ЖЕТІСУ ТӨРІНЕН ЖЕТІ СУБҰРҚАҚ АШЫЛДЫ

ЖЕТІСУ ТӨРІНЕН ЖЕТІ СУБҰРҚАҚ АШЫЛДЫ

Алматыға барсақ, Талдықорғанға қайтқымыз келіп тұрады. Бұл сөзді бүгін облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ Талдықорған қаласының орталық алаңындағы субұрқақтың ашылу салтанатында айтты.

Үлкен  үйдің  кенжесіндей  сырбаз да сәнқой  қаламыздың күн санап құлпырып келе жатқанына ел куә. Кеше ғана сапарлап келген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірімізге оң бағасын беріп, мейманамызды бір тасытқан еді. Енді,  міне, бүгін орталық  алаңда әуенді  субұрбақ ашылып, мерейімізді одан әрі асқақтатты. Қуаныштың  қосарланып  келетіні қандай жақсы! Салтанатты  шарада алдымен  сөз  тізгінін алған  өңір  басшысы қала тұрғындарына  ақ тілегін  арнап, осы бір қуанышты  сәттің  куәгері  болғанына қуанышты екенін жеткізді.

– Құрметті  қауым, бүгін  біз керемет кештің  куәсі болып отырмыз. Жаңа ашылған  әуенді  субұрқақ халқымыздың  игілігіне  жарар деген ойдамын. Бұл нысан  әсіресе  жастардың  көңілін  баурап алатынына күмәнім  жоқ. Қаламыздың  көркін  одан әрі  әрлеп,  келген  қонақтарға  ерекше  көңіл-күй сыйлайтынына  сенімім  мол. Талдықорғаннан асқан сұлу шаһар жоқ. Алматыға барсам, Талдықорғанға қайтқым келіп тұрады. Қаламызды жандандыруға бірге күш салайық, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Одан  кейін  Талдықорған  қаласының Құрметті азаматы Оралбек Жақиянов пен қала тұрғыны Елена Руслановна өңір  басшысына өз алғыстарын білдіріп, жиналған  жұртқа лебіздерін арнады. Құттықтаулар аяқталысымен облыс әкімі Амандық Баталов көпшілікпен бірге оннан кері қарай санап, әуенді субұрқақты іске қосты. Артынан аспанға отшашулар атылды. Шара соңы Айдана Меденова бастаған эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концертке ұласты.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Фото - Айдын НҰРШАНОВ

Оқи отырыңыз