ЖЕТІСТІК АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Сынаптай сырғыған уақыттың бір жылын Жетісу жері толайым табыстармен тарих қамбасына тоғытқалы отыр. Ерен күшпен атқарылған әрбір жұмыс жемісті, нәтижелі болды. Алдағы 2019 жылды облысымыз әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі ұстанымдары бойынша жақсы нәтижелермен қарсы алмақ. Бұл туралы облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ аппараттық кеңес барысында мәлімдеді.

 

– Биыл біз үшін жарқын жетістіктерге толы жыл болды. Ең маңызды оқиға – Мемлекет басшысының жеке тапсырмасы бойынша қайта жаңғыртылған Ақсу қант зауытының іске қосылуы,  Астана қаласының 20 жылдығына орай Елорда төрінде «Жетісу» саябағының ашылуы. Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс сынды өзге де салалар бойынша көптеген нәтижелерге қол жеткіздік, – деп атап өтті облыс басшысы.
Ақиқатында облыстағы қос қант за-уытының өнімі көл-көсір болды. Қант қы-зылшасын өңдеу көрсеткіші бойынша өңі-ріміз биыл рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Ал Астанаға тарту ретінде бас шаһардың төрінде ашылған «Жетісу» мәдени-демалыс саябағы жетісулықтарға Елбасының алғы-сын арқалатты. Дәл осындай жарқын же-тістіктер сараланған жиын барысында биыл болған кадрлық ауыс-түйістер туралы да әңгіме өрбіді. Ағымдағы жылы бірқатар аудан әкімінің орынбасарлары аймақ бас-шысы лауазымына ие болып, оларға зор сенім артылды. Осындай оң өзгерістер мен жаңа шешімдер, жыл бойғы атқарылған игі істерге тоқталған өңір басшысы өз ке-зегінде жекелеген кемшіліктерді де атап өтіп, басқарма басшылары мен әр салаға жауапты мамандарға оларды жоюды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. 
– Келесі жыл бүгінгі жетістікті қана-ғаттандырмайды. Уақыт өткен сайын ел дамуына облыс оң септігін тигізуі қажет. Сондықтан сан сала бойынша көрсеткіш деңгейін жоғарылатып отыруымыз қажет. Сондықтан барлық мемлекеттік бағдар-ламалардың сапалы және уақытылы орын-далуына назар аударуды тапсырамын. Әсіресе «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру қажет. Жалпы барлық қол жеткізілген көрсеткіштер – бұл біздің ортақ еңбегіміздің және бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесі. Мәселен,  Талдықорған қаласы рейтингтердің негізгі көрсеткіші бойынша «Ең үздік қала» атағына ие болды. Алдағы уақытта біз бұл жеткен биігімізден түспеуіміз қажет, – деп облыс әкімі Амандық Баталов жиынды қорытындылады.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Оқи отырыңыз