ДАМУ - ӨМІР ӨЗЕГІ

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өткізген кезекті селекторлық жиында келелі мәселелер қаралып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы баяндалды. Алматы агломерациясын 2030 жылға дейін дамытудың ұзақмерзімді жоспары жайында айтылып, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру мәселелері талқыланды. Алғашқы мәселе Жамбыл облысындағы жолаушылар пойызының теміржолдан шығып кету себебін анықтап, апаттың салдарын жою мақсатында атқарылар істі үйлестіретін штаб жұмысынан басталды. Алғашқы сөз алып, бейнеконференция арқылы ба...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 98 Уақыты: 25.06.2018

Жүз жасаған "Жетісу"

"Жетісу" газеті бүгін жүзге толды. Газет осыдан тура бір ғасыр бұрын, яғни, 1918 жылдың 21 маусымы күні «Жетісу ісші халық мұхбыры» атауымен халыққа тарады. Содан бері оқырмандарымен бірге жасап, талай аумалы-төкпелі заманды басынан өткерді. Қазіргі кезде ата басылым ретінде қазақ руханиятында алар орны ерекше. Мерейлі мерекемен облыстық "Огни Алатау" газетінің ұжымы арнайы құттықтап келіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Құшақ толы гүлдерін ұсынып, сый-сияпат тарту етті. Құстың қос қанатындай қос газеттің бас редакторлары Әміре Әрін мен Атсалим Идигов екі ба...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 209 Уақыты: 21.06.2018

Түркістан - облыс орталығы

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа жария түрде қол қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы жарлыққа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкент миллионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қосылғанын айтты. – «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес бүгін мен қол қоятын жарлық Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әк...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 73 Уақыты: 21.06.2018

Демалыс орындары мобильді интернетпен қамтылды

«Кселл» компаниясы «Бұқтырма» су қоймасының маңында 3G және 4G / LTE қолдайтын базалық станциялар орнатты. Ғаламтормен барлық негізгі демалыс орны қамтылды. Енді компания абоненттері жазда жоғары жылдамдықты мобильді интернетті пайдалана алады. Барлығы 6 жаңа станция орнатылды. Төртінші буын интернеті «Голубой залив» және «Айна» демалыс орындарының маңында қол жетімді болды. Үшінші буын интернеті «Мохнатка», «Аюда» және Жаңа Бұқтырма ауылдарында пайдалануға болады. «Осы аймақта мобильді интернетті қамту процесі...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 65 Уақыты: 19.06.2018

Еркін елдің ертеңі

Салтанатты кешті көруге келген халықтың қарасы мол. Қолына құшақ-құшақ гүл ұстаған ата-аналар мен ағайын-туыстың арасында аттап өтер жол жоқ. Бірінің көңілі қызғалдақтай құлпырып тұрса, бірінде қобалжу басым. Сөйтетіндей де жөні бар. Кеше ғана партада отырған балапан бүгін қырандай қияға қанат қақпақ. Мектеп табалдырығынан тарыдай болып аттаған бүлдіршіннің көзді ашып-жұмғанша таудай азамат болып шыққанын ешкім де аңдамаса керек. Міне, бүгін, дәл осы сәттен бастап түлектер мына асау өмірдің тағы бір бекетін артқа тастамақ. Біздің көзімізге қарақұрым халықтың ортасын қақ жарып, алдыңғы қатар...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 70 Уақыты: 17.06.2018

Аграрлық сала басты назарда

Елбасы кезекті Жолдауында «Ауылшаруашылығы ел экономикасының негізгі қозғаушы күші болуға тиіс» деп отандық агроөнеркәсіптік кешенді жаңаша бағытпен дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берді. Осы орайда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ҚР Парламенті Мәжілісі аграрлық комитетінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Божко қатысты. Маңызды басқосу «Агроөнеркәсіптік кешен саласына білікті маман даярлау және ауылшаруашылық өндірісіне IT технологияларды енгізу» тақырыбына арналды. Көшпелі отырыстың Мемлекет басшысы айқындаған міндеттемеле...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 102 Уақыты: 14.06.2018

«XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық, шетелдердегі отандастарымызды қоса алғанда, ізденушілер шақырылады. Байқау жұмыстары қазақ, орыс және Қазақстанның басқа этностарының тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ, шетелдік ізденушілерге өздерінің қалаған тілін таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын мем...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 65 Уақыты: 14.06.2018

Балалар үшін қауіпсіз интернет

Kcell және Activ абоненттері Android үшін Kaspersky Internet Security және Kaspersky Safe Kids өнімдерін қамтитын «Ата-ана бақылауы» қызметін қоса алады. Қызмет балалардың интернетте қауіпсіздігін және ата-аналардың тыныштығын қамтамасыз етеді. Балалар демалысқа шығып, қазір олардың смартфон мен интернетке бос уақыты көп. Қабылданатын ақпараттың көптігіне орай, онлайнда балаларды ақпараттық қауіптен қалай қорғауға және желіде ыңғайлылықты қалай қамтамасыз етуге болады деген сұрақ туындайды. «Ата-ана бақылауы» қызметі баланың ақпараттық кеңістігін мыналардан қорға...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 95 Уақыты: 12.06.2018

Ел мүддесі ескеріледі

Бабаларымыз батыстағы Қара теңізге де, шығыстағы Сары теңізге де ат суарып, айшықты із қалдырған. Қарт тарихтың қойнауында көк түріктердің кемел мемлекеті туралы талай айғақты дерек бар. Сенбі күні сан мың адамның басын қосып, келелі келіссөздер жүргізілген Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті дәл осы Сары теңіз жағасында өтті. Сегіз мемлекеттің Туын желбіреткен тарихи басқосуға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қатысып, алып Азияның назарын тез арада шешімін табуы тиіс жеті бағытқа аударды. Саммитке Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Пәкістанның, Ауғанстан...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 80 Уақыты: 12.06.2018

ҚАЗАҚ РАДИОСЫ Түркия әуе толқынында

Еліміз дербес мемлекет атанып, Тәуелсіздігін алғаш жариялаған сәтте құшағын айқара ашып, шын жүректен қуанған ел Түркия екені баршамызға аян. Міне, содан бері бауырлас екі ел арасындағы достық қарым-қатынас қанатын кеңге жайып келеді. Сол ынтымақтастық бүгінгі таңда стратегиялық маңызы бар әріптестік деңгейге жетті. Жуырда «Қазақ радиосы» мен Түркияның ТРТ телерадиокорпорациясы арасында шығармашылық байланыс орнап, біздің әріптестер сол елдің әуе толқынынан қазақ тілінде тұңғыш рет хабар таратты. Аталған шара достықтың алтын көпіріне айналған тағы бір игі қадам болды. "Қаз...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 44 Уақыты: 11.06.2018

Оқи отырыңыз