ҚҰНДЫ МҰРАҒАТТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Көктем – тіршілік атаулының оянып, жаңа бір өмір бастайтын шуақты шағы емес пе? Осы орайда облыстық тілдерді дамыту басқармасы (басшысы Айдар Башбаев) облыс әкімінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына орай «Жетісу көктемі» деп аталатын жас әдебиетшілердің бірінші форумын өткізді. Алқалы басқосуға жер жаннаты Жетісудың және еліміздің өзге де аймақтарынан 40-қа жуық жас ақын-жазушы қатысты. Дүйсенбі күні бастау алған форумның қонақтары ең алдымен Қарасай ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бой көтеріп, былтыр...
Толығырақ... Санат: РУХАНИЯТ Оқылды: 30 Уақыты: 23.04.2018

ЖЕТІСУ ЖЫРАУЛЫҚ МЕКТЕБІ ЖАНДАНДЫ

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында жер-жердегі жыраулардың басын қосып, байқау өткізді. Байқау Астана қаласының 20 жылдығына орай «Бәйтеректі ордам – басты ордам» деген тақырыппен қорытындыланды. Байқауға барлығы 10 ауданнан 13 өнерпаз қатысты. Жыр бәйгесінде мінбеге әділқазылар алқасының төрағасы, облыстың бас ақыны Айтақын Бұлғақов шығып: – Мақсат – еліміздегі жыршылық, жыраулық дәстүрді қайта жаңғырту. Ұлттық ө...
Толығырақ... Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Оқылды: 29 Уақыты: 23.04.2018

ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫ

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде игі шара өтті. Кәсіптік мерекені әріптестерімен бөлісу үшін Түркістан қаласындағы Тарихи-мәдени-этнографиялық орталықтың өкілдері арнайы келді. Олар «Киелі өлке мұралары» атты ұлттық зергерлік бұйымдардан тұратын көшпелі көрме ұйымдастырды. Қасиетті жерден әкелінген жәдігерлер мереке шырайын кіргізіп, кеш мазмұнын одан сайын байыта түсті. Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Есік» қорық-музейінің директоры Гүлмира Мұхтарова түркіс...
Толығырақ... Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Оқылды: 25 Уақыты: 23.04.2018

СУ ТАЗАРТАТЫН ҚОНДЫРҒЫ

Қарасай ауданының Абай ауылында елімізде баламасы жоқ су тазартатын қондырғы іске қосылды. «Kagazy Recycling» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов арнайы келді. «Kagazy Recycling» компаниясы Қазақстанда қалдық қағаздан картон өнімдерін өндіретін ең ірі кәсіпорын. Суды көп мөлшерде тұтынатын нысан кәріз жүйелеріне салмақ түсіріп, ауаға жағымсыз иіс таратады. Бұл мәселе жайында облыстық экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов бұған дейін де хабарлаған болатын. Өздерін...
Толығырақ... Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Оқылды: 24 Уақыты: 23.04.2018

ТАУ КӨШКІНІ БАҚЫЛАУДА

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Кеген ауданы Саты ауылының маңындағы тау қыртысының жылжуына орай тәулік бойы үздіксіз кезекшілік жасауда. Жергілікті атқарушы органдар, күштік құрылымдар мен «Қазселденқорғау» ММ басшылығы тау қыртысының бұдан былайғы қозғалысын зерттеп жатыр. – Тауға мал айдау үшін таңертең ерте тұрғанмын. Сол кезде мен тау бөлініп жатқанын байқадым және гүрілдеген дауыс қоса естілді. Қорқып кеттім. Ауыл әкіміне айту қажет деп шештім. Шамамен 20 минуттан кейін ауыл әкімі «Көлсай көлдері» ұлттық паркі директорының орынбаса...
Толығырақ... Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Оқылды: 35 Уақыты: 23.04.2018

ЖЕТІСУ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Жетісу жеріндегі сапарында облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге бес ауданның бірқатар ауылшаруашылығы нысанын аралап қайтты. Сол ретте Қапшағай қаласындағы жаңадан салынып жатқан «Маревен Фуд Тянь-Шань» зауыты мен «Green Land Alatau» жылыжай кешеніне ат басын бұрып, жұмыс жағдайымен танысты. «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС «Роллтон» тауарлық белгісімен танымал жылдам дайындалатын кеспе, кең қолданыстағы тағамдар мен жартылай фабрикаттар дайындауға бағытталған. Зауыт...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 19 Уақыты: 23.04.2018

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Екі жүз мыңға жуық тұрғынның құтты мекеніне айналған Талғар топырағы құнарлылығымен ерекшеленеді. Сондықтан болар, ел ішінде «тарықсаң Талғарға бар» деген тәмсіл қалыптасқан. Көнеден ырыс-ынтымағы артып, айрандай ұйыған ауданға әкім болып жаңадан тағайындалған Рыскелді Сатбаев ел ішін аралап, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен жете танысты. Аудандық мәслихат хатшысы Жұмахан Еңкебаевпен бірге ол бір қалалық, он ауылдық актив жиынын өткізіп, ақсақалдармен, әлеуметтік маңызы зор нысан қызметкерлерімен кездесті. Құрамына тоғыз елді мекен кіретін, 15 мыңнан астам тұрғыны бар Қыз...
Толығырақ... Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Оқылды: 17 Уақыты: 23.04.2018

ҚОС ГАЗЕТТІҢ ҚУАНЫШЫ

Әманда адам баласы ақпаратсыз бір сәт те ғұмыр кеше алмайды. Өзі өмір сүретін қоғамы жайлы, оның тыныс-тіршілігінен хабардар болуы шартты жайт. Күнделікті өзгерістер, бояуы бөлек тарихи сәттер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жол тартады. Жаңалыққа жаны құмар, елінің болашағынан үлкен үміт күтетін жандар басылым беттерін, радио, телеарна, әлеуметтік желілерді үзбей бақылауда ұстайды. Осылардың ішіндегі көненің көзі іспеттес, талай өзгерістер орын алса да өз болмысы мен маңызын жоғалтпағаны – газет. Ал газеттің оқырмансыз құны жоқ. Қазақ баспасөзіндегі ең қария басылым, жүз жы...
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 34 Уақыты: 23.04.2018

АБЫРОЙ БИІГІ

Көпшілік құрметіне бөленген белгілі тұлғалардың бірі, отставкадағы полковник Мәлік ТҰРДЫҚҰЛОВ 70 жастың желкенін көтерді. Ел алғысын арқалаған ардақты азамат 1948 жылдың 24 сәуірінде Талдықорған қаласында дүние есігін ашты. Қарапайым жұмысшылардың отбасында есейген ұл бір кіндіктен тараған аға-әпкесімен қатал тәрбиеде болды. Ата-анасы үлкен жетістіктерге иелік етпесе де, өз-өздеріне деген сенімділіктің арқасында тұрмыстан таршылық көрген жоқ. Балалар да ата-ананың қатал тәрбиесінің нәтижесінде бір-біріне арқа сүйеп, бауырмал болып өсті. Әрқашанда сындарлы сәтте қол ұшын созуға әзір тұрды....
Толығырақ... Санат: БАСТЫ БЕТ Оқылды: 14 Уақыты: 23.04.2018

Әскери тәртіп пен қорғаныс шебінде...

ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы органдарының құрылғанына 21 жыл болды. Осыған орай Талдықорған гарнизонының әскери полиция жасағының жеке құрамына мерекелік бұйрық оқылып, қызмет барысында көзге түскен әскери қызметшілер басшылықтың грамоталарымен марапатталды. Салтанатты шарада әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник Қайрат Жүніспеков әскери полицияның құрылуы мен міндеттеріне арнайы тоқталып өтті. Талдықорған гарнизонының әскери полициясы әскери комендатура мен автомобиль инспекциясынан бастау алған. Бөлім бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің арнайы әскери құрылымдық бөлімшелеріні...
Толығырақ... Санат: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ Оқылды: 39 Уақыты: 23.04.2018