ЖАЗУШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

ЖАЗУШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

   Жуырда Жазушылар одағында «Ұлы Даланың жеті қыры және қа-зақ әдебиеті» тақырыбында одақ бас-қармасының I пленумы өтті. Жиында Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы талқыланып, сонымен қатар басқарманың 9 айдағы атқарған жұмы-сының есебі тыңдалды.

 

   Осы бойынша Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет баяндама жасады. Сақ, ғұн дәуірінен бастап, ежелгі орта ғасыр кезеңі – көне түркі дәуірінен жалғастыра сөз сабақтаған төраға мақаланың тарихымызды түгендеудегі рөліне тоқталып өтті. Және бұл орайда қазақ әдебиетіне де зор міндет артылатынын айтты. 
   Сондай-ақ ұйымның жаңа бағыттағы жұмысы жайлы баяндап,  соның ішінде одақтың материалдық жағдайын түзеу, «Өлкетану» жобасы, мерейтойлық шаралар, өзге елдермен халықаралық шығармашылық байланыстар және басқа да қолға алынған мәселелер жайлы кеңінен айтып берді. Өз сөзінде Ұлықбек Есдәулет пленумға арнайы делегацияларын ұйымдастырып жіберген бірқатар облыс әкімдіктеріне, соның ішінде ақын Ер-лан Жүніс бастаған жетісулық делегацияның барып қайтуына қолдау көрсеткен облыс әкімі Амандық Баталовқа ризашылық білдіріп, алғыс айтты. 
   Одақ төрағасының бірінші орынбасары,  ақын Ақбе-рен Елгезек Жазушылар одағының жарғысына енгізуге ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды атап берді. Ескі жарғымен жаңаша жұмыс істеудің қиын екенін өз сөздерінде тілге тиек еткен басқарма мүшелері аталмыш ұсыныстарды бірауыздан қолдады. 
   Жиында көрнекті жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеев, Марал Ысқақбай және басқа да қаламгерлер Елбасы мақаласына орай ой қосып, пікірлерін білдірді. 
Басқосу соңында Тәуелсіздік күніне орай мем-лекеттік марапатқа ие болған қаламгерлердің аттары аталып, наградалары тапсырылды. 
 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Сағыныш Намазшамова

Оқи отырыңыз