КЕМШІЛІКТЕР ТҮЗЕТІЛУГЕ ТИІС

Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасарлары мен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Жетісу жерінің жетістіктері мен көрсеткіштері туралы сөз қозғалған жиында атқарылуы тиіс міндеттерге орай аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырма берген облыс әкімі Амандық Баталов алдымен өз орынбасарларын тыңдап, сала бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысты. Алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов өңірде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жай-күйін баяндап, пайдалануға берілуі тиіс ғимараттардың дайындығын әңгімеледі. Оның айтуынша,...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 59 Уақыты: 22.05.2018

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

Жер жаннаты Жетісудың рухани азығына, тыныс-тіршілігінің айнасына айналған ғасырлық ғұмыры бар «Жетісу» газетінің мерейтойлық іс-шараларының бірі – оқырмандармен кездесу болатын. Мәні мен мазмұны бөлек бұл басқосуды талғарлық оқырмандарымыз да асыға күтті. Руханияттың қара шаңырағына айналған Талғар аудандық кітапханасында ұйымдастырылған кездесуге «Жетісу» газетін жата-жастана оқитын көнекөз қариялар бастаған қалың оқырман жиналды. Ғасырлық мерейтойды арқау еткен жиынға «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейрам...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 85 Уақыты: 22.05.2018

АҚЫН МҮСІНІ МЕКТЕПТЕ

Жайсаң ауылындағы орта мектепте Қазақстанның Халық ақыны Әсімхан Қосбасарұлының мүсіні орнатылды. Ақын ескерткішінің ашылуына ауыл ақсақалдары мен тұрғындар, алыс-жақындағы туыстары және өзге де құрметті қонақтар келді. Салтанатты шара мектеп мұғалімі Өкей Абайдың арнау жырымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Дастан Шалтабаев өз сөзінде Ұлы Отан соғысының және Фин соғысының ардагері, Сүйінбай мен Жамбылдың жыр дәстүрін жалғастырған Әсімхан Қосбасарұлының өлеңмен өрілген өмір жолына кеңінен тоқталды. Ол ұлттық құндылықтарды ұлықтау бағытында атқарылған мәдени іс-шараның Елбасы Н....
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 51 Уақыты: 22.05.2018

Төрт айдағы табыс толымды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төрағалығымен өткен алқа отырысында төрт айдың әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен жылыту маусымы қорытындыланып, алға қойған межелі міндеттер пысықталды. Жиынға аудан, қала әкімдері, облыстық деңгейдегі департамент пен басқарма басшылары, мәслихат хатшылары, құқық қорғау органдары мен кәсіподақ ұйымдарының, «Нұр Отан» партиясы филиалының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыс әкімі Амандық Баталов алдымен күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелермен таныстырды. Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов төрт айдың ішінд...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 76 Уақыты: 18.05.2018

Құрылыс нысандарын аралады

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов жұмыс сапарымен Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында болды. Өңірлерде жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысты. Жұмыстың сапасына, қарқындылығына назар аударды. Мердігер ұжымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді қалай атқарып жатқандығына көңіл бөлді. Лаззат Махатұлы алдымен Іле ауданына атбасын бұрды. Бүгінгі таңда бұл аймақта 18 бюджеттік және 82 коммерциялық бағыттағы нысан салынып жатыр. Сонымен қатар, 282 тұрғын үйдің құрылысы да қарқын алуда. Алматы сияқты алып мегаполистің іргесінде орналасқандықтан, мұнда халық көп қоныстанған....
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 86 Уақыты: 18.05.2018

Домбыра - қазақтың екінші аты

Сөз жоқ, біз Ұлы Даласын домбыра үні кернеген кемеңгер халықтың ұрпағымыз. Дәлелдеуді қажет етпейтін бұл қағида қазаққа тән аксиомаға айналғалы қашан?! Алайда... Дәстүр мен даңғаза қанаттасқан қазіргі қызылды-жасылды қоғамда екі түрлі пікір, екі түрлі көзқарас қаз-қатар айтылатыны жасырын емес. Бірі мақтайды, бірі даттайды. Бірі қолдайды, бірі қорлайды. Қысқасы, бір мәселе аясында екіге жарылып, қызыл езу болып қырқысып жататындар көп. Әттең, пікірталас ұлт болашағы төңірегінде өрбіп, мемлекетке қалай өз үлесімді қосамын деген тақырып аясында тарқатылса құба-құп дер едік. Ең қорқыныштысы әрі қ...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 85 Уақыты: 18.05.2018

Әсерлі кездесу

Газеттің өзі бір күндік, сөзі мың күндік. Облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына орай Іле аудандық кітапханасында оқырмандармен кездесу өтті. Шараға «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов пен «Жетісу» газетінің редакция меңгерушісі Қуаныш Тұнғатар, «Огни Алатау» газетінің меншікті тілшісі Рамазан Елешов, мектептердің ұстаздары, аудандық «Іле таңы» газеті, кітапхана, аурухана қызметкерлері қатысты. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан», – деген сөз бар. Кездесу ба...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 73 Уақыты: 18.05.2018

Жүз жасаған "Жетісу"

«Геродоттың заманында газет-журнал болғанда ол «тарихтың атасы» емес, «журналистердің бабасы» деген атақ алар еді...» деген болатын бірде қазақтың әйгілі жазушысы Дулат Исабеков. Сөз ауаны бірер жыл арыда, замандасымыз, талантты журналист Нәзира Байырбектің «Журналистің жұлдызды сәттері» атты жинағының тұсаукесерінде айтылған болуы керек, қазір дәл есімізге түспей тұрғаны... Адамзат өзінің өткенінен алыстаған сайын шежірешіл бола бастайды. Ақыл-ой прогресінің дамуы жаңашылдыққа жетелеп, келер күнге үндеген сайын көңіл түкпірінде сағыныш пен қима...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 82 Уақыты: 18.05.2018

Бақыт құшқан бақ мекен

Жүріп келеміз. Екеудің бірі үнсіз, бірі жадыраңқы. Мамырдың мамыражай күні шұғыласын төге елжірейді. Көше лайсаң болса да көңіл жайсаң. Тағдырдың тарғалаңы мен тауқыметін бастан кешкен тасжолдар бәз-баяғы қалпы. Ғасырға жуық уақытты басынан аунатқан ауылдың арса ағашы мойнын көкке созып, менмұндалап тұрғандай. Құдды алыстан ат арылтып келген қонақты күтуге дағдыланған келіншек кейпінде. Найқара тербелген теректер нарау тіл қатады. Самалы қуанышын жасыра алмай бетімізді сипай сүйетіндей. Бізді туған жерге деген сартап сағыныш Мұса пайғамбардың ақ бұлтындай алға жетелеп келеді. Ерте, ерте, ер...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 79 Уақыты: 18.05.2018

Спорт сын көтермейді

Әркім өз саласы бойынша еңбек еткенде ғана табысқа жетпек. Ауыл мен аудандық жерлерде өз мамандығының қызығы мен қиыншылығын көріп, маңдай терін төгіп жатқандар саусақпен санарлық. Бұл – тікелей өңір спортының дамуына қарата айтылған сөз. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен өткен жиында осы айтылған әңгіме өзекті тақырыпқа айналды. Қазіргі таңда әдіскерлердің бұқаралық спортты дамытудағы негізгі міндеттерін орындау сапасы жеткілікті деңгейде емес. Жиында айтылғандай, облысымызда қазіргі кезде 253 спорт әдіскері бар. Оның 65 пайызы бұрын спорт саласында жұмыс істем...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 60 Уақыты: 18.05.2018

Оқи отырыңыз