91 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ПӘТЕР СҰРАЙДЫ

91 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ПӘТЕР СҰРАЙДЫ

Талай жылдан бері көкейімдегі арманым қолыма қалам алғызып, газет редакциясына хат жазуға мәжбүр етті. Ол – басыма баспана алу.

Менің жасым 91-де. Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қаратал көшесіндегі №109 үйде уақытша тіркеудемін. 38 жылдық ғұмырымды ұстаз болуға арнадым. Осы жылдар ішінде мұғалімнен бастап мектеп директорлығына дейінгі қызметтерді абыроймен атқардым. Еңбегім еленіп, «ҚР халыққа білім беру ісінің үздігі» атағына ие болдым.

Еңбек, тыл ардагері атанған мен бүгінде ІІ топтағы мүгедекпін. Бар ынта-жігерімді жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруге жұмсадым. Жылдар бойы жинақтаған бай тәжірибемді шәкірттерімнің санасына құйып, өмір жолдарында пайдалы іске жұмсауды үйреттім. Шәкірттерім бүгінде үмітімді ақтап жүр.

Қанша ғұмырым қалғаны Алланың қолында ғой. Көзімнің тірісінде маған қолғабыс етіп отырған бір балама пәтер алып беріп кетсем-ау деген арманым бар. Қалада пәтер кезегінде тұрмын.

Стан ӘЛІКЕНОВ,

зейнеткер

Оқи отырыңыз