Әлемді сарықызыл түске боя

Әлемді сарықызыл түске боя

Ел өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың тыйылмауы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 48/104 Қарарымен 1993 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жою туралы» декларациясына сәйкес нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылық ұғымы жыныстық белгісі негізінде жасалған және әйелдерге дене, жыныстық немесе психологиялық залал келтіретін немесе жапа шектіретін кез келген зорлық-зомбылық іс-әрекеті, сондай-ақ, осындай іс-әрекеттерді жасауға қоқан-лоқы көрсету, қоғамдық немесе жеке өмірінде болсын мәжбүрлеу немесе ерікті түрде бостандығынан айыру дегенді білдіреді.

Осыған орай Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен «Әлемді сарықызыл түске бояңыз: әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жоюға атсалысыңыз» атты ақпараттық  апталық өтті.
Ақпараттық  науқанда әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолдарын кесу  мәселелері түсіндіріліп, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған шаралар таныстырылды. Осыған байланысты автобекеттерде, адамдар көп шоғырланған жерлерде жоғарыдағы мәселеге қатысты қабылданған заңды жіті түсіндіру науқаны ұйымдастырылды.


Жанат Сманкулова.
Еңбекшіқазақ ауданы.

 

Оқи отырыңыз