АЛДАҒЫ МІНДЕТ АУҚЫМДЫ

АЛДАҒЫ МІНДЕТ АУҚЫМДЫ

   ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Жа-сыл экономикаға» көшу туралы ке-ңестің отырысы өтті. Онда еліміздің «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасының 2013–2020 жыл-дарға арналған іс-шараларды іске асыру барысы қаралып, келесі жылғы жоспарлар талқыланды.

 

   Әрине, кейінгі жылдары әлем елдерін экологиялық ахуалдың нашарлауы алаңдата бастады. Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау мәселесі басты тақырыпқа айналды. Осы келеңсіздікті ескеріп, оның алдын алу үшін еліміздің «Жасыл экономикаға» көшу туралы тұжырымдамасы жасалды. Осыдан кейін бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде атқарыла бастады. Қазірде экологиялық жағдайды одан әрі жақсарту және «Жасыл экономикаға» сапалы көшуді қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан жобалар жеткілікті. Отырыс барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осы атқарылған жұмыстар жайлы толыққанды баяндап берді. Мәселені талқылауға «Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ басшысы Рапил Жошыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, қазақстандық KazWaste қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина, «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рахымбекова, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрайымы Айгүл Соловьева қатысты. Бұдан өзге де лауазымды тұлғалар отырыс жұмысын бейнеконференция байланыс режимі арқылы бақылап отырды. 
   Баяндамашының айтуынша, қазіргі таңда еліміздегі эколо-гиялық жағдайда кейбір тұрақсыздықтар болғанымен оның алдын алудың, әсіресе, «Жасыл экономикаға» көшуді қамтамасыз етудің жан-жақтылы мүмкіндігі қарастырылған. Осы бағыттағы барлық жұмыс ҚР Экологиялық кодексі және Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы арқылы реттеліп отырады. Осыған дейін Үкімет «Жасыл экономикаға» көшудің жалпыұлттық жоспарын орын-дауға баса мән берсе, биылғы 5 қазанда жарияланған Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
   Десе де, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс ауқымды. Өйткені жаңадан әзірленіп жатқан Экологиялық кодекс өңірлерге тың міндеттер жүктейтіні анық. Соның ішінде қоршаған ортаны қорғаудағы технологиялық процестерді жетілдіру ісі жетіле түседі. Отырыс соңында Үкімет басшысы облыс әкімдеріне атмосфераға зиянды қалдықтардың таралуын төмендету бойынша алдын алу шараларын қолдануын тапсырып, белсене жұмыс жүргізуге шақырды.

Қажет АНДАС.

Оқи отырыңыз