Тамаша той тартуы

Тамаша той тартуы

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толады.  Ата-бабаларымыз осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерден өтіп, бастарын бәйгеге тігіп, ел мүддесі жолында жандарын құрбандыққа  шалды. Тоталитарлық жүйенің тепкісіне терідей иленген қаншама қайраткерлеріміз абақтыда жазықсыз ұсталып, олардың үрім-бұтағы қуғын-сүргін көрді. Арғы тарихты қозғасаң, елім деп ер жастанып, аттың жалында, түйенің қомында күн кешкен баһадүр бабаларымыздың ұлан-ғайыр даланы қорғаудағы жансебіл ерліктері еске түседі. Сан сойқанды басынан өткеріп, ел еркіндігі үшін жанын шүберекке түйген қарға тамырлы халық үшін ХХ ғасырдың соңында арайлап бақыт таңы атты. Елтаңбасы мен Гимнін қастерлеп, Көкбайрағы көкте қалқыған Қазақ мемлекетіне бүгінде әлем елдері қызыға да, қызғана да қарайды. Көздің қарашығындай қадірлеген тәуелсіздігімізді асқақтата жырлап, ел тәуелсіздігіне тарту жасау – барлық қазақстандықтардың борышы.

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толады.  Ата-бабаларымыз осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерден өтіп, бастарын бәйгеге тігіп, ел мүддесі жолында жандарын құрбандыққа  шалды. Тоталитарлық жүйенің тепкісіне терідей иленген қаншама қайраткерлеріміз абақтыда жазықсыз ұсталып, олардың үрім-бұтағы қуғын-сүргін көрді. Арғы тарихты қозғасаң, елім деп ер жастанып, аттың жалында, түйенің қомында күн кешкен баһадүр бабаларымыздың ұлан-ғайыр даланы қорғаудағы жансебіл ерліктері еске түседі. Сан сойқанды басынан өткеріп, ел еркіндігі үшін жанын шүберекке түйген қарға тамырлы халық үшін ХХ ғасырдың соңында арайлап бақыт таңы атты. Елтаңбасы мен Гимнін қастерлеп, Көкбайрағы көкте қалқыған Қазақ мемлекетіне бүгінде әлем елдері қызыға да, қызғана да қарайды. Көздің қарашығындай қадірлеген тәуелсіздігімізді асқақтата жырлап, ел тәуелсіздігіне тарту жасау – барлық қазақстандықтардың борышы.Бұл игі бастамаға Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы да сүбелі үлестерін қосуда. Жетісу өңірінің барлық аудандарындағы, елді мекендеріндегі Мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысын жүргізумен айналысатын бұл мекеме, негізінен, облыс тұрғындарының мәдени-әлеуметтік өмірін жандандырып, жақсарту, аудан, ауыл таланттарын табу, оларды дәріптеу, аудандық, қалалық, ауылдық  Мәдениет үйлері мен өңірдегі 88 халықтық ұжымның жұмысын ұйымдастырып, оларға әдістемелік көмек беру мақсатында жұмыстар атқарады.
Облыстағы мәдени ошақтар мен өнер ұжымдарының жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, мәдениет басқармасымен тікелей байланыстырып отыратын халық шығармашылығы орталығында 29,5 штат бірлігімен 31 адам жұмыс жасайды. Орталықтың әкімшілік басқару, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, экономикалық жоспарлау және қаржы, мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру, жастармен жұмыс жасау, техникалық жабдықтарды пайдалану бөлімдері халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ауыз толтырып айтатындай игі шараларды жүзеге асырып келеді.
«Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 шара» атты айдарымен мазмұнды шаралар – ақылы концерт, спектакль, дискотека, мерейтойлар ұйымдастырып, музыкалық аспаптарды және сахналық киімдерді жалға беріп, нарық жүйесі арқылы қосымша қаржы тауып отырған мәдени ошақтардың жұмысы көзге көріне бермейді. Қандай да  бір мәдени шара өтпесін, оған тұжырымдама, сценарий жазып, жоспар бойынша түрлі тақырыпта кітапшалар шығарып, қолөнер шеберлерімен байланыс орнатып, байқаулар, көрмелер ұйымдастыру да осы халық шығармашылығы орталығының үлесінде. Мұның сыртында ұлттық мәдениет орталықтарының жұмысына көмектесіп, әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары, тілдерін дамытуға байланысты мәдени шаралардың басы-қасында осы шығармашылық орталығының қызметкерлері жүреді. Нақты айтатын болсақ, биылғы жылдың ақпан айында облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, мұзбалақ Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналып ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден «Жырлайды жүрек» облыстық әншілер байқауы өткізіліп, өнерге құштар жастардың шығармашылық деңгейі арттырылды. Наурыз мерекесі қарсаңында осы сарайда Халықаралық әйелдер күніне арналып «Ана – тіршіліктің тірегі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Алакөл аудандық Мәдениет үйінде Қазақстанның халық әртісі, әнші Зейнеп Қойшыбаева атындағы «Жауқазындай жайдарлы үн» облыстық жеке әншілер байқауы, мамыр айында Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында және Ақсу ауданының Сағабүйен ауылында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, күйші Рахым Тәжібаевтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Күй құдіреті – ұрпаққа мұра» облыстық күйшілер байқауы өтіп, көпшілік көңілінен шықты. Шілде айында әлімсақтан тамыры үзілмей келе жатқан жыраулық үрдісті жаңғыртып, кеңінен насихаттау мақсатында «Тарихқа тағзым» атты республикалық жыршылар байқауы, Кеген ауданының Қарқара жайлауында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған «Тарихқа тағзым» атты мәдени шаралар, ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, театрландырылған қойылым көрсетілді, аудан орталығында монументальді ескерткіш кешені ашылды. 
Тамыз айы да мазмұнды шараларға толы болды. Мысал үшін айтатын болсақ, облыс көлемінде екі рет фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің репертуарында халық әндері мен халық композиторларының шығармалары насихатталса, Кербұлақ және Ақсу аудандары мен Талдықорған қаласында айтыскер саңлақтар Әбікен Сарыбаев пен тұйғын ақын атанған Қуат Терібаевтің, Ханша  Райысованың мерейтойларына орай «Өмір – жырым», «Тәуелсіздік – тағдырым», «Мен жырыммен мәңгімін» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Халық шығармашылығы орталығы қызметкерлерінің белсене қатысуымен Алматы қаласында Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақын Марфуға Айтқожинаның 80 жылдығына арналған «Бауырым! Қалайсыңдар, қалайсыңдар?» тақырыбымен шығармашылық кеші, «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» тақырыбында аудан, қалалардың мәдениет күндері, Астана қаласында «Қуатты өлке – қуатты Қазақстан» тақырыбында Алматы облысының мәдени күндері өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Басқа да ауқымды мәдени жоспарлар кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.  
Енді қазан айының екінші онкүндігінде жазушы Сайын Мұратбековтың 80 жылдығы, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек Ері, композитор Еркеғали Рахмадиевті еске алу кеші, қараша айында Қызылорда облысында «Жерұйық мекен – Жетісу» тақырыбында Алматы облысының күндері, Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 80 жылдығына орай «Жетісудың жұлдызды қызы – Зылиха» тақырыбымен ақындар мүшәйрасы өтеді. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы аясында аудан, қала мәдениет күндерінің гала-концерті, облыс әкімінің жүлдесі үшін «Жетісу жұлдыздары – 2016» балалар шығармашылығы байқауының қорытынды кезеңі және гала-концерт, Қазақстанның Халық әртісі, әнші, композитор Дәнеш Рақышевтің 90 жылдығына арналған «Рухы Дәнеш жаңғырады, ұрпағы арнап ән салады» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы, ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай «Жамбыл жырлағанда» атты жыр кеші, желтоқсан айында «Тәуелсіздік асулары» мәдени шаралары өткізілетін болады. Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты облыстық халық шығармашылығы орталығы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай айтулы мерекеге дейін осындай 25 маңызды шара өткізуде.

А. Мұхамади,
облыстық халық шығармашылығы 
орталығының әдіскері.

Оқи отырыңыз