"ЖЕТІСУ" ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ЕКІ ҰШАҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

     «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талдықорғанға L-410 маркалы екі жаңа ұшақ келді. Облыс әкімі Амандық Баталов әуежайдан жаңа ұшақтарды күтіп алып, құттықтау сөз сөйледі.

 

-Жаңа жылды көптеген игі істермен бастап отырмыз. Жақында ғана "Лесная сказка" демалыс аймағын ашып, халықтың демалуға, спортпен шұғылдануына жағдай жасалды. Облыс экономикасының дамуы - тұрақты. Барлық жоспарланған индикаторлар орындалды. Бүгін "Жетісу Авиакомпаниясы" құрылғаннан бері бірінші рет жаңа ұшақтарды алды- деді Амандық Ғаббасұлы.  

Ұшақтар Чехиядан 2018 жылы шыққан. Жолаушылар отыратын орындар саны - 19. Ұшақтардың біреуі - Талдықорған-Үшарал-Талдықорған, ал екіншісі Талдықорған-Астана-Талдықорған бағытында ұшады.  

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ".

Оқи отырыңыз