САҒЫНДЫҚ ТӘНЕКЕ атындағы сыйлық

Саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған жандар көп-ақ. Олардың жазғаны мен айтқаны тасқа қашап жазылғандай келер ұрпаққа өмір бойы сақталып қалады. Сондай құрметке лайық жандардың бірі – өмірінің соңына дейін ақ қағазы мен қаламын қолынан тастамаған Көксу ауданының Құрметті азаматы Сағындық Тәнеке. Сағындық Байдырахманұлы Көксу ауданына қарасты Мұқыры ауылында 1936 жылы дүниеге келген. 1964 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алған. Еңбек жолын 1956 жылы аудандық газетте жауапты хатшылықтан бастаған. Сол уақытта Талдықорған об...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 1125 Уақыты: 28.06.2016

ТӨРТІНШІ БИЛІКТІҢ ТОЛҒАУЫ

Бүгінгі әлемді аппарат емес, ақпарат басқарады. Табан астындағы тап қазіргі кезең – тегеурінді, тасқынды деректердің дәуірі. Ақпаратсыз адам теңіз суын сапырған екпінді дауылға ескексіз қарсы тұрған қайық тәрізді. Дүлей дауыл – дәрменсіз дерек пен дәлелсіз дақпырт шатқаяқтап жүрген қорғансыз қайықты біресе оң, біресе сол бүйірден соққылап, іштен ірітетін саңылау іздейді. Одан қалса күтпеген жерден кеуделеп кірген жел сөз желбіреген ақ желкенді жыртып, қайықты қалайда құрдымға батырғысы келеді. Ендігі елдің етектен тартқан бөрісі – екіұшты хабар, жағасына жармасқан жауы &ndash...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 567 Уақыты: 28.06.2016

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Сарыарқаның төсіндегі асқақ Астанадан ақжолтай хабар келді. Халық айнасына айналған «Жетісу» газетінің қаламы жүйрік, ойы ұшқыр журналисі, қаракөз қарындасымыз Меруерт Молдағалиева облыстық іріктеуден өтіп, республикалық додада топ жарып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолынан диплом мен ақшалай сыйлық алып, Жетісу жұршылығының абыройын асқақтатып қайтты. Еліміздің барлық өңірінен қатысқан журналистер ішінде әріптесіміздің үздік үштіктен көрінуі ата басылымның абыройын тағы бір асқақтатып тастады. Еркіндігіміздің 25 жылдығы аясында мем...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 407 Уақыты: 28.06.2016

Жетістігі мол жетісу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жетісу өңірінің әлеуметтік-эко­но­микалық даму барысымен танысу үшін облы­сымызға арнайы сапармен келді. Сапар барысында Үкімет бас­шысы Талдықорған қаласындағы бірқатар жаңа нысандарды аралап, облыстың инвестициялық әлеуетін зерделеді. Сондай-ақ, жетісу­лықтармен кез­десу өткізіп, ел экономикасын өркендету мен өңір тұр­ғындарының әлеуметтік даму бағыт­тарын бағамдады. Өңірімізге арнайы ат басын бұрған Үкімет басшысы ресми сапарын алдымен Талдықорған қаласында жаңадан бой көтеріп келе жатқан Оңтүстік-Ба...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 624 Уақыты: 25.06.2016

СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ АНКАРАДА ағайындығымызды арттырып, түрік дүниесіне тіл қатты

Бумын қағаннан бермен Еуразия кеңістігін кернеген тұтас түріктің бірлігіне саяр манифесті қайталай жаңғыртып, аманат тұтқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың баянды іс, құтты қадамдарының жемісі барша түркі әлемінің игілігіне асқан бүгінде. Шырайлы шаруалары тіпті жаһандағы алпауыт мемлекеттердің де назарын аударып отырған ТҮРІКСОЙ, Астанамыздағы Түрік академиясы мен осынау бәденді белдеудегі өзге де риясыз шаралар легі көңіл демдеп, көз тойдырарлық. Түркиядағы Қазақстан күндері аясында кезекті делегация құрамының сапарға шығатындығымен құлағдар болған сәтте-ақ көп нәрсенің көңіліміздің төрінде...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 1256 Уақыты: 25.06.2016

Ауқымды істер сараланды

Облыс әкімдігінің үлкен залында республиканың облыстық және аудандық деңгейдегі әкімдіктерін бейне байланысқа қоса отырып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауылшаруашылық министрі Асқар МЫРЗАХМЕТОВ қоғам өкілдерімен кездесу өткізді. Онда республика көлемінде агроөнеркәсіптік кешенінің өткен жылға арналған негізгі даму бағыттары мен алдағы міндеттері жөнінде есеп берді. Кездесуге ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер, салалық одақтар мен қауымдастықтар, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелері, партия және кәсіподақ ұйымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 540 Уақыты: 23.06.2016

Келісіп пішкен тон келте болмас

Адамзатты асыраушы – Жер-ананың қадірін біліп, күтіп-баптау мен оған иелік ету бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. «Жері байдың – елі бай» демекші, түгін тартса майы шығатын құнарлы Жетісу жері ежелден елдің құт-мекеніне айналған. Халқымыздың қазынасы – қара жерден несібесін теріп, ырыздығын айырып отырған шаруагерлерге жерді сату немесе жалға беру осы күннің өзекті мәселесіне айналғаны баршаға мәлім. Осы тұрғыда еліміздің бірқатар өңірлерінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді жекешелендіру мен шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға байланысты мәсе...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 696 Уақыты: 21.06.2016

Омарташылар ой бөлісті

Сарқан ауданында ауылшаруашылығының қосымша бағыты ретінде ара шаруашылығы да даму үстінде. Бүгінгі таңда аудан бойынша 33 шаруа қожалығы осынау күрделі де тиімді саланы дөң­ге­лентіп келеді. Жуырда Тополевка ауылындағы «Пи­тенко» шаруа қожалығында «Сарқан ауданындағы ара шаруашылығын одан әрі дамытудың жағдайы» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. Аудан әкімі Ерғазы Қошанбековтың төрағалығымен өткен кеңеске осы саламен айналысатын округтердің әкімдері, шаруа қожалықтары, жеке омарташылар, тиісті мекеме басшылары қатысты. Алдымен семинар-кеңеске қатысушы...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 536 Уақыты: 21.06.2016

АЛТЫНДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН ТҮЛЕКТЕР

Кеше ғана мектеп табалдырығын жасқана аттаған балғындар зымыраған уақытпен бірге партамен қоштасар сәттің де келіп жеткенін аңғармай қалғандай. Жүздерінен қуанышпен қатар қимастықтың лебі есіп, ұстаздарына деген шексіз алғысы ақтарылды келіп. Сан түрлі сыннан сүрінбей өткен оларды келешекте де небір өмір өткелдері күтіп тұр. Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында өңіріміздің түкпір-түкпірінен ат терлетіп келген «Алтын белгі» иегерлеріне арнап облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ «Ақ жол саған, жас түлек!» аманаты аясында марапаттау рәсімін өткізді. Түлектерді қ...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 643 Уақыты: 18.06.2016

КӨПКЕ ҮЛГІ ӘУЛЕТТЕР облыс әкімінің қолынан жүлде алды

Асқар таудай ӘКЕ, мөлдір бұлақтай АНА, жайқалған құрақтай БАЛА отбасының негізгі өзегі. Отанның өзі отбасынан басталатындығын ескерсек, қоғамдағы әрбір әулеттің еліміз үшін қосар үлесі зор. Ал олардың арасындағы әулетті, сәулетті, дәулетті отбасылар қашанда өзгеге үлгі болуы тиіс. Олар – қоғамның айнасы іспеттес. Мұндай отбасылар біздің облыста көптеп кездеседі. Басына тақиясын, үстіне шапанын ілген ақсақалдар, ақ жаулықты аналар балалары мен немерелерін жетектеп келіп, Мәдениет сарайының ішін нұрландырды. Оларға қарап ұрпақ сабақтастығының түзу жолын бірден аңғарасыз. Өмірдің қызығы...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 1000 Уақыты: 18.06.2016

Оқи отырыңыз