Ұлттық бренд ұлықталмақ

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша аймақтық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мен «Made in Kazakhstan» ұлттық брендін дамыту жолдары туралы басқарма басшылары мен кәсіпкерлер пікір алмасты. Жиында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Арман Ақсубаев баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 150 кәсіпкерге онлайн қызмет көрсетілген. 7,2 млрд. теңгеге 364 бизнес жоспар әзірленген. – «Биз...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 231 Уақыты: 25.09.2018

Қаһарман қаламгер

Маңдайына жазылған тағдыры оны шарболаттай қайралған алдаспанға айналдырды. Шыбықты ат қып мініп, асық атып, туған жердің топырағына алаңсыз аунап өскен бақытты балалықты басынан кешірмеді. Қарыны тоя тамақ жеген күндерін ойласа, бәлкім есіне түсер, түспес. Ал ашқұрсақ жүрген кездері... Ол жайлы тіпті, сөз қозғаудың өзі әбестік болар. Осы айтып отырған бір-екі сөйлемдегі талайлы тағдыр иесі қазақтың кемел ойлы перзенті Кемел Тоқаев еді. Балалығы аштық жылдарымен қатар өрілсе, жастық ғұмыры Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген қаламгер Кемел шынымен де қазақтың қаһарман ұлдарының бірі. Балалық ш...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 297 Уақыты: 22.09.2018

БАСШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫ БОЛА БЕРМЕЙДІ

Кең-байтақ Қазақстанның қай өңірі де қасиетті, қайталанбас табиғат таңғажайыптары, өзіндік артықшылықтары бар. Соны көре білген, ұқсата алған басшы даму мүмкіндіктерін де қалт жібермейді. «Ауылына қарап азаматын таны» деген ақиқат та тегін айтылмаған. Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиевпен арадағы әңгімеміз негізінен осы бағытта өрбіді. – Махаббат Сәдуақасұлы, Сіз қасиетті Күреңбел өңіріне әкім болып тағайындалғанға дейін облыстық деңгейде лауазымды қызметтер атқарып, Жамбыл, Қарасай, Панфилов сияқты бірнеше іргелі аудандарды басқардыңыз. Кербұлақ болса, Алмат...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 329 Уақыты: 22.09.2018

АЛАКӨЛДЕН ҰШҚАН АҚҚУЛАР

Бір бұтасы бір үйдей Алакөл мекеніненшыққан азаматтардың қай-қайсыболмасын өнерден кенде емес. Бірі – ән әлеміне қанат қақса, бірі – жыр пырағына мініп өлең өлкесінде өз өрнегін салуда. Тізе берсек толып жатыр. Міне, соның ішінде өлең құсын шартарапқа самғатып, ел ішінде «Жан сері» атанып жүрген ақын Жангелді Немеребаев та бар. Жақында қаламгер ауылында «Алакөлден ұшқан аққулар» атты жыр кешін өткізген болатын. Біз де сол мерейлі сәттің куәсі болып қайттық. Әнуар Әлімжанов, Сәкен Иманасов сынды қарымды қаламгерлерді өмірге әкелген мынау байтақ мекенні...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 312 Уақыты: 22.09.2018

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

Семен Әбдіхалықов есімі Жетісу жұртшылығына жақсы таныс. Биыл сексеннің сеңгіріне қадам басқан ардагер кеңестік кезеңде туды, сол жүйеге қызмет етті. Қазір зейнеткер болса да тәуелсіз елдің түтіні түзу ұшуы үшін әлі күнге аттан түспей келеді. Жасы сексенге келсе де ақыл сұраған Алаш баласына қолғабыс жасап тұрады. Әйтеуір, қай кезде болмасын жеке көлігімен кез келген көзтаныстың шаруасын шешуге аттанып бара жатады. Әлі күнге дейін Алматының қалың кептелісін елемей, көлік жүргізетіні таңғалдырады. Әрине, тағдырдың сан теперішін көрген адамға Алматының қарбаласы бұйым болып па?! Сонда д...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 270 Уақыты: 22.09.2018

АКЦИЯ ДЛЯ АВТОЛЮБИТЕЛЕЙ

Сегодня в торговом доме «Хабиби» по реализации автозапчастей и на авторынке города Талдыкорган специалисты филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Алматинской области провели акцию по популизации онлайн регистрациии транспортных средств и замене водительского удостоверения. Целью проведения данной акции в рамках исполнения программы «Цифровой Казахстан» было повышение цифровой грамотности населения, уменьшение наплыва населения для получение данной услуги в специализированные отдел...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 331 Уақыты: 21.09.2018

ЖҮРЕК ТОЛҚЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

«Рухани керуен» жобасы осымен екінші мәрте аудандарға жол тартты. Құрамында республикамызға танымал ғалымдар, өнер тарландары бар керуен бұл жолғы сапарын табиғаты көрген жанды тамсандырған, жүректеріне ән салдырған әйгілі Аспантаулар өлкесінен бастады. Шашақты найзаның ұшындай зеңгір көкпен сырласып, бұлттармен тілдесіп тұратын Хантәңірі шыңы керуенге қатысушылардың көңілін өрлетіп, айбындарын асырса, Мұқағалидың ізі, үні мен жыры қалған Қарасаз, Айғайтас өңірі, сұлу Шалкөде, Нарынқол мен Байынқол жер мерейлерін өсіріп, қуаныштарын одан әрі тасыта түскендей әдемі сезімге бөледі....
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 386 Уақыты: 20.09.2018

КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойы аясында Елордадан арнайы келген делегаттар облыс орталығы Талдықорған шаһарына табан тіреді. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовтың төрағалығымен облыстық әкімдікте бизнес-форум өткізілді. Онда астаналықтар Елордада қолға алынып, тәжірибеден өткен, сондай-ақ, оң нәтиже беріп үлгерген жаңа жобалармен таныстырды. Өзара ынтымақтастық турасында бірнеше меморандумға қол қойылып, ортақ ойлар ортаға салынды. Жиырма жылда Елорданың талай дүниеге қол жеткізгендігі мен даму жолында зор тәжірибе жинап үлгергендігін айтқан Астана қаласының...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 380 Уақыты: 20.09.2018

БАС ШАҺАР БЕЙНЕЛЕНГЕН

Облыстық көркемөнер галереясында «Астана – Ұлы Дала Елордасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. ҚР Ұлттық музейі және облыстық көркемөнер галереясы Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырған аталмыш көрмеге Қазақстан бейнелеу өнері өкілдерінің жаңа бағыттағы туындылары қойылды. Бас шаһардың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайтын 42 шығармашылық туынды көрермен назарына ұсынылды. Шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің имидждік қызмет басшысы Дәулеткерей Құсайынов алғашқы болып сөз алды. Ол тарихы мен танымы терең елдің еңсесіндей бой түзеген елорданы...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 333 Уақыты: 20.09.2018

ҚАЛА КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Күздің мамыражай күнінде Қапшағай қаласы өзінің 48 жылдық тойын ерекше атап өтті. Мереке «Тарихы терең киелі өлке – Жетісу өңірі» атты фестивальмен «Көшпенділер» қалашығында басталды. Іле жазығына тігілген ақшаңқан үйлер, қорғанның есігінен қарсы алған батырлар, салт-дәстүрімізге тән жөн-жоралғылар, шығыс базарындағы сауда-саттық, қолөнер шеберлерінің көрмесі көне тарихтан сыр шертіп, мерекенің мәнін ашты. Қала басшысы Талғат Қайнарбеков пен аталмыш мерекеге арнайы келген қонақтар, Ресей мен Түркия елінің өкілдері әдет-ғұрпымызды көріп, қошеметке бөленіп,...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 264 Уақыты: 20.09.2018

Оқи отырыңыз