Бейбіт елдің беделі

Достасқанға қастасқан халық емеспіз. Арғы-бергі тарихымызды таразыласақ, оң ниетпен келгенге опасыздық жасаған жеріміз жоқ. Ақ пейілмен босағамызды аттаған әрбір бейтанысты жөн біліспей жатып-ақ құшақ жая қарсы алатын тектілікке иеміз. Көңіл қимайтын қымбат дүниемізді қонаққа сақтадық. Томаға-тұйықтық бізге бағзыдан жат. Есігіміз ерте заманнан ілгексіз. Қанымызда бар осы құндылықтар Қазақстанды саясат сахнасында үлкен абыройға бөледі. Қазір елімізді әлем ашық, тату, барыс-келісті, алыс-берісті құп көретін демократиялық дамушы мемлекет ретінде таниды. Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жуырда сырт елде...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 411 Уақыты: 01.12.2016

Бір күнде 2385 сәби балабақшаға барды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында облысымызда бір күнде 25 заманауи балабақша ашылды. Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында «Нұрлы Жол» бағдарламасымен салынған балабақшаның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты. «Балбөбек» балабақшасы 320 орынға арналған. Мекемеде 16 топ бар. Мұнда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады. – Бүгін Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 балабақша ашып отырмыз. Бұл облыс тұрғындары үшін аса маңызды әрі үлкен шара»...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 446 Уақыты: 01.12.2016

Су электр стансысы ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай Сарқан ауданының Қойлық ауылында бой көтерген «Лепсі – 2» су электр стансысының ашылу салтанаты болды. Оған аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков бастаған ауданның атқамінер азаматтары, ақсақалдар мен студенттер көптеп жиналыпты. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов арнайы қатысып, жаңа нысанның лентасын қиды. Өңір басшысы көпшілікті қуанышымен құттықтап, өңірдің электр қуатына деген қажеттілігін шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыс барысын сөз етті. – Қадірменді көпшілік, сіздерді өңір өнді...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 381 Уақыты: 01.12.2016

Отандық өнімге сұраныс көп

«Жері байдың – елі бай» деп бекер айтылмағандығы топырағы құнарлы, жері шұрайлы Талғар ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігінен анық аңғарылары хақ. Ауданның экономикалық-әлеуметтік ахуалы жылдан-жылға жақсарып, қай салада болмасын қарқынды даму бары байқалады. Бұған Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы талпыныстары тың серпін беріп, жарқын келешекке жол тартқан Ұлы Дала елінің ырысын тасытып, береке-бірлігін ұйыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары дәлел. Жетісудың түгін тартса майы шығатын өңіріне арнайы ат басын бұрған өңірлік коммуникациялар қ...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 428 Уақыты: 29.11.2016

Мамандықтың ең үлкені - адамгершілік

Аға буынның айтары бар. Әрине, халық даналығына сүйеніп сөйлесек, жастығында байқары болған бұлардың. Әйтпесе, әңгімесі әр нәрсенің басын бір шалып, тектілік пен тәрбиеге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қоңырсыған қойыртпақты сөз қылушы еді. Тек олар жеткізген жетелі ойды құлақпен емес, жүрекпен тыңдайтын талапты жас жолықсын деңіз. Жастарға қызмет көрсету орталығында өткен «Әдептілік әкеден» атты кездесуде қос мейман өмірден түйген өнегелерінен сыр шертті. Алматы облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, қаламгер Наурыз ҚЫЛЫШБАЕВ пен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, &...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 327 Уақыты: 29.11.2016

Жемқорлықпен күрес ортақ міндет

Қоғамның жегі құрты – сыбайлас жемқорлықты болдырмау бүгінгі күннің басты талабы. Алайда мемлекеттің қаржысын қарпып қалуды көздейтін ниеті бұзықтардың қадамы көптеген зиян келтіріп, жоспарланған жобаны аяқсыз қалдырады. Дегенмен, құқық қорғау органдарының қырағылығының арқасында сыбайлас жемқорлық әшкере болып, кінәлілер жазаланады. Осындай өзекті мәселелер «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында өткен партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бейнеконференциясында айтылды. Алдымен сыбайлас жемқорлықтың зард...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 354 Уақыты: 28.11.2016

Жауапкершілік жүктелді

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен алқа жиыны өтті. Оған барлық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты. Жиында Балқаш және Ұйғыр ауданы әкімдері аппаратының тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бақылау жүргізу жұмысы туралы облыс әкімінің аппарат басшысы Сұлтан Дүйсембінов баяндама жасады. Ол өз сөзінде көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мерзімін сақтау бойынша бақылау жоспары құрылғанын, тоқсан сайын көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жасалатынын айтты. Сонымен қатар, қолданыстағы мемлекеттік қызметтер тізіміне сә...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 348 Уақыты: 28.11.2016

Тура биде туған жоқ

Қара қылды қақ жарған қазақтың үш биі – Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы және Әйтеке Байбекұлы ұстанған турашылдықтан тайқып кетпеуіміз тиіс. Олардың айтқан төреліктері ел аузында әлі күнге дейін сақтаулы. Тіпті, аты аңызға айналған үш қазыны былай қойып, иісі қазақтың басын бір тудың астында қосқан хан Абылайдың ақылшысы Бұқар жыраудың әділдігі де бүгінгінің билеріне үлгі. Апта басында Астананың Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ осындай ой өрбітіп, сот төрелігіне жауапты тұлғаларға халқымызды әділдікке үндеп келген...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 575 Уақыты: 24.11.2016

Жетістік сараланып, мақсат айқындалды

Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХIХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиында партия филиалының төрағасы, облыстық филиалдың Саяси кеңесінің, бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков құрметті қонақ ретінде қатысқан жиынды облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталов ашып, жүргізіп отырды. Алқалы жиын делегаттары мен конференция қонақтары алдымен облыстық партия филиалының 2015 – 2016 жылдарда атқарған жұмысы турал...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 545 Уақыты: 24.11.2016

Кемшілік түзетілуі тиіс

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Талдықорған қаласындағы кейбір әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Ол ғимараттардың жылу жағдайы мен медициналық көмектің сапасына баса назар аударды. Бір сөзбен айтқанда медициналық нысандар мен білім беру мекемелерінің бүгінгі тіршілігін бағамдап қайтты. Жақсылық Мұқашұлы бірінші болып Талдықорған қалалық емханасына бас сұқты. Жуырда ғана сыртына жөндеу жұмыстары жүргізілген мекеменің ішкі тазалығын тексеріп, барлық бөлімдерін аралап, кемшіліктерін көзімен көріп қайтты. Ақ халаттылардың тілегін тыңдап, емхана ішіндегі жылылыққа баса мән берд...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 346 Уақыты: 24.11.2016

Оқи отырыңыз