МАҚСАТЫМЫЗ - ТАТУЛЫҚ

МАҚСАТЫМЫЗ - ТАТУЛЫҚ

Талдықорған қаласындағы Рухани жаңғыру орталығында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес отырысы өтті. Оған Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім және облыстық этномәдени орталықтардың төрағалары қатысты.

Жиынды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай жүргізіп отырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын тілге тиек еткен ол ұлттық құндылығымыз әспеттеліп, тарихымыздың түгенделетінін айтты. Әрмен қарай сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы Сәуле Сұрабалдинова этномәдени орталықтар туралы ақпарат берді. Өңірде ынтымағы жарасқан 105 этнос өкілдері өзара тату-тәтті өмір сүруде. 71 этномәдени бірлестіктің 26-сы облыстық, 35-сі аудандық және 10-ы қалалық. Әртүрлі ұлт өкілдерінің өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдай жасалған.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы Ләйлім Омарбаева 2019 жылдың жоспарын бекіту жайлы баяндама оқыды. Ғабит Тұрсынбайұлы облыс аумағындағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісім, медиацияны дамыту туралы ойымен бөлісті. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы алға қойған негізгі мақсат-міндеттерге тоқталды.

Мәулен Әнербай

Оқи отырыңыз