ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті ХХХVIII сессиясы өтті. Онда алдағы үш жылдың облыстық бюджеті туралы мәселе қаралды. Сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов хабарлама жасады. Жомарт Амангелдіұлы 2019 жылға арналған бюджет жобасы 449,7 млрд. теңге болып бекітілгенін айтты. Басқарма басшысының сөзіне жүгінсек, алдағы үш жылға арналған қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған. Бұл шамамен 682 млрд. теңге, ол – бюджеттің 54,4 пайызын құрайды. Қалған қаражат тұрғын үй-коммуналды...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 66 Уақыты: 14.12.2018

ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Тамыз айынан бері облыстың 500-ден аса кәсіпкері «Atameken Services» порталы арқылы онлайн режимде қызмет түрін пайдаланды. Портал services.atameken.kz мекенжайы бойынша қолжетімді. Кәсіпкер бухгалтерлік және есеп, ақпараттық технологиялар, құқықтық, кедендік рәсімдеу, қолдау шаралары бойынша ақпарат, кәсіпкерлердің өтініштерін сүйемелдеу, маркетинг, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, мемлекеттік сатып алу сынды жалпы саны 69 қызмет түріне тапсырыс беріп, пайдалана алады. Жүйе елдегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. &ndas...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 65 Уақыты: 14.12.2018

ЖЫЛЫНА 21 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ

Жыл сайын желтоқсандағы екі үлкен мереке аралығында еліміз бойыншаөткізілетін Жалпыұлттық телекөпірде республика аймақтарында экономиканың дамуына серпін беретін ірі кәсіпорындар іске қосылады. Мұндай игілікті істі Тәуелсіздік тартуы деп бағалау дәстүрге айналған. Биылғы «Индустрияландрудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» деген атаумен ұйымдастырылған Жалпы ұлттық телекөпір барысында жұмысқа кіріскен индустриялды-инновациялық жобалар арасында құрылысы басталғалы біраз болған, содан бері ел құлағын елеңдетіп отырған «Маревен Фуд Тянь-Шань» трансұлттық компаниясы...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 66 Уақыты: 14.12.2018

ЖАҢА ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні аясында өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты телекөпірде еліміздің әр өңірімен тікелей байланыс арқылы онлайн режімде бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлы жобалар іске қосылды. Телекөпір барысында Мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 28 жаңа жоба таныстырылып, іске қосылды. Жылпыұлттық телекөпір барысында облыс әкімі Амандық Баталовтың мұрындық болуымен таныстырылған жаңа жобалар қат...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 111 Уақыты: 13.12.2018

БЮДЖЕТТІҢ ҚОРЖЫНЫ ТОҚ

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы жылдың он бір айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы және еліміздегі жекешелендіруді жүргізу бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндама жасады. Сонымен қатар, бірқатар облыс басшысы да өңірдегі жағдайлары туралы айтып өтті. Жиналыста Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімі үш ай бойы 4,1% деңгейінде сақталып отырғанын атап өтті. Өнеркәсіп, а...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 106 Уақыты: 13.12.2018

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ - БАЙЛЫҚ КӨЗІ

Алматы мен Жамбыл облыстарында суармалы жағдайда аса бағалы техникалық дақыл саналатын қант қызылшасы өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап егіле бастады. Себебі, екі облыстың жер жағдайы мен ауа райы аталған дақылды өсіруге өте қолайлы. Кезінде осы об- лыстардағы суармалы жердің басым бөлігін қант қызылшасы алып жатты. Қазіргі кезде оны өндіру қиын жағдайға тап болып отыр. 1970 – 2010 жылдар аралығында қант қызылшасы өнімінің түсімі гектарына 350-ден 110-150 центнерге, қанттылығы 14,4-тен 9-11 пайызға дейін кеміді. Егіс көлемі де күрт төмендеді. Мысалы, өткен ғасырдың 70-ші жылдары қыз...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 60 Уақыты: 13.12.2018

ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ 7 ҚАДАМЫ

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Табысқа жетудің 7 қадамы» атты түсіндіру акциясы өтті. Онда 100-ден аса жас кәсіп ашудың қыр-сыры бойынша кеңес алды. Шараның басты мақсаты кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын кең көлемде түсіндіру және жастарды бизнес-жобаларды іске асыруға тарту. Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Сәния Наурызбаеваның сөзінше, акцияның «Табысқа жетудің 7 қадамы» аталуы кездейсоқ емес. 7 қадам деген жаңадан бастаған кәсіпкерлермен қатар, тәжірибелі кәсіпкерлер үшін де қажетті және пайдалы 7 қызмет түрі болып табылад...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 91 Уақыты: 12.12.2018

КҮН ЖӘНЕ ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНСЫЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанның энергетикалық кешені жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) екі нысанымен толықты. Алматы қаласында қуаты 1 МВт күн электр стансысы (КЭС) және қуаты 5 МВт жел электр стансысы (ЖЭС) іске қосылды. Осыған орайластырылған салтанатты шара КЭС орналасқан «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында өтті. Жоба Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің арасында жасалған келісім аясында іске асырылды. Оның операторлары ретінде Қазақстан тарапынан «Самұрық-Энерго» АҚ, Қытай тарапынан «Powerchina Zhongnan Engineering...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 99 Уақыты: 10.12.2018

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

Алматы қаласындағы облыс әкімінің өкілдігінде облыс әкімінің орынбасары Айдарбек БАЙЖАНОВТЫҢ төрағалығымен алқалы жиын өтті. Оған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысының орынбасары Нұрлан Шаяхметов, «Жетісу-ОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов және өлкедегі көгілдір отынмен айналысатын кәсіпорындардың басшылары қатысты. Айдарбек Естебекұлы облыс бойынша елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жұмысының қарқынды жүргізіліп келе жатқанын айтып, осыған байланысты туындап отырған бірқатар мәселеге тоқталып өтті. – Үкімет басшысы Бақытжан С...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 84 Уақыты: 10.12.2018

ЕРКІНДІКТЕРДІҢ ШАҒЫМЫ ТЫҢДАЛДЫ

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекеге қабілеттілікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс және қалаға қарасты мекеме мамандары Талдықорған қаласы, Еркін ауылының тұрғындарымен кездесіп, тарифтерді төмендету мен елді мекенде орын алған келеңсіздіктер төңірегінде әңгіме өрбітті. Алдымен жиналған көпшілікке аталған департамент басшысының орынбасары Гүлнар Шарапиева Елбасы Жолдауында айтылған мәселелерді түсіндіріп өтті. Осыдан кейін кездесуге келген тұрғындардың өтінішін қарап, тиісті мекеме...
Толығырақ... Санат: ЭКОНОМИКА Оқылды: 77 Уақыты: 10.12.2018

Оқи отырыңыз