“Нұр жолы” өткелі ашылды

Өткен бейсенбіде Қорғаста «Нұр жолы» жаңа шекаралық транспорттық өткелін іске қосу­дың халықаралық салтанаты өткізілді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ауқымды жобасының нәтижелі аяқталуын айқындайтын тарихи оқиға. Аталған бағдарлама Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзинь­пиннің «Бір белдеу, бір жол» жобасымен сабақтасып, Ұлы Жібек жолын қазіргі заманға сай қайта құруға бағытталған. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясынд...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 124 Уақыты: 01.10.2018

Елбасы тапсырмасы – ел мүддесі

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен селекторлық кеңес өтті. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдаулары, Ұлт жоспары, Бес әлеуметтік бастамасы бойынша, Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында, Қауіпсіздік кеңесінің басқосуында, Парламент сессиясында және өңірлерге сапары кезінде берген тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды. Кеңес барысында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың Президент тапсырмаларын орындау аясындағы жұмыстары жан-жақты талқыланды. Премьер-Министр орынбасарларының, министрлер мен облыс әкімдерінің...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 116 Уақыты: 01.10.2018

Қант қызылшасын қабылдауда

Ақсу қант зауыты биылғы маусымдық жұмысынбастады. Алғашқы күннің өзінде зауыт шаруа қожалықтарынан 600 тонна өнім қабылдады. Он жылдан аса уақыт тоқтап тұрған кәсіпорынның қазандықтары кезек-кезекпен жаңартылуда. Биыл кәсіпорын қызылшаны қайта өңдеуден өткізуге арналған бірнеше жаңа қондырғы сатып алды. Зауыт директоры Самат Мәдірбаевтың айтуынша, қолданысқа берілген күннен бері кәсіпорын қондырғыларының 60 пайызы жаңартылған. Бүгінде онда 280 адам жұмыс істеуде. Ендігі міндет – зауыттың қабырғасын қалыңдату. Яғни, бірқалыпты температураны сақтауға мүмкіншілік туғызу. Жөндеу жұмысы ая...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 104 Уақыты: 01.10.2018

Тәртіптік іс қаралды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында 13 тәртіптік іс қаралды. Талдықорған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Эльмира Мұқышеваға қатысты тәртіпті істі Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының бас маманы Жандос Нұрмаханов таныстырды. Оның айтуынша, қалалық бөлімнің басшысы үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тілге арналған жиналысынан рұқсатсыз шығып кеткен. Соған байланысты шағым түсіргендер Эльмира Мұқышеваны мемлекеттік қызметкерге сай емес әре...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 104 Уақыты: 01.10.2018

Толғақты мәселелер талқыланды

Әкімдіктің кіші залында облыстық мәслихаттың денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, тіл, дін, этоносаралық қатынастар, білім, ішкі саясат, мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселері бойынша тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Жиынды облыстық мәслихаттың депутаты Жанболат Жөргенбаев жүргізді. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар бойынша алғашқы болып облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов баяндады. Баяндамашының мәліметінше, тұжырымдаманы іске асыру мақсатында...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 96 Уақыты: 01.10.2018

ҚАП ТАУЫНДАҒЫ БҮЛІК

Өткен апта көптеген жаңалығымен, бірталай жақсылығымен есте қалды. Соның ішінде көршілес Ресей Федерациясына қарасты Солтүстік Кавказ экономикалық ауданындағы Қабардин-Балқария елінде шыққан ұлтаралық қақтығыс көпшілікті елең еткізді. Бір елдің ішіндегі екі ұлт арасындағы араздық Кенделен ауылы арқылы өтпек болған шеруден шыққан. Осыдан 310 жыл бұрын Қанжал тауының үстіртінде орын алған соғыс тарихын жаңғырту мақсатында үзеңгіге аяқ салған қабардин жігіттері шағын ауылдың үстінен ат ойнатып өтпек болады. Алайда әлгі ауылда тұратын балқарлар оған қарсылық танытып, атты шерудің ауылдың сырты...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 89 Уақыты: 01.10.2018

Үш тіл білу - заман талабы

Ағылшын тілі – жаһандық тіл. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру бұл, ең алдымен, халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің талабы. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Президентіміз Н. Назарбаев: «Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар кәсіби байланыс құралы ретінде жапа-тармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керекті...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 99 Уақыты: 01.10.2018

ӨНЕР ӨРІСІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕДІ

Жақында Сарқан ауданындағы Черкасск ауыл-дық Мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін елді мекен тұрғындарына араға жылдар салып есігін айқара ашты. Аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков жұрт-шылықтың осынау қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін ортаға салды. – Өткен жылы Бақалы ауылдық Мәдениет үйі, Сарқан аудандық Мәдениет үйі, «Черкасск қорғанысы» музейі күрделі жөндеуден өтсе, биыл, міне, ширек ғасырдан бері пайдаланудан шығып, қабырғалары ғана қалқайып қалған Черкасск ауылдық Мәдениет үйі адам танымастай өңделіп-өзгеріп, көз тартарлық заманауи ғимаратқа айналып, ел игілігіне ұсынылуда,...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 101 Уақыты: 01.10.2018

Зейнетақы қоры өркендеп келеді

Биыл 1 қыркүйекке дейін зейнетақы жинақтарының жалпы құны 8,8 триллион теңгені құрап, жыл басынан бері 1,02 трлн. теңгеге немесе 13 пайызға өсті. Салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс жыл басынан бері 584,9 млрд. теңге болып, табыстылық деңгейі 47 пайызға жетті. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 7,3 пайызды құраса, бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 2,9 пайыз болды. Осыдан-ақ жыл сайын қорға жарна аударатын салымшылардың саны көбейіп, олардың жеке шоттарындағы табыстың да молайып келе жатқанын көруге болады...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 91 Уақыты: 01.10.2018

Оқушы емес, отбасы оқып жүр

Күнде өзгеріс, жыл сайын министрліктен жаңа бағдарлама еніп жатады. Шыны керек, үйде отбасымызбен қосылып сабақ оқимыз. Тапсырманың мағынасын түсінбей, ата-аналарға хабарласып отырып, сынып болып тапсырманы орындаймыз. Сонда бұл не болды? Бала тұрмақ, үйдегі үлкендер түсінбейтін бағдарламаның қандай ерекшелігі бар?! Тіпті, берілген тапсырмалар баланың жас ерекшелігіне сәйкес келмейді. Әңгіменің желісін әріден бастайын. Жаңартылған бағдарламаның басы әліппенің атын ауыстырудан басталды. Оның орнына «Сауат ашу» деген кітап шықты. Ол жалғыз емес, қасында жазу дәптері тағы бар. Салм...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 235 Уақыты: 01.10.2018

Оқи отырыңыз