Мәслихат депутаттары сайланды

Мәслихат депутаттары сайланды

Аудандық және қалалық мәслихаттардағы 290 депутаттың жетеуі белгілі себептермен шығып қалған болатын. Атап айтқанда, 4 адамның депутаттық мандатты өткізуіне әкімшілік аумақтан басқа жаққа көшуі, қалған үш адамның мемлекеттік қызметке ауысуы, денсаулық жағдайы және өз өтініші себеп болған. Осыған байланысты облыстық мәслихатқа 1 адам №17 Шамалған сайлау округінен, Қарасай аудандық мәслихатына 2 адам, Жамбыл, Кербұлақ, Райымбек аудандық және Талдықорған қалалық мәслихаттарына бір адамнан қайыра сайланды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес дайындық жұмыстары жүргізілген сайлау барысында 5 аумақтық, 7 округтік және 32 учаскелік комиссиялары жұмыс істеді. Ал, мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған 22 адамнан тіркелгені 21. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясынан 7 кандидат ұсынылса, өзін-өзі ұсынған 14 адам ешқандай партияға тіркелмеген болып шықты. Сайлау өткен 32 учаскеде жалпы саны 54 мың 153 адамды құрайтын сайлаушылар тізімі акті бойынша тиісті сайлау комиссияларына 8 қазанда берілген болатын. Сайлау процесін бақылауға «Нұр Отан» партиясынан 34 адам, үміткерлердің сенімді тұлғаларынан 28 адам, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарынан 10 адам өкіл ретінде қатысып, сайлаудың дұрыс өтуін қадағалады. Сондай-ақ, дауыс беруге 50 мың 541 адам қатысып, келушілердің 93,3%-ын құрады. Аймақтық көрсеткіш бойынша Қарасай ауданы 97%-ға, Жамбыл ауданы 89,4%-ға, Кербұлақ ауданы 91,7%-ға, Райымбек ауданы 89,4%-ға, Талдықорған қаласы 79,6%-ға жетті.
Қайыра сайланған 7 депутат та жоғары білімді, мамандықтары бойынша дәрігерлер, педагогтар, инженер. Бәрі де «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Екеуі әйел. Қызмет саласы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары үшеу, кәсіпкерлік нысандарынан екеу, қоғамдық құрылымдардан екеу. Жас айырмашылығы бойынша 30 жасқа дейін 1 депутат, 30 жастан 40 жасқа дейін 3 депутат, 40 жастан 50 жасқа дейін 1 депутат, 50 жастан 60 жасқа дейін 2 депутат бар.

Облыстық сайлау комиссиясы

Оқи отырыңыз