Ғұлама

(Академик Ерғали Нүсіпов туралы естелік-эсседен үзінді) Құшағы оттай ыстық сахарадай, Көңілі алып ұшқан шағаладай. Алдымнан «көкем-ай» деп шыға-тұғын, Сендерді сағындым ғой, ағалар-ай! – деп шарықтата шырқалған ән тұла бойымды шымырлатып жіберді. Ерағам есіме түсіп, кеуде тұсым шым-шым ете қалды. «Қайран Оспанхан аға! Сағыныш сезімін бірауыз сөзбен қалай дәл суреттеп берген», – деп түрлі естеліктерге түсіп кеттім. Көз алдымда жүрегімді баяу тербеткен қуанышты сәттер елестеді. Сонау бір жазда дәл осылайша Алматыдан Кегенді бетке алып,...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 59 Уақыты: 01.06.2018

Машинист

Машинист – ерлік пен үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Теміржолда зымыраған отарбаны тізгіндеп, қаншама адамның тағдырына жауапты машинистің жұмысы көпке беймәлім. Күн-түн демей пойыз жүргізу оңай шаруа емес екені анық. Осыған орай шойынжол үстінде жүйіткіп, мерейлі мамандықтың мерейін тасытып жүрген машинист қызметкерімен жолығып, жұмыстың жай-жапсарын білген едік. – Пойызды тізгіндеу – көлік жүргізу емес. Әлдеқайда қиын. Бір вагонда 60 орын бар. Пойызға 10-15 вагон тіркеледі. Кем дегенде 700 адамның тағдыры қолыңда тұрғандықтан пойыз жүргізу үлкен жауапкерші...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 58 Уақыты: 01.06.2018

Аңшылық ойын емес

Бір әңгіме есіме түсіп тұрғаны. Шатаспасам жазушы Рақымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы» атты хикаяты-ау деймін. Сонда ұлы жорыққа аттанған қалың түмен жүгірген аң, ұшқан құсты азық етіп, аш өзегін жалғайды. Десе де кезіккенін қынадай қыруға рұқсат жоқ. Шыңғыс ханның пәрмені сондай. Жылт еткен көктемнен қара күзге дейін қару көтертпейді. «Аң төлін, құс балапанын өргізер шақ. Тұқымы үзілмесін, алаңсыз аяқтансын, түбітін түсірсін» деген тілек. Ал қарашаның қатқағынан өгіздің өзін өкірткен ақпанның аяғына дейін қалай ауласаң да еркің. Қолын қақпайды. Шыны керек,...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 57 Уақыты: 01.06.2018

Жоғары білімнің жаңа белесі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы бірқатар тапсырмаларды іске асыру жұмыстары елімізде жан-жақты жүргізілуде. Оның жалғасы болған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» міндетінде өзекті мәселелер қамтылған. Осы орайда, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде атқарылып жатқан ауқымды істерге тоқтала кеткенді жөн көрдік. Аталмыш оқу ордасының бірінші проректор &nda...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 36 Уақыты: 01.06.2018

Тау етегіндегі тай жарыс

Астананың 20 жылдығына А. Түркебаев мектебінің 90 жылдығына орай Кеген ауданы, Саты ауылында 2005–2007 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен аудандық ашық біріншілік өтті. Аталған жарысқа 8 команда, 70-ке жуық спортшы қатысып, 8 салмақ дәрежесінде кім мықтыны анықтады. Көрікті Көлсайдың етегінде орналасқан ауылдағы жарысқа еліміздің даңқын әлемге танытқан балуандар Нұрбақыт Теңізбаев, Марғұлан Әсембеков, Азамат Дүмбіров, Ербол Қоңыратов қатысты. Салтанатты шарада жас жеткіншектердің алдында сөз сөйлеген чемпиондар, балғын балуандарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта ел на...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 38 Уақыты: 01.06.2018

Сарыарқаны саз тербеді

Жеті нотаға жан бітіргенде Жетісуда туғанына шексіз риза болғандай кейіпке енеріміз, шырайлы да әрлі, нәрлі шы­ғар­машылығына деген аңсар сезімнен бе, белгісіз бір ғажайып жұм­бақ күйге түсеріміз хақ. Түп-тамырын қуалай келсең, бекзат өнер­дің тастүлектерін бесігінде түлетіп, тұғырынан ұшырған тек­ті елдің сол бір төл перзенттеріне деген құрметтің қадым за­маннан мысқалдай кемімегендігін аңдайсың. Арғыдан шолсаң, сал мен серілері саз төккен, жыраулары мен ақындары ән қа­натын қақтырып, жырдан моншақ тақ­ты­рып, сайын далада сап құрып жүргенін көзге бір елест...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 34 Уақыты: 01.06.2018

Қазақстандықтар отандық эстраданы таңдайды

«Кселл» компаниясының Mobi music пен Bookmate қызметтерінің жазылушылары қазақстандық музыканы және өзін-өзі жетілдіру кітаптарын таңдайды. Компанияның деректеріне сүйенсек, 395 қазақстандық орындаушылардың ішінен ең танымал үштікке Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас және Қанат Үмбетов кірді. Дәл осы әртістердің әндерін жазылушылар басқа әншілерден гөрі жиі тыңдайтын болып шықты. Іріктеп алынған дайын музыканың ішінен Mobi music-те ең танымалы – «Хиты дня», «Хит-парад казахстанской музыки» және «Домашний уют» қызметтері. Жанрларға тоқталатын бо...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 104 Уақыты: 01.06.2018

БАЛДӘУРЕНІМ - БАЛ ШАҒЫМ

Есік алдындағы ескі әткеншекке дүниенің қызығы байланып тұрғандай көрінетін бізге. Таң алакеуімнен кезекке тұрған тәмпіш танау ауыл тентектері арқанға асылған қарағайды күні-бойы ермек қылатын. Аядай ғана ауланы ауыл балабақшасы дерсің. Қашан көрсең үй көрмей ойнайтын бұзықтардың күлкісі бір толастамайды. Оларға әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Егістікке кеткен ата-аналарының жоқтығын пайдаланып құмары қанғанша ойнайды келіп. Иә, балалық шақтың әрбір белесінен аттап өтсең ұзын сонар әңгімеге тап боласың. Сыр тартсаң санада жаңғырып, сартап сағынышқа ұласады. Өз алдына дербес мемлек...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 63 Уақыты: 30.05.2018

МЕН ДАРЫНДЫ БАЛАМЫН

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балғындардың «Мен дарынды баламын» фестивалі бесінші мәрте ұйымдастырылды. Аталмыш байқау бұған дейін де дәстүрлі түрде жалғасын тауып, жаны жараланғандардың жүрегіне жылылық сыйлаған болатын. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген шара биыл да әр балғынды шаттыққа бөлеп, көңіл көкжиегін кеңейтті. Көңіліңді тербеп, жаныңды аяушылық кернеп кететін сәт те осы. Иә, тағдырдың түрлі соқпағына түсіп, күтпеген тосқауылға тап болған т...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 72 Уақыты: 30.05.2018

АРХИВ - ТАРИХ МЕКЕНІ

Балпық би ауылында Алматы облысының мемлекеттік архивінің Көксу филиалының ашылу салтанаты өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен өткен шараның шымылдығын Көксу ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Халелов түріп, барлық талапқа сай жасақталған жаңа мұрағат мекемесінің ашылуы аудан тұрғындары үшін қайталанбас тарихи сәт екенін атап өтті. «Халық игілігіне берілген бұл нысанның жалпы аумағы 294,3 шаршы метрді құрайды. Бүгінде ауданның мемлекеттік сақталуында 85 қор, 19000 бірлік жәдігер бар. Оның ішінде 11151-і жеке іс қағаздары. Бұған қоса ауд...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 58 Уақыты: 29.05.2018

Оқи отырыңыз