ЖЕЛТОҚСАНДА 13 КҮН ДЕМАЛАМЫЗ

ЖЕЛТОҚСАНДА 13 КҮН ДЕМАЛАМЫЗ

Желтоқсан айында ҚР Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күндері аталып өтеді. Осыған байланысты қазақстандықтарға төрт күн демалыс берілмек. Биыл 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні сенбіге келіп тұр. Егер мемлекеттік мереке сенбі, жексенбіге келсе, демалыс бір күнге ұзартылады. Сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады.

Ал 16-17 желтоқсан күндері Қазақстанда Тәуелсіздік күні тойланады. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түскендіктен, демалыс күні 18 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, Қазақстан тұрғындары 15,16,17 және 18 желтоқсанда төрт күн жұмысқа шықпайды. ҚР Еңбек кодексінің 85-бабы, 3-тармағына сәйкес, Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Сондықтан, дүйсенбі - 31 желтоқсандағы жұмыс күні сенбі - 29 желтоқсанға ауыстырылады және қазақстандықтар 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін тағы төрт күн жұмыс кеңсесіне бармайды. Сонда желтоқсан айында қазақстандықтар 13 күн бойы жұмыс істемейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз