Жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс енгізіледі

2018 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының жекеменшік мектептеріне жергілікті бюджет есебінен 3310 орынды қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыс енгізу жоспарлануда. Сол қыркүйектен бастап Астаналық мектептерге де 3721 орынға мемлекеттік тапсырыс республикалық бюджет есебінен берілмек. Биылғы қаңтардан бастап Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған «Сымбат» мектеп-интернатында 600 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастыруға қаражат қарастырылды.

Осылайша, жекеменшік мектептер жүйесі мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті қолдау нәтижесінде аталған аймақтарда 2022 жылға дейін 56 300 оқушыны қамтитын 89 жаңа мектеп ашылмақ.

Астана, Шымкент және Ақтөбеде апробациядан өткізілетін мектеп басқарудың жаңа үлгісі ел ауқымында таратылады. Жан басына қаржыландыру басқа да өңірлерде, халықтың демографиялық өсу жағдайы жоғары облыс орталықтарында енгізіледі.

Министрлік жекеменшік балабақшалар құрылысындағы жетістікті орта білім саласына да таратуды көздейді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз