АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАР АРАЛАС ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАР АРАЛАС ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

Ертең Алматы облысында жауын-шашын басталады. Тіпті, облыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауып, күн күрт суытады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның бес облысында дауыл тұрады. Ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. "13 қазанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 23-28, оңтүстік-батыста 30 метрге дейін жетеді. 14 қазанда күндізгі ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді. 13 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 23-28 метр болады, дауыл ықтималдығы 85-90 пайыз", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Алматы облысында тұрақсыз салқын ауа райы сақталатыны туралы айтылған.
 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз