РОЖДЕСТВОЛЫҚ СЫЙЛЫҚ ТАРАТЫЛДЫ

Облыс әкімінің орынбасарыАқан Әбдуәлиев, облыстағы дін іс-тері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов Талдықорғандағы Иоанн Богослов соборында православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады. – Тұрақтылық пен келісім бекем орныққан біздің елімізде түрлі ұлт өкілдері мен сан тараулы діни сенім иелері тоғысып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Рождество – үндестікті, мейірім мен өзара түсіністікті бейнелейтін ерекше мереке, – деп атап өтті өз сөзінде Ақан Жылқышыбайұлы. Артынша құттықтау сөз сөйлеген иеромонах Клавдиан Поляков шіркеуге келушілерді мерекемен құттықтап,...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 164 Уақыты: 10.01.2019

МЕШІТ - ІЗГІЛІК ОРДАСЫ

Жақсы іс жан қуантады. Осыдан он екі жыл бұрын құрылысы басталып, кейін қаражат жетіспеушілігінен тоқтап қалған мешіт ғимараты қайта көтеріліп, қала тұрғындарын қуантты. Заманауи үлгіде әсемделген Алла үйінің ашылу салтанатына қала тұрғындары қатысып, рухани шараға куә болды. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының дін істері және талдау бөлімінің басшысы Нұрбек қажы Әуезханұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Халық Қаһарманы”, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдар...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 173 Уақыты: 14.12.2018

МАҚСАТ - ТЕРІС ИДЕЯЛАРҒА ТОҚТАМ САЛУ

Еліміздегі діни ахуалдың дұрыс қалыптасуына, конфессияаралық келісімнің нығаюына Жетісу жерінің жұртшылығы елеулі үлес қосып келеді. Осыған орай облыс орталығындағы Салтанат сарайында «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары: өңіраралық тәжірибе алмасу» атты республикалық семинар-практикум өтті. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қоғамдық келісім комитетінің келісімімен облыстық дін істері басқармасы ұйымдастырған семинар мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруды, еліміздегі тыныштықты, тұрақтылықты, бейбітшілікті қамтамасыз етуді, зайырлылық қағидатта...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 132 Уақыты: 13.12.2018

МҰҚТАЖДАРҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

Әрбір ауылдың, әрбір қаланың көркеюі азаматтардың жанашырлығына, отаншылдығына байланысты. Туған ауылын түлетіп, тұрғындарының жағдайын жасап отырған азаматтар баршылық. Солардың игілікті істері көпке үлгі. Жақында Талдықорған қаласындағы мешіт имамдары қаладағы мұқтаж отбасыларға көмір, отын түсіріп беріп, халықтың разылығын алды. Биыл кенеттен жауған қардың ызғары кейбір отбасыларды әбігерге түсіргені анық. Өйткені, күздің қоңыр салқын күндері аяқталмай жатып, қыс түсті. Соған байланысты отын-суын дайындап, қажетті көмір алмағандардың жай-күйі белгілі болып қалды. Осыны көрген жанаш...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 185 Уақыты: 21.11.2018

Әміре ӘРІН: "КҮНІНЕ ТӨРТ ТОННА ЦЕМЕНТ ҚҰЙДЫМ"

Күні үшін дінді сауда қылатындар көбеюде. Әртүрлі діндіұстанып, әр құбылаға қарап жығылатындарды көзіміз көріп жүр. Дәстүрімізді мансұқ қылып, маңызсыз мақсаты үшін қазақты қаралауға бар мәңгүрттер де құмырсқадай қаптап барады. Олардан қалай құтыламыз? Ол үшін не істеу керек? Ұлтты сүю ұршықты айналдыру емес, не жалпақ сөзбен ұрандап, ұртың суалғанша айқайлауда да жатқан жоқ. Алдымен осы елдің тілін, ділін, дінін қадірлеуің шарт. Ол әрбірден соң сенің перзенттік парызың, ардан асқақ аманатың. Кейде мен кешегі қисық қылышымен жер-әлемнің келбетін өзінше сызған, аузынан Алласы түспеген батыр баб...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 232 Уақыты: 19.11.2018

ДІН МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРГЕН ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Алматы облыстық дін істері басқармасы «Дін тағдыры – ел тағдыры» атты БАҚ өкілдері арасындағы байқауқорытындысын шығарып, үздіктерді марапаттады. Бірнеше жылдан бері дәстүрге айналғанбайқауғақатысушылардыңқатарыкөбейіп келеді. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов жиналған қауымға қуана жеткізді. – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, салт-дәстүр менмәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай білу және тағылымы мол тари...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 286 Уақыты: 31.10.2018

ИСЛАМ ЖӘНЕ ҮРЕЙ

«Қаныңа сіңген қасиетіңнен жеріп,не опа таппақсың, қалыбыңнан асып қандай кейіпке енбексің, қазағыңнан жарылып қай ұлттың сұлтаны болуды мұрат еттің?». Осындай көкейкесті сауалдар санаға тұрақтағалы да сан тараулы жолды бастан өткеріп үлгердік. Керуенің көшті. Уақыт ұршығы шыр айналды. Сол ұлы уақыт жазар деген қоғамдық сырқаттан сақаяр нышан байқалмайды. Иіріміне тартқан қанды теңіздей қандастарымызды жасы мен жасамысына дейін ағымына тартқан жат пиғылдылар, ашығын айтсақ, өздерін сәләфиттерміз дейтін уахабистер қасиетті дінімізді күйелештеп бітті. Соның салдарынан «дінім &n...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 254 Уақыты: 29.10.2018

ЕРТЕҢ ӘЛЕМДІК ДІН ӨКІЛДЕРІНІҢ СЪЕЗІ ӨТЕДІ

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының кезекті отырысы басталды. Аталған жиын осымен 17 ретөтіп отыр. Онда съезге дайындық жұмыстары пысықталады. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабарлады. ОтырыстыҚР Парламент Сенатының төрағасы, хатшылықжетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Оның айтуынша, дін - саясат пен халықаралық қатынастардың ажырамас бөлігі.XXI ғасырда кең ауқымды материалдық, ғылыми-техникалық және зияткерлік мүкіндіктерге қарамастан, рухани даму - саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық салаларына ортақ мәселе. "Соңғы...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 301 Уақыты: 09.10.2018

ІЗГІЛІКПЕН ІЗІНЕ ЕРТІП, ІРГЕМІЗДІ СӨГІП ЖҮРМЕСІН

Үскірік аяз шарпыған қыстың көзі қырауда жылусыз отырған жұпыны үйлерге тонналап тегін көмір түсіріп кететін қайырымды жандарды кездестіріп пе едіңіз? Тіпті, сенбейтін де шығарсыз. Ал иланғаннан күннің өзінде мұндай ізгілікті адамдарға ерекше таңданыспен алғыс жаудырып, аяғына жығыла салуыңыз бек мүмкін. Неге дейсіз ғой? Өйткені, сіз де, біз де мына қоғамда қайтарымсыз қайырымдылық жасайтын шын мәніндегі жомарттарға шөліркеп жүрміз. Біздің қоғамның мұндай аңсарын әлгі жақсылық жасағыш жымысқылар жақсы біледі және осы осалдығымызды ұтымды пайдаланады. Олар бір қарағанда ғана осындай қайырымды,...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 711 Уақыты: 20.09.2018

СӘЛӘФИЗМ - САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ

Ішің қалайша қан жыламайды, жүрегің сыздамайды? Құдды бір Әбіл мен Қабылдың кебі келгендей... Кеше Қазақ еді ғой, алаяқтарға ерді, сәләфи (псевдо салафи) болды, сосын бір-ақ күнде террористке айналып шыға келді. Өз қанын, өз қағынан шыққан қазағын қолы қалтырамастан өлтіре салды. Атты, бауыздады. Өз мемлекетіне қарсы шықты. Демек, кез келген сәләфит кез келген уақытта террористке айнала алады деген тұжырым жасауға әбден болады. Соңғы террористі өлтірдік деп қуанып жатырмыз... Шын мәнінде өз бауырымызды өлтірдік. Қынадай қырылғандардың бәрі қыршындай жас. Қайдағы жоқ біреулердің азғыру...
Толығырақ... Санат: ДІН МЕН ДӘСТҮР Оқылды: 200 Уақыты: 10.09.2018

Оқи отырыңыз