Жаңа форматтағы жүздесу

Қазақстан Рес­­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­лекеттік қыз­мет іс­тері ми­нистр­лігінің облыс бойынша департа­ментінің ұйым­дас­тыр­уы­мен Талдықор­ған қала­сы­ның «Жастар» саябағында бір­неше мемлекеттік мекеме қыз­мет­керлері тұрғындарды ашық әңгімеге тартып, өз салаларын­дағы жаңалықтар мен мүмкіндіктер жайлы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Атап айтар болсақ: «Тұрғын­үйқұры­лысжинақбанкі», облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық даму басқармасы, облыстық білім басқармасы, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» және халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары арлы-берлі өткен қала тұғындары мен қонақтарын толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп, өз мекемелерінің халыққа жақын екендіктерін та­ныт­ты. «Ашық мемлекет» атты жаңа форматтағы халықпен жүз­десуде тек қана ақпарат беріп қоймай, жаһанданудың жаңа мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланудың әдіс-тәсілдерін де үйретті. Мысалы, «Электронды үкімет» арқылы үйде оты­рып-ақ мекенжай анықтамасын сайт арқылы алуға болатыны, баланы балабақшаға кезекке қою, айыппұлдардың сомасын анықтап қана қоймай, банк карточкасы арқылы оны төлеудің жолдары және су, жарық сынды коммуналдық қызметтердің де ақысын кезекке тұрып, уақыт жоғалтпай тез әрі жылдам өтеуге болатыны туралы мағлұматқа қанықтық.

Жұрттың алғысына бөленген мекемелер қызметкерлері осындай іс-шаралар жұмысты жүйелі етіп қана қоймай, ха­лық­тың сенімін ақтап, олармен тығыз қарым-қатынас ор­на­татынын айтты.

Мәулен Әнербай.

Оқи отырыңыз