Қарттарым жүр секеңдеп...

Той-думанның ортасында немересімен жасты жандармен қолтықтасып, шыр көбелек билеп жүретін қарияларды көргенде ақсақал, ата немесе әже деп айтуға аузымыз бармай қалатыны несі екен?! «Қара жорға», «Қамажай» сынды ұлттық биді кәсіби тұрғыда, нақышына келтіре насихаттап жүргендердің жөні бір бөлек, әрине. Біздің айтпағымыз басқа. Өзінің ақыл тоқтатып, жас ұрпаққа өнеге көрсетер үлкендігін ұмытқан, заманауи әнге секеңдеп билеп, жиналған көпшілікке күлкі болып жүрген қарттар қаншама?! Олардың биі түсірілген бейнежазбалар ғаламтор желісінде жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 98 Уақыты: 01.10.2018

Өмір қымбат бәрінен

Суицид – елімізді ғана емес, әлемді толғандырып отырған мәселе. Адамның өз-өзіне қол салу себебі көп. 2014 жылғы деректерде Қазақстан Республикасы дүниежүзі бойынша жасөспірімдердің суицидінен төртінші орыннан көрінсе, қазір ондыққа кіреді. 5 – 15 жас аралығындағы балалардың өз-өзіне қол салуы бойынша тоғызыншы, 15 пен 29 жас бойынша төртінші сатыда тұр. Мектеп оқушылары арасында суицидті болдырмау үшін арнайы психологтардың кабинеті жұмыс істейді. Дегенмен, оның да жеткіліксіздігі байқалып отыр. Сондықтан, бұл дертке қарсы қоғам болып жан-жақты жұмыла әрекет еткен жөн. Мәселен,...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 82 Уақыты: 01.10.2018

Қазақты жамандама, қазақ бала

Арамызда беталды сөйлесе де беті қызармайтындар қаптап барады. Көргенін, білгенін, қолымен ұстағанын айтса бірсәрі, дүрсін долбарлайды, өзінше кесіп-пішуге әуес. «Ағасы, мұның ұят енді» десең, «сенде құлақ жоқ екен» деп қолын бір сілтейді. Қанағатсыздығынан ба, әлде қызғанышы жанына тыныштық бермейді ме, бас-көз жоқ өтіріктің сорпасын сапырады. Реті келсін-келмесін, отырған жерінде біреуді күндейді келіп. Оның өткен өмірі, жүрген жолы маңызды емес, кемшілігі болса жетіп жатыр. Әйтеуір, өзінен жақсы күн кешкеннің бәріне ызалы. Тәуірді табалайды, көршісін алалайды. Бұл...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 89 Уақыты: 01.10.2018

МЫҢ ҚҰТТЫҚ БАТАДАН ҚАДІР КЕТСЕ...

Айта-айта біраз жақ талып, жаза-жаза талай қалам мұқалған тақырыпты қайтадан қозғауға тура келіп отыр. Әлімсақтан ұрпақ тәрбиесіне ғана емес, ұлттың бүтіндігі мен жұрттың тыныштығына ықпал ететін киелі сөз бен жүйелі ойдың жиынтығы – батаның қадірі кетіп бара жатқаны қынжылтады. Қу дүниенің опа бермейтінін әуелден-ақ түсінген аталарымыз сөз қадірін өз қадірінен биік қойып: «Байлық – бір жұттық, бата – мың құттық», – деп сана сүзгісінен өткен қорғасын ойды қорытып айтып кетті емес пе? Сәбидің дүниеге келген сәтінен бата жасап, Алладан амандығын тілеген жұр...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 60 Уақыты: 01.10.2018

Аймақтар аламаны

Талдықорғанда 2003 – 2006 жылғы ұлдар мен қыздар арасында регби-7 спортынан республикалық жарыс өтті. Сайысқа әр өңірден іріктеліп келген 7 команда, 170 спортшы қатысты. Шараның шымылдығы Білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілі Бахтияр Елемесовтің алғы- сөзімен ашылды. – Қазақстанның Көк байрағын әлемде желбіретіп жүрген спортшыларымыздың қатары күннен-күнге артып келеді. Ол – Елбасымыздың спортқа үлкен көңіл бөлуінің арқасы. Сондықтан да өңірімізде жарыстар жиі ұйымдастырылып, даңқты спортшылар шығуда. Бүгінгі дода біз үш...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 62 Уақыты: 01.10.2018

Әсет әндері әуеледі

Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстанның Халық әртісі, композитор Әсет Бейсеуовтің 80 жылдығына арналған «Әсеттің әсем әндері-ай» атты республикалық әншілер байқауы болды. Дарынды композитордың әндерін жаңғыртып, жастар арасында кеңінен танытуды көздеген өнер кешіне 12 облыс пен 3 қаладан 24 үміткер қатысып, көрерменді күні бойы әсем әнмен тербеді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты – ән өнерін дамыту, жас талант иелерін іздеу, жастар арасында әншілік өнердің кәсіби дең...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 58 Уақыты: 01.10.2018

Қылқалам шеберлері бас қосты​

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы адамдарды туған жерін сүюге, құрметтеуге үндейді. Көнеден келе жатқан әдет-ғұрыптарымыздың, өлке тарихының дәріптелуі ұрпаққа ұлағат болып қалады. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақты туған елі-жерін, Отанын жақсы көруге тәрбиелеуіміз қажет. Облыс әкімі А. Баталовтың қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Кеген ауданына қарасты Саты ауылдық өңірінде «Туған жерім – тұғырым» атты халықаралық кәсіпқой суретшілердің он күндік пленэрі өткен еді. Оның салт...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 68 Уақыты: 01.10.2018

iPhone Xs және iPhone Xs Max Kcell Store дүкендерін де сатылады.

Бөліп төлеу мүмкіндігі Дәстүр бойынша әрбір күзде Apple компаниясы жаңа флагмандарды ұсынады. Биылғы жылы Apple компаниясы iPhone Xs, iPhone Xs Max, iPhone Xr және Apple Watch Series 4 смартфондарды ұсынды. Kcell Store желісінде және «Кселл» абоненттік кеңселерінде 28 қыркүйектен бастап iPhone Xs және iPhone Xs Max толық құнына және ұялы байланыс қызметінің топтамасымен бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. iPhone Xs және iPhone Xs Max үш түсте: күміс, қара және алтын түсте. Apple құрылғыларының құны смартфонның жад көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Осылайша, 64 ГБ iPhon...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 171 Уақыты: 28.09.2018

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, ТЕКЕЛІ!

Тау етегіндегі Текелі тұрғындары тамаша мерекені атап өтті. Күн санап жаңарып, жаңғырып келе жатқан кеншілер қаласының бүгінгі бедері бір бөлек. Қала күні мерекесіне жиналған жұртшылықтың жүзінде – шаттық, бойында – қуаныш. Жыл сайын кең көлемде аталып өтетін дәстүрлі думан биыл жаңа рәуіште, өзгеше қалыпта ұйымдастырылған. Орталық алаң мен саябақтарды, жағалауларды жайлаған мерекелік көңіл-күй бізді де қуантпай қоймады. Құбылмалы ауа райы мереке басталар сәтте шаһар жұртшылығы үшін шуағын шашты. Айналасы ажарланып, төңірегі тамашаға бөленген «Текелі – бақ мекен&raqu...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 262 Уақыты: 25.09.2018

Көлдерімен көрікті, адамдарымен ардақты

Алакөл ауданының 90 жылдық тойы дүбірлеп өтті. Бұл той тек ауданның ғана емес, ынтымағы жарасқан елдің, берекесі шалқыған жердің мерекесі. Мерейлі мерекеге еліміздің түкпір-түкпірінен жиналғандардың қарасы көп болды. Бәрі туған жер, өскен ортасының жетістігіне қуанып, ертеңгі болашағы кемелді болатынын бағамдап қайтты. Ауданның мерейтойы Үшарал қаласындағы Д. Қонаев ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ақан ӘбдуӘлиев қатысып, көпшілікке облыс әкімі Амандық Баталовтың құттықтауын жеткізді. Алакөл ауданының тарихын тұтас ел тарихынан бөліп қарауға...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 242 Уақыты: 25.09.2018

Оқи отырыңыз