Көлік апатынынан бір адам қаза тапты

Көлік апатынынан бір адам қаза тапты

Алматы - Қапшағай тасжолының 34-шақырымында жүк көліктері соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты "СТВ" телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, цемент таситын көлік Қапшағай қаласына қарай кетіп бара жатқан. Белгісіз себептермен ол бар жылдамдығымен жол бойында тоқтап тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан миксердің салонында болған жолаушы жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты. Ал жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға болған жер қоршауға алынған. Жол апатының мән-жайын полицейлер анықтайтын болады.

Оқи отырыңыз