ЖЕТІГЕНДЕ ГАЗ АЛАУЫ ЖАҒЫЛДЫ

ЖЕТІГЕНДЕ ГАЗ АЛАУЫ ЖАҒЫЛДЫ

   Іле ауданының Жетіген ауылдық округіне «көгілдір отын» берілді. Бұл жұмыс «Алматы облысын 2020 жылға дейін газдандыру» өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Шараға Іле ауданынының әкімі Бағдат Қарасаев, сондай-ақ, спортшылар Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов, Қанат Ислам, Ардақ Назаров пен Жетіген ауылының тұрғындары және мемлекеттік мекемелердің өкілдері, аудан ардагерлері және кәсіпкерлер қатысты. 

 

   Аудан бойынша газбен қамту көр-сеткіші бүгінде 85 пайызды құрады. Игі іс «Жақсылық Газ Строй сервис» компаниясының мұрындық болуымен жүзеге асты. Бұл жобаға грек-рим күре-сінен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров басқаратын компания 1 мил-лион 800 мың теңге инвестиция тартқан. 
   Салтанатты шараға жиналған қа-уымды алдымен аудан әкімі Бағдат Қарасаев құттықтап, ақжарма тілегін арнады. «Жақсылық Газ Строй сервис» компаниясының атынан Жақсылық Үш-кемпіров көпшілікті «көгілдір отын» құбырының тартылуымен құттықтап, игі шара ары қарай да жалғасын таба бере-тінін айтты. 
   Бұл күні 24 мыңнан астам тұрғыны бар жетігендіктердің шаттанысы шат күлкілерінен, қуанышты жүздерінен бай-қалып тұрды. Ең алдымен үш газ пеші ауыл мешітіне қосылды. Ауыл қарттары игі істі қуаттап, қолдап, алғыстарын жаудырды. 
   Өткен жылы ауданда «Алматы – Талдықорған» газ құбырының құрылыс жобасы негізінде 6 мыңға жуық тұрғыны бар Ақши ауылы газбен қамтамасыз етілген еді. Ағымдағы жылы «Алматы – Қапшағай» газ құбырының желісіне Жетіген ауылы қосылып, аудандағы он округ көгілдір отынға қол жеткізді. Аудандағы газ құбырының жалпы ұзын-дығы 387 шақырым аумақты құрайды. Бүгінде 31 елді мекеннің 26-сы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Талдап айт-қанда 31395 жеке тұрғын үйдің 21755-і, 359 көпқабатты үйдің 220-сы газдандырылды. Аудандағы 93 әлеуметтік нысанның 44-і газбен қамтамасыз етілді.
   Магистральдық газ құбырының жал-пы ұзындығы 11,1 шақырым, өткізу қуаты сағатына 23,0 нанометр кубты құрайды. Жетіген ауылында орналасқан әлеуметтік нысандарды газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттар дайында-луда. Әр отбасы орталық құбырдан өз ауласына газ тарту үшін 300 мың теңге төлеуі тиіс. Ауыл әкімдігі мен мердігер келісімге келіп, жағдайы төмен отбасыларына газды тегін кіргізіп беру жайын қарастыруда. Осы орайда көп-балалы ана Эльнура Бадалованың үйіне газ тегін кіргізілді. Оты маздап, үйі жы-лынған отанасы бұдан кейін көмір жағып, күл шығармайтынын айтып, шаттануда. «Армандар орындалады екен. Балаларым жылы үйде асыр салып ойнап жүрсе деп армандайтынмын. Енді оларды таңертең алаңсыз мектепке шығарып саламын», – дейді қуаныштан толқыған Эльнура.
   Жақын уақытта Жетіген ауылдық округінде орналасқан орта мектеп, ем-хана, әкімшілік ғимараты, басқа да әлеуметтік нысандар «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілмек. Ал, даму жоспары бойынша келесі жылдың соңына дейін Нұра, Жаңа Арна, Құйған және Еңбек ауылдарына газ жеткізу толықтай жүзеге аспақшы.

Мақпал МЫСА. 

 

Оқи отырыңыз