НАРЫНҚОЛДАҒЫ НАУБАЙХАНА

НАРЫНҚОЛДАҒЫ НАУБАЙХАНА

Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында көптеген наубайхана бар. Соның бірі ауылдағы белгілі кәсіпкер Нұрзия Дәлденбаеваға тиесілі. 

Ол 2005 жылдан бері адал еңбегімен халқына қызмет етіп келеді. Наубайханада пісірген нандарын сататын «Дәмді нан» атты дүкені – ел игілігі іспетті. Сол арқылы Нұрзиядай кәсіпкер ана бірнеше адамды еңбекпен қамтып отыр. Олар күнделікті дастарқанға қажет наннан бөлек сұраныспен мерекелік тәтті тағамдар, ұннан әртүрлі дәмді нан, тоқаштар дайындайды. 
– Мынау жарық дүниеде өмірдің өзегі – нанға жетер ештеңе жоқ. Жұп-жұмсақ дәмді нан астың дәмін кіргізеді. Шебер қолдан шыққан өрнекті нандар да той дастарқанының шырайын ашады. Сол үшін де ел-жұртыма ақкөңіліммен, пейіліммен аппақ нанмен тәтті тоқаштарымды ұсынып келемін, – дейді Нұрзия өзіне тән жайдары мінезімен жылы жымиып.
Дүкен келушілерден үзілген емес, керісінше, тұтынушылар қатары көбейген. Ең бастысы, Нұрзиядай кәсіпкерлер ел алғысын арқалап келеді.  

Қанат Біржансал
Райымбек ауданы

Оқи отырыңыз