МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мәдениет – ұлттың мәйегі. Әр халық өзіндік мәдениеті, руханияты, салт-дәстүрімен дара, биік. Жетісу мәдениетінің шоқтығын көтеріп жүрген де бүгінгі сала қызметкерлері – әнші, биші, күйші, әртістер, ауыл өнерін асқақтатып жүрген азаматтар, ән-жырын әуелеткен ата-әжелер. Ұлт руханиятының шырақшысы болып жүрген мұндай жандардың қашанда орны бөлек. Оларға ерекше құрмет көрсету мақсатында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Салтанат сарайында облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Мәдениет майталмандарының қуанышын бөліскен...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 30 Уақыты: 22.05.2018

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Америка және Канада елдерінің қант қызылшасын өсіретін және өңдейтін, осы сала бойынша техникалар шығаратын бірқатар кәсіпорын өкілдері Жетісу жеріне ат басын бұрды. Алыстан келген қонақтар облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің қабылдауында болып, қант қызылшасын өсіруге қатысты агротехникалық шараларды талқылады. Сондай-ақ, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан Омаровтың бастауымен Ескелді ауданындағы «Хильниченко и К» сенім серіктестігінің қант қызылшасы алқабын аралап техникалық әлеуетін бағамдап қайтты. БҰҰ-ның азық-түлік және ау...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 14 Уақыты: 22.05.2018

КЕМШІЛІКТЕР ТҮЗЕТІЛУГЕ ТИІС

Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасарлары мен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Жетісу жерінің жетістіктері мен көрсеткіштері туралы сөз қозғалған жиында атқарылуы тиіс міндеттерге орай аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырма берген облыс әкімі Амандық Баталов алдымен өз орынбасарларын тыңдап, сала бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысты. Алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов өңірде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жай-күйін баяндап, пайдалануға берілуі тиіс ғимараттардың дайындығын әңгімеледі. Оның айтуынша,...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 12 Уақыты: 22.05.2018

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

Жер жаннаты Жетісудың рухани азығына, тыныс-тіршілігінің айнасына айналған ғасырлық ғұмыры бар «Жетісу» газетінің мерейтойлық іс-шараларының бірі – оқырмандармен кездесу болатын. Мәні мен мазмұны бөлек бұл басқосуды талғарлық оқырмандарымыз да асыға күтті. Руханияттың қара шаңырағына айналған Талғар аудандық кітапханасында ұйымдастырылған кездесуге «Жетісу» газетін жата-жастана оқитын көнекөз қариялар бастаған қалың оқырман жиналды. Ғасырлық мерейтойды арқау еткен жиынға «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейрам...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 13 Уақыты: 22.05.2018

ЖОЛ САПАСЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ

Талдықорған қаласын газдандыру жұмысы мен жол құрылысы, тағы да басқа инфрақұрылымдарды жаңғыртуға байланысты жобалардың қауырт атқарылуы бірқатар қолайсыздықтарды да туындатты. Әсіресе қала ортасындағы жолдардағы ой-шұңқырлар көлік қозғалысын тежеп, оқыс оқиғалардың орын алуына себепкер болды. Осыған орай, түрлі арыз-шағым көбейіп, оның алды облыстық әкімдікке дейін жетті. Жуырда облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов осы мәселеге орай қаладағы бірнеше нысанды аралап көрді. Айдарбек Естебекұлы бастаған топ алдымен жол жөндеу жұмысы жүріп жатқан Шевченко көшесін бойлап, Қабанба...
Толығырақ... Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Оқылды: 13 Уақыты: 22.05.2018

ТАЛДЫҚОРҒАН "АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА" АЙНАЛАДЫ

Елбасымыздың жыл басындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы халық тарапынан кең қолдауға ие болып, соның негізінде көптеген игі істер жүзеге асып жатыр. Президентіміз оныншы міндетінде: «Ақылды қалалар» ақылды ұлт үшін», – деп атап өтті. Аядай ғана шаһар Талдықорғанның бүгінгі сәулетіне көз сүйсінеді. Күн санап, тіпті, сағат сайын дамып жатыр. Ардагерлер үйі елімізде ең алғаш болып біздің облысымызда, біздің қаламызда бой көтерді. Осының өзі келешекке жасалған нық қадам. Заман дамыған сайын мүм...
Толығырақ... Санат: ӘРТҮРЛІ Оқылды: 12 Уақыты: 22.05.2018

ОРМАНДА ОТ ЖАҚПАҢЫЗ

Орман – табиғаттың сыйы. Адамдарға емдік әсер ететін, күші мен қайратын қалпына келтіретін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен эстетикалық ләззат алуға мүмкіндік беретін денсаулық қоймасы. Алайда жалғыз-ақ шырпыдан ұшқан оттың осы бар сұлулықты лезде күлге айналдыратынын адамдардың ұғына бермейтіні өкінішті-ақ. Бүгінде облыста 15 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Олар орман қорын күзету, молықтыру мен өсiру, қадағалау сынды қызметтер атқарады. Осылардың ішінде күзеттің басты міндетінің бірі – ормандарды өрт апатынан қорғау. Қазірде облыс әкімдігіні...
Толығырақ... Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Оқылды: 11 Уақыты: 22.05.2018

АҒАРТУШЫҒА ҚҰРМЕТ

Ақсу жері тағы бір алыптың есімімен толықты. Жиырмасыншы жылдардың басында Талдықорған уездік ағарту бөлімінің меңгерушісі болған Мәкей Еркінбеков жайлы тың деректер табылды. Ол Ілияс Жансүгіров, Қуат Терібаев, «Мамания» мектебінде ұстаздық еткен, жетісулық алғашқы ағартушылардың бірі – Мейірман Ермектасовтармен рухани дос болған. Зиялылар Қапалдың Мұзбұлақ тауында бас қосып, өлең оқып, ел, жер жайлы әңгіме өрбіткен. Отызыншы жылдардағы ашаршылықта Мәкей Еркінбеков білім саласындағы басшылық қызметті өткізіп беріп, ата-анасыз қалған жеткіншектерге балалар үйін ашуды қолға а...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 54 Уақыты: 22.05.2018

АҚЫН МҮСІНІ МЕКТЕПТЕ

Жайсаң ауылындағы орта мектепте Қазақстанның Халық ақыны Әсімхан Қосбасарұлының мүсіні орнатылды. Ақын ескерткішінің ашылуына ауыл ақсақалдары мен тұрғындар, алыс-жақындағы туыстары және өзге де құрметті қонақтар келді. Салтанатты шара мектеп мұғалімі Өкей Абайдың арнау жырымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Дастан Шалтабаев өз сөзінде Ұлы Отан соғысының және Фин соғысының ардагері, Сүйінбай мен Жамбылдың жыр дәстүрін жалғастырған Әсімхан Қосбасарұлының өлеңмен өрілген өмір жолына кеңінен тоқталды. Ол ұлттық құндылықтарды ұлықтау бағытында атқарылған мәдени іс-шараның Елбасы Н....
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 10 Уақыты: 22.05.2018

Төрт айдағы табыс толымды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төрағалығымен өткен алқа отырысында төрт айдың әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен жылыту маусымы қорытындыланып, алға қойған межелі міндеттер пысықталды. Жиынға аудан, қала әкімдері, облыстық деңгейдегі департамент пен басқарма басшылары, мәслихат хатшылары, құқық қорғау органдары мен кәсіподақ ұйымдарының, «Нұр Отан» партиясы филиалының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыс әкімі Амандық Баталов алдымен күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелермен таныстырды. Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов төрт айдың ішінд...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 32 Уақыты: 18.05.2018