АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АУЫСТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АУЫСТЫ

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне басшы болып Ерлан Нұрпейісов тағайындалды. Бұл туралы "Қазақпарат" тілшісі Самал Қапышева хабарлады.

Ерлан Сәдкенұлы азаматтық қорғау органдарында 1989 жылдан қызмет атқарып келеді. Жоғары білімі бар. 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы МБҚБ бастығының орынбасары, 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары, 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалының бастығы, 2012 жылдан ҚР ТЖМ Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Ерлан Нұрпейісов І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», ІІ дәрежелі «Айбын» орденідермен және «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз