Тағайындау

Тағайындау

Тағайындау

Алматы облысы әкімінің өкімімен Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Батыржан Құлаймергенұлы БАЙЖҰМАНОВ - 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – ғалым агроном, менеджер. 2008 жылы «Децентрализация» бағдарламасы арқылы Дьюка университетінде (АҚШ) білім алды.
Еңбек жолын 1999 жылы бастап, Алматы қаласындағы бизнес құрылымдарында жұмыс істеді. Әр жылдарда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аға маманы, сарапшысы, ҚР Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы, «КазАгроИнновация» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 
2015 жылдың қазан айынан – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және тағы 3 медальмен марапатталған.

Оқи отырыңыз