Бағдарлама барысы қаралды

Облыс әкімінің Алматы қаласындағы өкілдігі ғимаратында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов осы аймақтағы алты ауданның әкімдері мен орынбасарларының, банк өкілдерінің, құрылыс, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшыларының басын қосып, алқалы жиын өткізді. Онда Елбасының «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Жиын барысында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Болат Тәкенов аталған бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Бас құрылысшының айтуынша, осы күнге дейін облыста «7-20-25» бағдарламасы бойынша 82 ада...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 35 Уақыты: 16.11.2018

Қоғамның қозғаушы күші

Талдықорғандағы жастарға қызмет көрсету орталығында екі күндік жастар форумы өтті. Оған үкіметтік емес ұйым өкілдері, оқу орындарының жастар істері жөніндегі комитетінің төрағалары, аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтары филиалдарының қызметкерлері, жастар істері бойынша ауылдық округтердің нұсқаушылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар ұйымдарының өзара қарым-қатынасын нығайту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, еліміздегі мемлекеттік электрондық қызметті дамыту. Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев:...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 33 Уақыты: 16.11.2018

Жетісулықтар үздік шықты

Астанада «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған шаралардың бастауы ретінде өткен Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумына мыңнан астам қонақ пен 600 партия мүшесі қатысып, саяси ұйымның жаңа Концепциясының қабылдануына куә болды. Форум жұмысына Жетісу өңірінен қатысқан 43 делегат Концепцияның талқылауына ұсыныс қосты. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған республикалық форум қорытындысында өткен пленарлық отырыста «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасы, партия Төрағасының құттықтау сөзін оқып, Мемлекет басшысының форум қаты...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 36 Уақыты: 16.11.2018

Өнім Қытайға шығарылады

Алдағы екі жылда Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімдерінің 20-дан аса түрі Қытайға экспорттала бастайды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында Қытайдың Бас кеден басқармасының төрағасымен 2019 – 2020 жылдары Қытайға экспорттайтын ауылшаруашылығы өнімдерінің жиырма түрі туралы Жол картасына қол қойылды. Бүгінгі таңда он үш тауар түрі бойынша он үш хаттамаға қол қойылды, тағы үш хаттама ҚР Премьер-Министрінің ҚХР-ға ресми сапары кезінде қол қоюға келісілді. Жаңа жиырма хаттамада...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 35 Уақыты: 16.11.2018

Жаңа әліпби емлесі

Облыс орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбында кездесу өтті. Шараға қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметшілері мен тілтанушы ғалымдар қатысты. Жиынды Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Эльмира Мұқышева жүргізді. Бірінші боп мінберге көтерілген А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі инстит...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 35 Уақыты: 16.11.2018

Теңге - тәуелсіздік белгісі

Облыстық қазынашылық департаменті мен аудандық қазынашылық бөлімінің қызметкерлері Қаржыгерлер күнін атап өтті. Департамент жиынжайында кездескен сала мамандары қаржыгерлердің қоғамдағы орны жайлы әңгіме өрбітіп, өңірдің экономикалық ахуалы турасында сөз қозғады. Жиында облыстық қазынашылық департаментінің директоры Таңат Айдарбеков әріптестерін құттықтады. – Елімізде 15 қараша – айтулы күн, өйткені, барша қауым Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күнін мерекелейді. Бұл күн – еліміздің мәртебесін көтеру үшін қызмет ету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан, елдің алғысы мен ық...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 31 Уақыты: 16.11.2018

Жемқорлықпен күрес айлығы жарияланды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен брифинг өтті. Онда өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық жарияланғандығы хабарланды. Қоғам індетіне қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақ пен жастардың құқықтық санасы мен мәдениет деңгейін арттыру мақсатында облыс әкімі Амандық Баталовпен келісіліп, «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай, облыс көлемінде қырықтан астам іс-шара өтед...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 29 Уақыты: 16.11.2018

Сот отырысы жеңілдейді

Облыстық соттың ғимаратында пилоттық жобалардың таныстырылымына арналған пресс-тур өтті. Онда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар көрініс тапты. Шараға облыстық сот төрағасы Мейрамбек Таймерденов, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Досымбет Қалдарбек, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Советхан Сәкенов және Соттар әкімшісінің басшысы Манас Бурашев қатысты. Сонымен қатар, облыстық соттың судьялары мен аудандық соттар төрағалары да тәжірибе алмасты. Пресс-турға қатысушылар бірінші кезекте Құқықтық қызмет орта...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 29 Уақыты: 16.11.2018

Әдеп - тәрбие негізі

Ардагерлер үйінде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Өмірәлиев пен «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы Ержан Дүйсембаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.​ Осы орайда сөз алған Талғат Өмірәлиев Елбасының Жарлығымен әрбір басқармаға және аудандарға Әдеп жөніндегі уәкіл бекітіліп, барлығы 42 адам облысымызда жұмысын бастап кеткенін тілге тиек етті. – Қазір жастарды мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылдайды. Алайда олардың кейбір...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 29 Уақыты: 16.11.2018

ҚОЖАЛЫҚТАҒЫ ҚЫЗУ ЕҢБЕК

Көксу қант зауытының іске қосылуы ескелділіктердің үмітін үкілей түсті. Олардың тіршілігіне тәнті боласың. Аталған ауданның қант қызылшасы алқабындағы қызу жұмыс пен Бақтыбай ауылындағы «Дүйсенбінов» шаруа қожалығының игілікті істерін көргенде осындай ойға келдік. Қазіргі күнде қант қызылшасы жетісулықтардың төл дақылына айналды десек артық айтқандық болмайды. Өйткені, диқандар осы дақыл түрін егу, баптау, өсіру арқылы мол өнім алудың әдісін жетік меңгерді. Оған облыстағы қызылша өсірушілердің жыл сайын көбейіп келе жатқаны дәлел. Осы тұрғыда ескелділіктер білек сыбана еңбек ету...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 70 Уақыты: 14.11.2018

Оқи отырыңыз