АМАНДЫҚ БАТАЛОВ - ЕҢ БЕЛСЕНДІ ӘКІМ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ - ЕҢ БЕЛСЕНДІ ӘКІМ

   Қазақстандағы рейтингі жоғары ақпараттық  NUR.KZ  сайтының ұйымдастырған "Халық дауысы" сауалнамасында облыс әкімі Амандық Баталов екі номинация бойынша үздік болды. 

 

1. "Жыл адамы" жүлдесінің Гран-при иегері Амандық Ғаббасұлына 1065 адам ұнату белгісін басқан. Бір адам тек бір рет қана дауыс бере алады. Екінші орынды Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов (214 ұнату белгісі) алса, үшінші орынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов (125 ұнату белгісі) тұрақтады. 

2. "Ең белсенді әкім" номинациясында да облыс әкімі Амандық Баталов үздік шықты. Аталған номинация бойынша Амандық Ғаббасұлына 1265 адам ұнату белгісін қалдырған.  Екінші - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов (206 адам дауыс берген), ал үшінші болып Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  (141 дауыс) орналасты. 

 

Оқи отырыңыз