ҚҰНДЫ МҰРАҒАТТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Көктем – тіршілік атаулының оянып, жаңа бір өмір бастайтын шуақты шағы емес пе? Осы орайда облыстық тілдерді дамыту басқармасы (басшысы Айдар Башбаев) облыс әкімінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына орай «Жетісу көктемі» деп аталатын жас әдебиетшілердің бірінші форумын өткізді. Алқалы басқосуға жер жаннаты Жетісудың және еліміздің өзге де аймақтарынан 40-қа жуық жас ақын-жазушы қатысты. Дүйсенбі күні бастау алған форумның қонақтары ең алдымен Қарасай ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бой көтеріп, былтыр...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 47 Уақыты: 23.04.2018

МӨЛДІР БАСТАУЫМ

Әлі есімде. Өткен күннің қызығын кім ұмытсын?! Атам мен әжемнің бұзығы, қызығы болғаннан соң олар мені ерте жастан кітап, газет-журналмен дос қылды. Біздің үйге газет пен журналдың түр-түрі келетін. «Әжемнің «пенсиясы» көп болғаны соншалық, поштаға барған сайын тек газет-журнал әкеледі», – дейтінмін көрші үйдің балаларына мақтанып. Кішкентай кезімде сол көп басылымның бірінің «тілін» түсінсем, кейбіріне мүлде тісім батпайтын. Әжем: «Елдосжан, айналайын, менің көзім көруден қалып барады. Мына газетте не жазылған екен, оқып берші?»...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 364 Уақыты: 20.04.2018

БАСТАУДАН БУЫРҚАНҒАН ЖЫР АҒЫНЫ

Кереметі де, ғажабы да сол, Алла тағала жүрегіне нұр құятын, аузына сөз салатын ақын атаулы фәни жалғандағы тіршілігімен қатар ертеңгі бақилығына қатысты байламды пікірді көзі тірісінде айқын білдіреді. Солардың санатындағы өмірден ерте озған Ордаш ақын да кезекті бір шабыттың шаттығына бөленген сәтте: «Алдағыны көрермін аман болсам, арайлы боп қалса екен артымдағы із», – деп ағынан ақтарылғаны бар. Осы ойын әрі қарай жетілдіре келіп: «Бақытымды іздемен басқа әлемнен, асқақ болу мерейім, асқақ елмен. Өлең барда өшпейді Ордаш атым, есімімді сен сызып тастағанмен»...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 32 Уақыты: 20.04.2018

КӨП ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН

Біздер Әбекеңмен – Әбдірахман Баймұратұлымен жақын араласып, ашық сырласып, сыпайыгерлікпен сыйласып жүргендіктен замандасымыздың сегіз түрлі қырын да, тылсымды сырын да жақсы білеміз десек еш артықтығы бола қоймас. Оның кісілік келбетіне, парасаттылық ұстанымына, сабырлылық сабасынан аспайтындығына қызыға қараймыз да. Олай дейтініміз, Әбекеңнің өзі иығына жауапкершілігі артылған жұмыс орнының экономикасын өркендетуге, халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға ұдайы көңіл бөлетіндігімен ерекшеленетін. Қандай іс болмасын бел шешіп, білек сыбанып кірісіп, маңдай терін төгіп, еңбе...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 24 Уақыты: 20.04.2018

ІЛИЯСТЫҢ ІНІЛЕРІ, САРАНЫҢ СІҢІЛІЛЕРІ

Астананың 20 жылдығына орай Жансүгіров кентінде игі шара ұйымдастырылды. Оған облыстық, аудандық жастар ресурстық орталығының жауапты мамандары, «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақын Сара мәдени-жастар орталығының белсенділері қатысты. Жастар форумы «Тәуелсіздіктің дәуірі. Жасампаздықтың әр жылы» деп аталды. Шара мектеп, колледж білімгерлерінің қолөнер көрмесінен бастау алды. Аудан әкімі Әділбек Далбағаев көрмені аралап, қолөнершілердің әртүрлі бұйымнан жасалған заттарын көрді. Қырық өрім қамшы, асықтан жасалған сағат ерекшелігімен тамсандырды. Бүгінгі ұрпақтың те...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 21 Уақыты: 20.04.2018

ҮЛКЕН ЖҮРЕК ИЕСІ

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Иә, дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Себебі, ол – барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жан. Мұғалім берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым, ел қорғаған батыр, тілінен бал тамған ақын, егін салған диқан, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздың алдынан өткен. Сондықтан осы бір ұлағатты жанға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Талғардағы С. Сейфуллин атындағы...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 25 Уақыты: 19.04.2018

ТЕКТІ АТАНЫҢ ТҰЯҒЫ

Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген нақыл сөз бар. Бұл сөз өмірінде барлық қажыр-қайратын, білім-білігін, зерде-ықыласын көптің қамына арнап, ұлттың келешегіне жұмсаған жандарға қаратылған. Біз сөз еткелі отырған Абдулла Мыңжасаров сондай азамат. Бүкіл саналы ғұмырын өлкенің өркендеуіне арнап, үлкен-кішіге беделді, кейінгі буынға ізгі ісімен үлгі болған адам. Абдулла Омарқұлұлы Қытайдың Құлжа қаласында 1948 жылы 18 мамырда дүние есігін ашқан. Құлжа қаласының Қарабақ ауылындағы орта мектепте алғаш сауатын ашып, 3-сыныпты бітіргенде, яғни 1959 жылы ата-анасымен...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 37 Уақыты: 19.04.2018

Рухың төрде болмаса, иманың кенде болар

Алматы облысы Ақсу ауданының аға буыны жастар тәрбиесі мен олардың заман көшіне ілесе білуіне ерекше көңіл аударады. Ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы қыз-жігіттердің саны 8588-ді құрайды. Жақында Астананың 20 жылдығына орай Жансүгіров кентінде игі шара ұйымдастырылды. Мектеп, колледж оқушыларының қолөнер көрмесін аралаған аудан әкімі Әділбек Далбағаев қырық өрім қамшы, асықтан жасалған сағаттарды жасаған балаларға алғыс айтты. –Егемен Қазақстан десе көз алдымызға бейбіт халықтың жарасымды тұрмыс -тіршілігі, шыңында мәңгі қар жататын ақбас тауы, дарқан даласы елестейді. Біздің бүгін...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 131 Уақыты: 17.04.2018

Кемел білімнің көкжиегін ашқан кезең 

Елбасының қазақ қоғамына ерекше серпіліс әкеліп, рухани сілкініс тудырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толды. Осы уақыт ішінде бағдарламадағы іргелі жобалар бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Атап айтатын болсақ, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары сәтті жүргізілуде. Осы жобаларды іске асыру барысында әлеуметтік инфрақұрылым дамытылуда, мәдениет ескерткіштері қалпына келтірілді. Қазақ тілінің жаңа әліпбиін...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 57 Уақыты: 15.04.2018

Ел есінен өшпейтін есім

Адам қайтыс болған күні емес, есімі ел санасынан ұмытылған күні ғана өлдіге саналады. Тағылымы зор мұндай тәмсілді Алматы облысының Құрметті азаматы Наурыз ҚЫЛЫШБАЕВ талай жылданбергі үзеңгілес досы болған Медеғали Жазықбаевты еске алған екеуара әңгіме барысында айтып берді. Ел ағасы жаны жайсаң замандастарының қатары сирей бастағанына өкініш білдіріп қана қоймай, олардың жүріп өткен өмір жолын өзгелерге, әсіресе, жас өрендерге өнеге еткісі келеді. Кейіпкеріміз жастық шағының жарқын сәттерін бірге өткерген, кезіндегі комсомол мектебінде бірге шыңдалған дәуірлес достары туралы бір кітапқа арқау...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 50 Уақыты: 15.04.2018

Оқи отырыңыз