КЕДЕЙЛІКТЕН АРЫЛЫП КЕЛЕМІЗ

КЕДЕЙЛІКТЕН АРЫЛЫП КЕЛЕМІЗ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова кедейлік деңгейін төмендетуге қатысты мәліметтерді жариялады. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабарлады. Министрдің айтуынша, мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың нәтижесінде өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері жақсарған.

"Қазақстанда кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6 пайыздан 2018 жылғы екінші тоқсан қорытындысы бойынша 4,7 пайызға қысқарды. Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақша табысы  2001-2017 жыл аралығында 10,8 есеге өсіп, 83 мың 53 теңгені құрады», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Оның сөзіне қарағанда, халықтың табыстар бойынша теңсіздігі қысқарып келеді. Джини индексінің мәні 2001-2017 жыл аралығында 0,287 дейін 1,3 есеге қысқарды. «Кедейлік тереңдігі 2001-2017 жылға дейін 37 есеге, яғни, тиісінше 14,8 пайыздан 0,4 дейін, кедейлік өткірлігі 65 есеге, 6,5 пайыздан 0,1 пайызға дейін азайды», - деді Мәдина Әбілқасымова. Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын жетілдіру бойынша ұсыныстар пысықталып жатқанын мәлім етті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқи отырыңыз