НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛДЫ

НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛДЫ

   Жоңышқаны екінші рет шапқандағы жиналған өнім аз болған жоқ. 5560 гектардан 22240 тонна мал азығы дайындалды. Осынау игі іс Айту би ауылдық округіне қарасты «Нұрлы» шаруа қожалығында да соны серпінмен жүріп жатыр. Гауһар Тұрысбаева басшылық ететін шаруашылықта 501 гектар суармалы жер бар. 300 гектар жерге сафлор, 21 гектар жерге майбұршақ, 180 гектар жерге көпжылдық шөп егіліпті. Серіктестік еңбеккерлері шаруашылыққа қарасты жердің 60 гектарын орып, еңсеріп тастады. Мал дайындауға қажет техниканың бәрі сағат тіліндей сыртылдап, кідіріссіз істеуде. 
   Мұнда «Германка» деп аталып кеткен комбайндар жоңышқа шауып, 4 трактор шөп тайлауға кіріскен. Науқанды жұмысқа білек сыбана кіріскен ауылшаруашылығы еңбеккерлері әр күннің жылға азық екенін жақсы біледі. Әр гектарға шаққанда 40 центнерден айналып отыр. Қазірдің өзінде 500-ге жуық орама шөп дайындалыпты. Трактор жүргізушісі Мақсат Мырзабеков, комбайншы Қанат Шалов секілді еңбеккерлер білек сыбана жұмыс істеп, дала төсін дүбірге бөлеуде. 

А. ӨМІРБАЕВ
Қаратал ауданы 

Оқи отырыңыз