Бес мектеп ашады

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және әлеуметтік салаға жауапты басқармалар басшылары Талғар ауданының тыныс-тіршілігімен танысты. Әлеуметтік нысандарды аралап, шешілуі тиіс мәселелерге ден қойды. Басшылық бірінші кезекте студенттердің арыз-шағымынан соң күрделі жөндеуден өткен Талғар медициналық колледжінің жатақxанасына бас сұқты. Аталмыш білім ордасында 978 білімгер тәрбиеленуде. 250 орынды жатақxанаға студенттер сыймай жатады. «Алматы облысының мемлекеттік арxиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Талғар филиалының нысаны талапқа сай емес. Құжаттар жертөледе сақтала...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 49 Уақыты: 20.06.2017

Өшпес әсер қалдырды

Райымбек ауданы, Ұзынбұлақ ауылындағы Ы. Көшкінов атындағы орта мектепте 6-сыныптың жетекшісі Ләззат Сүлейменованың ұйымдастыруымен жерлес ақын Нұрлан Қалқаға арналған тамаша тәрбие сағаты өтті. Нұрландай талантты ақын, қарымды қаламгер әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Бірсыпыра облыстық, республикалық газеттерде жұмыс істеген. Одан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі аппаратының түрлі бөлімінде жауапты қызметтер атқарды. Баспасөз қызметінің бас сарапшысы болды. ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі лауазымын атқарды. А...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 45 Уақыты: 12.06.2017

Өшпес әсер қалдырды

Райымбек ауданы, Ұзынбұлақ ауылындағы Ы. Көшкінов атындағы орта мектепте 6-сыныптың жетекшісі Ләззат Сүлейменованың ұйымдастыруымен жерлес ақын Нұрлан Қалқаға арналған тамаша тәрбие сағаты өтті. Нұрландай талантты ақын, қарымды қаламгер әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Бірсыпыра облыстық, республикалық газеттерде жұмыс істеген. Одан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі аппаратының түрлі бөлімінде жауапты қызметтер атқарды. Баспасөз қызметінің бас сарапшысы болды. ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі лауазымын атқард...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 43 Уақыты: 12.06.2017

"Іңкәрдің" тұсауы кесілді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылдық округінде 50 орынды жекеменшік «Іңкәр» балабақшасы ашылды. Ата-аналар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары алғыс арқалай келді. Хан сарайындай қос қабатты зәулім ғимарат алғашында тұрғын үй ретінде салынған. Кейін кәсіпкер әрі балабақша меңгерушісі Жанар Акимеева елге пайдасын тигізбек ниетпен үйді балабақшаға айналдырды. «Балбөбек» және «Балдырған» топтары толығып, балалар мектепке дейінгі білім алуға даяр. 21 адам қызмет ететін ғимарат заман...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 41 Уақыты: 06.06.2017

Періштелер жыламасын жалғанда

Бала бұл өмірдегі үлкен бақыт, қайталанбас шаттық. Кереметін көкке өрлетер жүректің, балаларға арналатын тілек мың. Періштелер сәнге бөлеп өмірді, шаттық үнмен алғаш рет шыр еттің, тамашасы болып тәтті тілектің. Қуантумен туыстардың барлығын, жариялап жақсылықтың жарлығын. Бұл өмірге келген сәби, бөпеден, жақсылықпен төгіледі әрбір үн. Жылылықты сыйлап қоймай жүрекке, тамашаға толтырады таң нұрын. Сәбиі бар талай көңіл көсілді, мейіріммен, шапағатпен өсірді. Балаларын адам көрмес қоғамға, бола берсін әрқашанда осы үлгі. Тек шаттықтан шығаратын шешімді, әлдилердің кіндігі де кесілді. Керемет...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 50 Уақыты: 01.06.2017

Үздік ауыл мектебі

Облыс әкімінің қолдауымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан педагогикалық байқаудың бірі – «Үздік ауыл мектебі». Биыл да ең үздік мектепті анықтау мақсатындағы игі шара облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өз деңгейінде өтті. Талдықорған қаласындағы №25 орта мектебінде топ жарған байқауға аудандық, қалалық сайыстарда үздік деп танылған 18 білім шаңырағы қатысты. Шараны облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова ашып, Елбасы биылғы Жолдауында ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою қажеттігін баса айтқанын, бүгінгі өткізіліп отырған байқ...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 54 Уақыты: 30.05.2017

Үш мектептің аты өзгертілді

Биылғы соңғы қоңырау аудан өңірінде ерекше аталып өтті. Олай дейтініміз, дәл сол күні үш бірдей мектепке ел-жұрты ұлықтаған тұлғалардың есімдері берілді. Аталған игі шараларға облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов пен аудан әкімі Бинәлі Ысқақ қатысты. Ақши ауылындағы көпжылдық тарихы бар білім шаңырағы енді Бөлек батыр атындағы орта мектебі болып өзгертілді. Қазақтың хас батыры осы өңірде туып-өскен. Атасы Сартай батыр сияқты Бөлек те ел намысы үшін күрескен ер еді. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атамекенді жаудан қорғап, көзсіз ерліктерге барды. Ол туралы талай-талай жыр-дастандар...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 46 Уақыты: 30.05.2017

Жазғы демалысқа дайындық

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының мәжіліс залында кеңейтілген семинар-кеңес өтті. Аталған жиынға барлық аудан, қаланың жазғы демалысқа жауапты қызметкерлері мен демалыс орындарының иелері және білім басқармасының өкілдері қатысты. Семинар-кеңесті жүргізіп отырған білім басқармасы басшысының орынбасары М. Омарова баяндама жасады. М. Омарова өз сөзінде жаз кезінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, оларды сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында бірқатар атқарылатын іспен таныстырып өтті. Бүгінгі таңда облыс бойынша қала сыртында 30 демалыс орны оның сыртында...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 35 Уақыты: 30.05.2017

Елу жыл бұрынғы түлектер

Аққайнар ауылындағы Тоқаш Бокин атындағы орта мектептің «Соңғы қоңырау» салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов қатысты. Бұл жолы ол Астанадан туған ауылына осы білім орнының бұдан елу жыл бұрынғы түлегі ретінде келді. Серік Әбікенұлының сыныптастары жан-жақтан туған жерге деген перзенттік жүректері алып-ұшып жетіп, мектеп жанында бір-бірімен арқа-жарқа кездесті. Жарты ғасыр бұрын олар дәл осы ыстық ұямен қимай қоштасып, сан тараулы үлкен өмірге аттанған болатын. Бүгінгі ақ самайлы аға-апалардың бір-біріне деген баяғы кіршіксіз көңілдерін...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 38 Уақыты: 29.05.2017

Қош, аяулы мектебім!

Облысымыз бойынша 14 177 түлек алтын ұя мектебінен түлеп ұшады, оның 9877-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тілек білдірді. Биыл республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына облыстан 210 оқушы қатысып, 82 медаль иеленді, оның 13-і алтын, 35-і күміс, 34-і қола медаль. Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауына облысымыздан 34 оқушы қатысып, 10 жоба жүлделі орынды иеленді. Байқаудағы жоғары жетістігі үшін Кербұлақ ауданының №49 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Абзал Айтмолданов «Үздік ауыл оқушысы» дипломымен марапатталды. Павлодар, А...
Толығырақ... Санат: КӨКЖИЕК Оқылды: 50 Уақыты: 25.05.2017

Оқи отырыңыз