ЖЕТІСУЛЫҚ БАҚТИЯР ТОП ЖАРДЫ

ЖЕТІСУЛЫҚ БАҚТИЯР ТОП ЖАРДЫ

   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен қатысты Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» тақырыбында өткен VIII Азаматтық форумына мемлекеттік және халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ және бизнес қауымдастықтың өкілдері мен қоғам қайраткерлері жиналды. Басты мақсаты – азаматтық сектордың, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының ашық диалогын дамыту болған форумда негізінен азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды.
   Форум аясында семинарлар, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, мүдделі ведомстволар басшыларымен салалық кездесулер түрінде 35 тақырыптық сессия ұйымдастырылды. Аталған сессиялар БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының құрамына кіретін тиісті мақсатты топтарды қамтыды.
    Сонымен қатар елімізде азаматтық қоғамның құрылуына және дамуына айрықша үлес қосқан қоғамдық ұйым өкілдері марапатталды. Алматы облысының «Жастарға қолдау көрсету» қоғамдық қоры Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік сыйлықақының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің атынан арнайы диплом және 1 млн. 200 мың теңге көлемінде сыйлықақыны «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова жастарды қолдайтын ұйымның басшысы Бақтияр Бақыткелдіұлына салтанатты түрде тапсырды.

"ЖЕТІСУ - АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз