­­­кер­лікке қабілетті елдің азаматтары өркениет көшін өрге бас­­­тай­ды. Бұл орай­да жас ұрпаққа білім-тәрбие беріп, атал­мыш дағды­ларды бала­лардың бойына дарытуға мұға­лім­дердің қосар үлесі мол. Оқу­­шылардың мектеп­те алған білімін өмірде кеңінен қолда­нуына жол ашу­ды мақсат тұтатын бүгінгі білім беру жүйе­сіне қойы­лып отырған талап та зор. Биылғы жаңа оқу жылы мұ­ға­­лімдер қауымы үшін оқытудың жаңа сатысына қадам ба­суы­мен ерекшеленіп отыр. Орта білім ошақта­ры­ның 1-сыны­бына жаңартылған білім бағдарламасы ен­гізілуде. Жаңа­ша оқытудың мән-маңызы, орындалу ба­рысы мен  жас ұрпақтың білім-тәр­бие­сіне қа­тыс­ты көпші­лікті тол­­ған­дырар өзек­ті мә­се­ле­лер­ді тал­қылаған  білім қыз­мет­керлерінің дәс­түр­лі тамыз кеңесіне де елімізді өркениет жо­лына бастайтын, жас ұрпақ­тың жарқын бо­лашағын ай­қын­дайтын «Білімді ел – Мәңгі ел» тақырыбын арқау етті. Ұс­таз­дар жиынының пле­нар­лық мәжілісі І. Жан­сүгі­ров атын­дағы Мәдениет сарайында өтіп, оған Қазақ­стан Республи­ка­сы Білім және ғылым ми­нистр­­лігі Білім және ғылым сала­сын­дағы бақы­лау комите­тінің төр­ағасы Ахмет­жан Пірім­құлов, облыс әкі­мінің бірінші орын­ба­сары Лаззат Тұр­лашов, сондай-ақ, об­лыс­тық басқар­ма, кә­сіп­одақ ұйым­­­да­рының, білім бөлім­де­рінің бас­шылары, аудан, қала әкім­дері, ата-аналар коми­тет­терінің төр­ағалары, мектеп дирек­торлары мен ұстаздар қауымы қатыс­ты. Кеңесті облыс әкімі­нің орынбасары Бақтияр Өнер­баев жүр­гізіп отырды.

Тамыз кеңесіне қа­ты­су­шы­лар алғашқы кезекте білім беру саласының озық үлгілері мен оқытудың жаңа техноло­гиялары қойылған көрмені ара­лап, об­лыстағы игі жетістіктерге көз жүгіртті. Бұдан соң облы­сы­мыз­да осы сала бойынша ат­қары­лып жатқан жұмыспен бей­не­көр­сетілім арқылы танысты.

Алғашқы болып мінбеге кө­терілген облыстық білім бас­қармасының басшысы Ләззат Базарқұлова баяндама жасап, өткен оқу жылының қоры­тын­дысы жайлы айта келіп, алдағы міндеттерді саралады.

– Қазіргі таңда еліміздің бо­лашақ ұрпағына білім беру мә­селесі – мемлекетіміздің бас­ты ұстанымы болып отыр. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрініс табуда.

Бүгінгі құбылмалы, шапшаң өзгерістер заманында «Білім ту­ралы» Заңға қажетті өзгеріс­тер мен толықтыруларды уақы­тын­да енгізіп отыру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазақстанның әлем­дік үрдістерге кіруі, дамы­ған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйе­сінің жаңа сапалық дең­гейге өту қажеттілігін арттыру­да. Осы міндетті жүзеге асыруда білім жүйесін қаржыландыру жылдан жылға ұлғайып, биыл облыс бюджетінің 39,9 пайызын құрады. Соған орай қазіргі уа­қытта 47 білім беру нысаны салынды. Үшауысымды  білім беру мекемелерінің мәселесі оңды шешімін тауып,  оқу жы­лы барысында 7 мектеп, 7 ба­ла­бақша пайдаланылуға беріледі. 34 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, толығымен аяқталуда.

Қысқы жылыту маусымына дайындықтың баса назар ауда­руды қажет ететіні сөзсіз. Бар­лық білім нысанының жылыту жүйесі мен қазандықтарының жағдайларын тексеру жұмыс­тары жүргізіліп, мектеп ғимара­тының ішінде орналасқан қа­зан­дықтарды сыртқа шығару үшін 45 білім беру мекемесіне 200 млн. 100 мың теңгеге жыл­жы­малы қазандық сатылып алын­ды.

Ақпараттық-коммуни­ка­тив­тік технология ХХІ ғасыр бі­лімінде зор рөл атқарады. Сон­дықтан да  облысымызда оқыту­дың интерактивті нысандарын тиімді қолдануға, білімді ақ­параттандыруға баса көңіл ау­дарылады. Қазіргі уақытта 1 ком­пьютерге 11 оқушыдан ке­леді. Облыста 140 білім беру ұйымы «Е-learning» электронды оқыту жүйесіне қосылса, 190-ы «Білім Ланд» медиа ресурс­та­рымен жұмыс жасауға мүмкін­дік алып отыр.

Білім беру ұйымдарының 81 пайызы кеңжолақты Интер­нет желісіне қосылған. Білім бе­ру мекемелері заманауи  тех­ни­камен жабдықталып,  сабақ­тарда толық қолданылуда. Де­сек те, облыс бойынша жаңа за­ман талаптарына жауап бере алмайтын 7248 компьютер ауыс­­тыруды қажет етеді. Өйт­кені ең озық білім кеңістігіне енудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттан­дыру құралдарымен жабдық­тауға байланысты болып отыр. Сондықтан аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары аталған мәселенің оңды ше­шілуін қамтамасыз етуі қажет.

Барлық білім беру жүйе­сінің негізі – мектепке дейінгі тәрбие  болып табылады. Бү­гін­гі таңда 837 мектепке дейін­гі ұйымда 60 мыңнан астам бала оқумен қамтылған, бұл 79 пайыз­ды құрайды. Мемле­кет­тік-жекеменшік серіктестікті дамытуда жекеменшік балабақ­шалар желісі 227 бірлікке ар­тып, жалпы балабақша саны­ның 56 пайызын құрады. Мек­тепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру бағытындағы жұмыс­тарға қарамастан облысы­мыз­дың көрсеткіші республикалық деңгейден төмен, облыс әкі­мінің тікелей тапсырмасына сәй­кес жыл соңына дейін 88 білім мекемесін ашып, 87 пайыз­­ға жету көзделіп отыр.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша құ­рылысына жеке­мен­шік ин­вес­торларды тарту жұмысы жал­ғасуда.

Жыл сайын мектепке дейін­гі ұйым­дардың тапшылығы мәсе­ле­сін шешу үшін қажетті қар­жылық-экономикалық жағдай жасалуда. Облыс әкімінің бас­шылығымен кәсіпкерлерді тарту арқылы өткен жылы ашылған 99 балабақшаның  88-і жеке­меншік. Биыл да осы бағыттағы жұмыс­тар өз жалғасын таба бе­ре­ді жә­не аудан, қала әкімдерін, үкі­мет­тік емес ұйымдарды бала­бақша желісін дамыту үшін бір­ле­сіп жұмыс атқаруға шақыра­мын, – деді облыстың бас ұс­тазы.

Елбасымыз қазіргі таңдағы қиындықтар мен бюджеттік шек­теулерге қарамастан білім са­ласын одан әрі дамыту, жаңа бі­лім беру мазмұнына көшу ба­ры­сында бірқатар тапсырмалар мен міндеттерді алға қой­ғандығы белгілі. Оны орындауда облы­сы­мызда отандық және озық ха­лық­аралық тәжірибені енгізу арқылы 37 тірек мектеп, 2 бала­бақша, 4 инновациялық алаң жұ­мыс жасайды. Екі мектеп білім мазмұнын жаңарту бойынша ап­робациядан өтіп, оқу-әдісте­мелік кешендердің оқу үрдісінде қол­данылу тиімділігі дәлелденген. Орта білім­ді жан басына шақ­қандағы қаржыландыру үшін 4 мектеп  апробациядан өтті. Со­нымен қатар, онлайн және тұ­рақты семи­нарларда 2671 мұға­лім­нің тәжірибесі таратылды. Соңғы 3 жылда облыстық әдісте­мелік кабинет арқылы 54 педа­гог­тің авторлық бағдарламалары бекітіліп, оқу үрдісіне элективті курстар енгізілуде. Осындай жүйе­лі жұмыстардың нәти­же­сін­де облысымызда шығар­ма­шы­лық­пен жұ­мыс істейтін, инно­ва­циялық технологияны меңгерген педагогикалық ұжымдар жүйе­сі қалыптаса бастады.

Биылдың өзінде 12 педагог түрлі рес­публикалық байқау­лар­да жеңімпаз атанса, физика, математика пәні мұғалім­дері­нің ағылшын тіліндегі олим­пиа­даларының бас жүлдесін иеленген облыс ұстаздары  ко­мандалық есепте  республика бойынша      2-орынға табан ті­реген. 

Мектептерге робототехника курсын енгізу – балаларды жо­ғары технологияға толы жаңа өмірге дайындаудың тап­тырмас жолы. Оларға заманауи конс­труктивті-жобалау және бағ­дар­ламалаудың негізгі қағи­да­ларын үйрету мақсатында бү­гінгі таңда 448 мұғалім робо­то­техника негіздері бойынша курстан өткен. Осы бағытта          І. Жан­сүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жаңа оқу жылынан облы­сымыздың 10 мектебін тәжірибе алаңы ре­тінде робототехникаға қа­жетті мате­риал­дық-техникалық базамен қамтамасыз ет­пек.

– Ұлы педагог К. Ушин­ский: «Мұғалім – өзінің білі­мін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтат­қанда, оның мұғалімдігі де жойылады», – деген екен. 12 жылдық білім беру жағ­дайын­да педагог – ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интел­лек­­туал­дық, шығар­машылық әлеуеті мол тұлға болуы тиіс. Сол се­беп­ті соңғы жылдары педагог­тар­­дың біліктілігін арт­тыру жүйе­сінде түбегейлі ре­форма жүр­гізілуде. Бүгінгі күн­ге дейін облыс бойынша білім мазмұ­нын жаңарту бағдарла­масы ая­сында 6479 педагог білік­тілікті арттыру курс­тары­нан өтті. 2012 жыл­дан бері жаңа жүйе бағдарламасы негі­зінде 5486 мұғалім мен 337 мек­теп дирек­торы білікті­лік­терін жетілдірді.

Білім беру мазмұнының жаңаруы – біз үшін жоғары ұйымдастырушылықты, жауап­­кершілікті, тәртіпті, әрбір педагогтың бейімделгіш болуын, ұжымдық бірлік, өзара қолдау мен өзара түсінушілікті қажет ететін үлкен жауапты сын болып отыр.            Сондықтан барша ұстаздар қауымы өз кәсіби міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқаруы керек.

Өткен оқу жылында облысымыздың білім беру мекемелері 1281 жас маманмен толықты, оның 1025-і «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылды жерлерге жұмысқа орналасты. Оларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Солай бола тұр­са да бүгінгі таңда облыс мектептеріне математика, физика, орыс тілі, химия пән­дері бойынша 107 маманға қажеттілік бар. Осы мәселені шешу үшін білім басқар­масы жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс атқаруда.

Жүргізілген сауалнаманың қорытын­дысы бойынша жас мамандардың 64 пайы­зы қосымша білім беруді және 90 пайызы тәлімгерлік көмекті қажет ететіні анық­тал­ды. Облыстық әдістемелік кабинетке жас маманмен жүргізілетін жұмысты жандан­дыруды тапсырамын.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жыл­дығында білім саласындағы бақылау депар­таменті тарапынан 109 білім беру ұйы­мында мемлекеттік аттестаттау өткізілген. Аттестация барысында кейбір білім беру ұйымдарында материалдық-техникалық ба­за­ның төмендігі, жаңа модификациялық кабинеттер мен технология кабинеттерінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың аздығы, бітіруші сыныптардағы (4,9,11 сыныптар) оқушылардың білім деңгейінің төмендігі анықталған. Білім беру жүйесінің тұрақты дамуы ұйым басшысының бас­қару­шылық іс-әрекетіне тікелей байланыс­ты екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. Білім беру мекемелерінің басшысы лауазымына үміткерлермен әңгімелесу барысында қолданыстағы нормативтік-құқықтық акті­лер­ді, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырып, жүргізуде басшылыққа алатын негізгі құжаттарды, білім саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықты жете білмейтіндерді жиі кездестіреміз. Бұл білім бөлімдері басшыларының мектеп директорларын тағайындау және кадрлық резерв дайындау жұмыстарын тиісті деңгейде жүргіз­бей­тін­дігін көрсетеді. Сондай-ақ, бұған мұға­лім­дердің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын инновациялық технологияларды өз дәрежесінде меңгере алмауы да себеп бо­лып отыр. Білім бөлімі басшыларына атал­ған мәселелерді жан-жақты зерттеп, нақты іс-шара жоспарын жасақтауды тап­сырамын.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшы­лы­ғының назарын аударып отырған мәсе­ле­лердің бірі – балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне сай білім беру үрдісі­не тең дәрежеде қосуды қарастыратын ин­клю­зивті білім беру. Осы мақсатта об­лыс­тағы 208 мектепте 1645 балаға инклюзивті білім беріледі. Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары мен Алакөл, Сарқан, Қа­расай аудандарындағы жалпы білім беретін 27 мектепте  дамуының психикалық теже­луі бар 398 балаға арналған 83 арнаулы сыныптар бар. Қазіргі таңда психологиялық – медициналық – педагогикалық консульта­цияларда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9966 балаға кеңес берілсе, 1943 балаға  сауықтыру түрінде кешенді психоло­гия­лық-педагогикалық қолдау көрсетілді. Инк­лю­зивті білім беру барысында оқыту, тәрбие беру және оңалту жұмыстары қатар жүре­тіндіктен басты мәселе – тиісті кадр­лармен қамту және сол мамандардың өз білімі мен тәжірибелерін ортаға салып, инклюзивті білім беруді жүзеге асыруына мүмкіндік жасау болып отыр. Ол үшін әрбір мектеп инклюзивті білім беру мәсе­ле­сімен жіті айналысуы керек.

Сондай-ақ, облыстағы 9 коррекциялық ка­бинеттің өз ғимараты жоқ, бөлінген орын­­дар нормативтік талапқа сай емес. Бір ға­на мысал келтірсек, 2004 жылдан бері №1 кор­рекциялық кабинеті Талдықорған қала­сы­ның өндірістік индустрия және жаңа техно­логиялар колледжі жатақханасының 5-қа­ба­тынан 500 шаршы метр алаңды пайда­ланып отыр. Ол жердің тарлығынан коррек­циялық көмек алатын балаларға арналған құрал-жабдықтарды толығымен пайдала­нуға мүм­кіндік жоқ. Сондай-ақ, аталған са­нат­тағы ба­лалардың 5-ші қабатқа  кіріп-шығуы үлкен кедергі келтіріп, ата-аналар­дың  да нара­зылығын тудыруда.

Коррекциялық кабинеттерде түзету, емдеу жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу, нормаға сәйкес келетін жаңа ғимарат құры­лысын салу бүгінгі күні кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Оқушылардың жаңа білім мен дағды­лар­ды меңгеруінде   қосымша білім берудің маңызы зор. Облыстағы қосымша білім бе­ретін 38 ұйымда 14449 (4,4 пайыз) бала әр­түрлі бағытта шығармашылық, интеллек­туал­дық және физикалық қабілетін дамы­туда. Бұл –  республика бойынша төмен нәтиже. Мысалы, Ескелді, Кербұлақ, Ұйғыр аудандарында қосымша білім беру желісін дамыту бағытында жұмыс жүргізілмейді. Мекемелері бола тұра қосымша біліммен қамтамыз етудің төменгі пайызы Қарасай, Іле, Панфилов, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Балқаш аудандарында байқалады. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақса­тында ағымдағы жылдың маусым айында Талдықорған қаласында жобалық қуатты­лығы 1800 орынға арналған Оқушылар сарайы ашылды. Әлі де болса қосымша білім беру мекемелерінің  желісін кеңейту оқушылардың бос уақытын тиімді ұйым­дастыруға септігін тигізіп, бала тұлғасын жан-жақты қалыптастыруға ықпал ете­тініне жергілікті басшылар жете мән бермей отыр.

Бүгінгі күнде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жас­өспірімдер арасындағы құқықбұзу­шы­лық­тың алдын-алу, кәмелетке толма­ғандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы бағытта  атқарылып жатқан жұмыс­тарға қарамастан, өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда жасөспірімдермен жасалған қылмыс саны өсуде. Бұл – бүкіл қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселе.   Қылмыс санының артуы Қапшағай  қаласы, Талғар,  Райымбек,  Іле, Ұйғыр, Еңбек­ші­қазақ, Ес­кел­ді,  Панфилов  аудандарында  анық  бай­қалады.

Аталған мәселенің алдын алу мақса­тында облыстық бюджеттен 27,7 млн. қар­жы бөлініп, 122 білім беру мекемесіне 122 немесе 18,3 пайыз әлеуметтік педагог бір­лігі берілген. Алдағы уақытта кезең-кезең­імен барлық білім беру мекемесі әлеуметтік педагогпен қамтылатын болады. Бұл жоға­рыдағы мәселенің оңды шешілуіне үлкен септігін тигізбек.

Ағымдағы жылдың жаз кезінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы екі бағытта жүргізілді. Сауықтырумен оқушы­лар­дың 66,9,  ал жұмыспен 55,4 пайызы қамтылды.

Жас жеткіншектердің еңбек нарығына қажетті кәсіптерді таңдауына «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы үлкен ықпалын ти­гізуде. Аталған жоба аясында солтүстік өңірлердің жоғары оқу орындарында облы­сымыздың 491 түлегі, ал техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 96 сту­дент білім алуда.

Өткен жылғы тамыз кеңесінде аудандық, қалалық білім бөлімдері жұмысын сараптап, рейтингін шығаруды тапсырған бола­тын­мын. Ол ҰБТ қорытындысы, білім меке­меле­рінің аттестатталуы, оқушылардың, мұ­ғалімдердің түрлі байқауларға қатысу са­пасы, құқықбұзушылықты болдырмау, т.б. критерийлер бойынша анықталды. Жыл бойы атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша І орынды Қапшағай, ІІ орынды Талдықорған қалалық, ІІІ орындарды Көксу және Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлім­дері иеленіп, көш бастап тұр.

Биыл ҰБТ-ға 8899 түлек қатысып, орта балл 80-ді құрады, бұл өткен жылмен са­лыстырғанда 3 балға артық. «Алтын бел­гіге» үміткер 364 мектеп бітірушінің 216-сы ғана өз білімін дәлелдей алды, 174 түлек ерекше аттестат иеленді.

Сөзімді қорыта келе, Елбасымыздың бас­тамасымен өмірге келген «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға үлес қоса­тын жас жеткіншектерді тәрбиелеуде облыс­тың педагогикалық ұжымы аянбай еңбек етеді деп сендіремін.

Мәңгілік Елдің білімді ұрпағын тәр­бие­леу мен оқытуда табысты нәтижелерге бірге жетейік! – деп аяқтады сөзін Ләззат Тілеу­байқызы.

Келесі кезекте сөз алған Қазақстан Рес­публикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Ахметжан Пірімқұлов еліміз тәуелсіздігін алған жылдардан бері білім жүйесінің едәуір табыстарға қол жет­кізгендігін,  ендігі мақсат дамыған елдер қа­та­рына ену үшін қазақстандық білім сала­сын жоғары деңгейге көтеру екенін атап өтті. Осыған орай биылдан бастап Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру қолға алынуда. Жаңа білім мазмұнына сәйкес оқы­туға кезең-кезеңімен көшу жұмысы бас­тал­ды. Жаңа оқу жылында республи­ка­ның бар­лық орта білім шаңырақтарының 1-сы­ны­бына Назарбаев зияткерлік мектебінің тә­жірибесі бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізіледі. Осыған орай өткен оқу жылында 30 мектеп апробациядан та­быс­ты өткен. Жаңартылған білім мазмұны бойынша кезең-кезеңімен бес күндік оқу ап­тасына көшіру жүзеге асырылады. Биыл бірінші сыныпқа қадам басқан оқушылар бес күндік жүйе бойынша оқиды. Бірінші сы­ныпқа жаңа оқулықтар шығарылып, мек­тептерге жеткізілген.

Техникалық-кәсіптік білім саласы ал­дын­да да үлкен міндеттер тұр. Ең басты мін­дет – білім сапасының тиісті талап деңгейіне сай болуы. Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес бірінші жұмысшы маман­ды­ғын тегін беру бағдарламасы жасалды. Биыл барлық қажетті шаралар қабылданып, бұл бастама келер жылы жүзеге асыры­ла­тынын жеткізді министрлік өкілі.   

Бұдан соң жырыссөзге шыққан Тал­ды­қорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев биыл­ғы мектеп бітірушілердің Ұлттық бір­ыңғай тестілеуде 83 балдық білім нәти­же­сін көрсеткенін, бұл өткен жылмен са­лыс­тырғанда 1,5 балға артық екенін жеткізді. Білім көрсеткіші бойынша үздік нәтижеге қол жеткізіп келе жатқан дарынды бала­ларға үш тілде білім беретін №20, М. Арын атындағы №24 және Талдықорған қазақ-тү­рік жасөспірімдер лицейлерін даралап атап өтті. Мектепке дейінгі білім беру мекеме­лерінің желісін дамыту жайына да тоқталып өтті.

Келесі кезекте сөз алған «Өрлеу» білік­тілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ фи­лиа­лы Алматы облысы бойынша педагог қыз­меткерлердің біліктілігін арттыру инсти­тутының директоры Кенжехан Мытыжанов «Біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі: құ­зы­ретті педагог «Мәңгілік елдің басты тұл­ға­сы» тақырыбында баяндама жасап, жаңар­тылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу жайын саралап өтті.

Сондай-ақ кеңес барысында Ақсу ауда­ны, Қарашілік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Исабекова  білім бе­ру мазмұнын жаңарту жағдайында бас­тауыш сыныптағы оқытуды жүзеге асыру жайын баян етсе, Қарасай ауданындағы да­рынды балаларға арналған үш тілде оқы­татын әл-Фараби атындағы арнаулы гим­на­зияның мұғалімі Гүлдана Елшіманова қазақ тілін оқытудағы жаңаша көзқарасын ортаға салды.  Жаңартылған бағдарлама негізінде облысымыз бойынша апробациядан өткен екі білім ошағының бірі – Панфилов ауданы, Х. Хамраев атындағы орта мектеп дирек­торы Зүлфия Машурова осы орайдағы іс-тә­жірибесімен бөліссе,   Қапшағай қаласы, №2 орта мектептің педагог-психологы мектепті жаңғырту жағдайында білім беру үрдісіне психологиялық қолдау көрсету жайын жан-жақты сөз етті. Қаратал ауданы, Лермонтов атындағы орта мектеп директоры Людмила Котова шағын жинақты мектеп жағдайында педагогикалық үрдісті басқарудағы инно­ва­циялық менеджмент жайын, Еңбекшіқазақ ауданы, №14 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинет меңгерушісі Галина Күзетова мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың мүмкіндіктерін тілге тиек етті.

Пленарлық мәжіліс жұмысын қоры­тын­дылаған облыс  әкімінің бірінші орын­ба­сары Лаззат Тұрлашов:

– Құрметті ұстаздар! Сіздерді келе жат­қан жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Биылғы кездесуіміз еліміздегі айтулы мере­ке – Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның өзі сіздерге жүк­теліп отырған үлкен жауапкершілікті есе­лей түседі. Еліміздің болашағы  – білімді де дарынды ұрпақты тәрбиелеу, ең алдымен, ұлағатты ұстаздар, сіздердің қажырлы ең­бектеріңізге байланысты. Сондықтан жаңа оқу жылын жаңа серпінмен бастап, жақсы жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін.

Білімді дамыту Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген барлық стратегиялық бағдарламалардың тірегі болып келеді. Елбасы ұсынған 5 ре­форма аясында іске асатын Ұлт жоспары да білім саласына қатысты бірқатар маңыз­ды қадамды қамтиды.

«Өркениеттің шынайы белгісі – мемле­кеттің тәрбиелеп шығарған азаматы» деп Елбасы атап көрсеткендей, білімге бағыт­талған инвестиция – ең қайтарымды, ең игілікті іс болып табылады. Биылғы білім бе­ру саласына 148,76  миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Үш жыл ішінде білім беру саласының бюджеті 42,5 миллиард тең­геге артты. Елбасының тапсырмасына сәйкес облыста апатты жағдайдағы және     3 ауысымды мектептерді жоюдың қадам­дық жоспары жасалып, тиісті шаралар қа­был­да­нуда. Соңғы бес жылдың ішінде апат­ты жағдайдағы 24 мектептің 21-і қайта са­лы­нып, екеуі күрделі жөндеуден өткізілді. Қалған бір мектептің құрылысын 2017 жылы аяқтаймыз. Ол Райымбек ауда­нын­дағы 600 орынды Сарыжаз орта мектебі.

Облыста  үш ауысымда оқитын 51 мек­тептің мәселесін шешу мақсатында 43 мек­теп салу қажеттілігі анықталып, 2015-2017 жылдарға  жоспар жасалды. Тек биылға  Ұлттық қор есебінен 27 мектеп және 3 ба­ла­бақша  құрылысына 24 млрд. 272 млн. теңге бөлінді.

Үстіміздегі жылы жалпы 9 мектеп, оның ішінде үш ауысымда оқытуды жою үшін Ұлттық қор есебінен 7 мектеп салы­нып, пайдалануға беріледі. 20 мектеп келесі жылы іске қосылады. Бұдан басқа  жер­гілікті бюджет есебінен 7 мектептің  құры­лысы жүргізілуде. Қалған үш ауысымда оқитын 9 мектепті 2017 жылы жергілікті бюджет есебінен салу жоспарланып отыр. Келесі жылы апатты жағдайдағы және 3 ауысымды мектептердің мәселесін толық­тай шешеміз.

Ендігі кезекте аудан және қала  әкім­деріне бұл бағытқа инвесторлардың қы­зығушылығын тудыру, салаға өз қаржысын салушыларға ыңғайлы жағдай жасау қажет.

Үстіміздегі жылы «Мектеп ауласы» жо­басы аясында  452,2 млн. тенгеге 20 білім беру ұйымының аулалары мен алаңдары абаттандырылуда. Бұл  оқушыларының са­лауатты өмір салтын, эстетикалық талға­мын қалыптастыруға үлкен ықпал етері сөзсіз, – деді өз сөзінде.

Лаззат Махатұлы оқушы денсау­лы­ғының жақсы болуы дұрыс тамақтануға қатысты екенін, соған орай барлық типтік мектептерде ыстық тамақ ұйымдастыру мәселесінің өз деңгейінде жүзеге асуы қажеттігін де атап өтті.

Бүгінгі күні облыстың мектебі жоқ 70 елді мекеніндегі 18251 оқушының 99 пайы­зы тасымалдануда, 85 бала интер­наттарда, 113-і туыстарының үйінде тұрып білім алады.  Облыс оқушыларының 16,5 пайызы ғана қосымша білім берумен қамтылған. Бұл өте төмен көрсеткіш екенін  айта келіп, қол­даныстағы қосымша білім беру ұйым­дарының мүмкіндіктерін толығымен пай­даланып, бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Сонымен қатар облыста жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге алу жұ­мысының да баяу жүргізіліп жатқанына тоқталып, бұл істі кеңінен насихаттап, осы санаттағы балаларды мүмкіндігінше тұрғын үймен қамтамасыз етуге баса мән беру қа­жеттігін жеткізді. Бүгінгі күнге 292 бала баспаналы болған, алайда Балқаш, Жамбыл, Қа­ратал, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан ау­дандарында жергілікті атқарушы ор­гандар тарапынан соңғы он жыл ішінде бірде-бір тұрғын үй бөлінбеген.

Жастардың діни сауаттылығын арт­ты­руға  бағытталған жұмысты жандандыру – қазіргі таңдағы үлкен талап. Бүгінде елі­міздегі діни ахуалдың оңды болуына білім­ді, саналы жастардың да ықпалы зор. Сон­дықтан да дәстүрлі емес және ради­калды діни көзқарастардың қатерін түсін­діруде  білім орындарында «Дінтану негіздері» пәнін сапалы оқытып, бұл іске теологиялық білімі бар оқытушыларды тарту қажеттігін де айта кетті.

– Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы білім беруді жетілдірудің алдағы төрт жыл­ға арналған жаңа Мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы қабылданды, – деп жалғады сөзін Лаззат Махатұлы. – Бағдарламада мектепке дейінгі білім беруден бастап балалар құқығын қорғау, педагог кадрларының біліктілігін арттыру, білім берудің электронды жүйесін енгізу, мектеп аттестациясымен қатар көп­теген мәселелер қамтылды.

Бүгінде ұстаздар қауымдастығы мен бү­кіл қоғам алдында «Мінсіз мектеп» мо­делін  бірлесіп дайындау міндеті тұр. Жал­пы алғанда, атқарылар жұмыс көп. Мұның бәрін де орындауға болады. Ал олардың табысты болуы сіздер мен біздерге қатысты болмақ.

Бұдан соң кеңес қарары қабылданып, жылдағы дәстүрге сай білім саласында елеулі еңбек етіп жүрген қызметкерлер марапатталды. Олардың бірқатары Білім және ғылым министрлігінің ұсынуымен «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілеріне қол жет­кізсе, біразы облыс әкімінің Құрмет гра­мотасы, Алғыс хатын иеленді.

Білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі бұдан кейінгі ретте секциялық жұмыстарға ұласып, ұстаздар қауымы білім сапасын арттыру, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беру турасындағы ойларымен бөлісіп, үздік тәжірибелерді ортаға салды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Оқи отырыңыз