ТЕАТР КӨБЕЙСЕ, ТҮРМЕ АЗАЯДЫ

ТЕАТР КӨБЕЙСЕ, ТҮРМЕ АЗАЯДЫ

Қазақтың "Қызыл жебесі" сынды. Үшінші күн өтті қазақ әдебиетінің қара жамылғанына. Миллиондаған оқырманның жүрегін Тұрар Рысқұловтың қилы тағдырын баяндайтын ғажайып роман-эпопеясымен жаулап алған Шерхан МҰРТАЗАНЫ ақтық сапарға шығарып салды алматылықтар. Бүкіл әлеуметтік желі, электронды сайт құралдары мен теледидар, газет-журнал тілшілері Шерханның шыншыл бейнесі жайлы толассыз жазып, іркіліссіз көрсетіп жатыр. Осы орайда айта кетейік, "Қазақпарат" агенттігі әлем таныған қаламгердің бір топ нақыл сөздерін оқырман назарына ұсыныпты. Көз жүгіртіп, көңілге тоқи отырайық.

-"Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел".

-"Сақтасаң, қазаққа жау болған қазақтан сақта."

-"Тәуелсіздіктің жолы - қатты, дәмі - тәтті".

-"Көркем әдебиет - ауыр артиллерия, публицистика - жеңіл кавалерия."

-"Шын жазушының көзі көкірегінде болады".

-"Театр көбейсе, түрма азаяды".

-"Күнәнің ең үлкені - жас баланы алдау".

-"Шындық - ащы һәм ажарсыз". (Шерхан МҰРТАЗА).

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз