Айдынды Алакөлдің жағасында

Алакөл ауданы Ақши ауылында Астана қаласының 20 жылдығына орай дуатлоннан «Алакөл – 2018» атты ашық республикалық турнир өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, облыс әкімі Амандық Баталов және «ZHERSU» корпорациясының президенті Бауыржан Оспанов арнайы барды. Сайысқа әр өңірден іріктеліп келген 100-ден аса спортшы қатысты. Салтанатты шара облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының алғы сөзімен ашылды. – Бүгінгі жарысты өткізуге Елбасының қоғам назарын саламатты өмір сүруге аудару, сонымен қатар, спортпен шұғылд...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 52 Уақыты: 20.07.2018

Мұз айдынының мұзбалағы

Сарай іші қараңғы. Иін тіресе толған халық іш тартып, тыныштық сақтауда. Мұз айдыннан суық леп келеді. Мұз деген аты ызғар болғанымен көңілімізге бір жылу толтыратындай күй кешудеміз. Кенет жарық жанды. Мұз айдынының орта тұсынан сұлу да сымбатты шынашақтай бір бала қалқып келеді. Таң сәріде ұясынан шыққан күннің шапағына шомылып, көл бетіне қонған аққудай сұлу бейне бұрала келіп тең ортаға тоқтады. Сол сәтте Көкшенің кербез әуені «Япыр-ай» ойнап сала беріп еді, біз көрген әсем бейне мұз үстінде әуезді әнмен ырғалып, қалықтап кете барды. Қазақы нақыш, маңдайында кестеленген оюы бар...
Толығырақ... Санат: АЛАМАН Оқылды: 309 Уақыты: 20.07.2018

Мұқали экспедициясы жолға шықты

Жүзі қанға суарылған қайқы қылышты дұшпандарының төбесінде ойнатқан Шыңғыс қағанның ең сенімді серігі болған Мұқали баһадүр біздің бабамыз. Руы – Жалайыр, түбі – Түркі, жұрты – Қазақ! Тарихты дендей оқымаса да бай шежіремізден сыралғы жандар бұл есімді жақсы таныса керек-ті. Хош, есімі дүрдей сол айбарлы бабаның басына зиярат ету, жүріп өткен жолы һәм тарихи естеліктер қалдырған жерлерімен танысу мақсатында бірқатар зиялы қауым Қытай еліне сапар шекпек. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. «Мұқали халықаралық экспеди...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 68 Уақыты: 20.07.2018

Қарашығы қара өлеңге толған қыз

Мақпал жырларын аялап жазатын ақын. Қазақ қызының бойындағы биязылық та, қайсарлық та, сезімталдық та «өлеңдерін бұрымындай өрген» қылықты қыздың өрнекті ой ұшқындары «Өлеңім, өзіме тарт» деген поэтикалық қағиданың айғағындай. Шабытына шырай тұнып, мұңының өзі нұрға бөленеді. Махаңдардың сарқыты – Мұхаңдардың шекпен жапқан қасиетті өнерін жаңғырта зерлеген, «Қара өлеңнен мойнына тұмар таққан» Мақпал этнотанымдық бейнелерді табиғи таза қалпында боямасыз ұсынады. Ауыз әдебиетінің қайнарынан құймақұлақ қарттардың тізесінде отырып сусындаған ақын қыздың қа...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 62 Уақыты: 20.07.2018

Боркемік ұл, кесір келін, тәтті немере...

Түннің түндігі түріліп, тіршілік атаулы тіріле бастағанына біршама уақыт өткен. Сәске түскенше ұйықтаймын деген ойдан арыла алмаған Санат бұл жолы ерте тұрды. Үйдің жалғызы болғаннан кейін бе, ата-анасы оған аса шектеу қоймайтын. Қашан тұрамын, қашан жатамын дегеннен мүлдем бейхабар үй кенжесі ерке болғанымен, өте зерек, алғыр бала еді. «Ақпа- құлаққа айтсаң ағып кетеді» деген тәмсіл бұған қаратып айтылмаса керек. Атасының айтқан әңгімелері мен өнегелерін аузына кіріп кетердей тыңдап өскен балақайдан боркемік біреудің шығуы мүмкін емес-ті. Сол зеректің бүгінгі тірлігі: бау-бақша...
Толығырақ... Санат: ҰЛТ ҰЯТЫ Оқылды: 64 Уақыты: 20.07.2018

Жаңа төраға сайланды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Кеген ауданының құрылғанына 3 ай толды. Өңірді дамыту үшін жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар аз емес. Аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Кеген аудандық филиалының І конференциясы өтті. Оған жер-жердегі партия ұйымдарынан сайланған делегаттар мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бопазов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев қатысты. Жиында «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесі бюросының шешімімен құрылған Кеген аудандық партия филиалының төр...
Толығырақ... Санат: Нұр Отан Оқылды: 62 Уақыты: 20.07.2018

Балық та байлық көзі

Өңірдегі басты басылым болған соңбұқараның хал-ахуалы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі біздің назардан тыс қалған емес. Осы жолы арнайы аттың басын бақ дарыған Балқаш ауданына бұрдық. Іле өзенін бойлай орналасқан елді мекеннің басты байлығы балық пен ақмаржан екені әмбеге аян. Оны іштеріңізден де сезіп отырған шығарсыздар. Алдыңғы мақалаларымызда астықтың ақмаржаны күріш жайында біраз ақпарат беріп өткенбіз. Осы жолы ағысқа ұмтылған ақ сазандардың алыстағы ағайынға азық болып, абыройын тасытып отырғанын сөз етпекпіз. Жеңіл көлік жүруге жүрексінетін, жүк машиналарының митың қимылы мезі қылатын шұ...
Толығырақ... Санат: КӘСІБІ - НӘСІБІ Оқылды: 53 Уақыты: 20.07.2018

Жұмыс тобы білім нысандарын аралады

Облыста құрылыс қарқынды жүргізілуде. Халық игілігі үшін салынып жатқан нысандардың басым бөлігіне қаржы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінуде. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мемлекеттік нысандарға инфрақұрылым тарту үшін қаржы береді. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы халыққа тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салып беруді көздейді. Осы орайда облыс әкімі Амандық Баталов қор қаржысының игерілуін қатаң бақылауға алған еді. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау мақсатында...
Толығырақ... Санат: Нұр Отан Оқылды: 79 Уақыты: 20.07.2018

Бренд қалыптастыруымыз керек

Күн санап емес, сағат санап жаңарған озық технологиялар әлемді үлкен өзгеріске ұшыратып отыр. Осы оң өзгерістерге барлық жағынан дайын әрі бәсекеге қабілетті болу үшін бүгіннен бастап орта және шағын бизнес өкілдері өз жауапкершіліктерін түсінгені жөн. Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауында осыны алдыға қойды. Сондай-ақ, жүзеге асыруға он жаңа міндетті жүктегенін білеміз. Еліміз әлемге бейбітшілік сүйгіштігімен танылып отыр. Енді сапалы, табиғи дәруменге бай өнімдерімен де көзге түсе бастағаны қуантады. Әс...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 43 Уақыты: 20.07.2018

Сертификат табысталды

Аталмыш жоба аясында оқыту айлығының бірінші легінде 32 азамат оқытылып, 25-сі облыстық комиссия алдында жобаларын толық қорғап, оқу аяқтағаны жөнінде сертификат алды. Жеті азаматқа «Бастау бизнес» бойынша оқуға қатысқаны жөнінде сертификат тапсырылды. Оқу барысында кәсіпкерлік психологиясы, бизнес-идея таңдау, нарықты зерттеу, маркетинг негіздері, өткізу нарығы, бизнес-жоспар әзірлеу, салық есебі және есептілік, тағы басқа 12 модульден тұратын тақырыптар қамтылды. Алдағы уақытта осы оқуды сәтті аяқтаған азаматтар мемлекеттік бағдарламалар аясында төмен пайызбен несие алып, өз кәсі...
Толығырақ... Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Оқылды: 45 Уақыты: 20.07.2018