ЕЛОРДАНЫ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

ЕЛОРДАНЫ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

    Текелі  қалалық кітапханасы  Астана қаласының 20 жылдығына орай  «Ел жүрегі  – Астана» атты жас ақындар байқауын өткізді. Байқауға Текелі қаласы орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларынан 15 ақын қатысты.

 

    Байқау шарттарына сәйкес  үміткерлер  өз шығармашылығындағы өлеңдерді мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде  мәнерлеп жатқа оқу бойынша сынға түсті.
    Іс-шара басында Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Марат Дәуренбаев сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды Астананың 20 жылдығы мерекесімен құттықтады.  Кітапханашылар Елордамыздың әрбір қазақстандық өміріндегі маңызды рөлі туралы баяндады. Қатысушылар мен қонақтар байқау барысында  «Ел жүрегі – Астана» атты слайдын тамашалады.
   Жеребе тастау рәсімінен кейін байқау қатысушылардың өз өнерлерін көрсетуімен жалғасты. Қаламдарынан   көптеген көркем шығарма туындаған ақын-жазушылар – қаланың Құрметті  азаматтары Сәбит Биболов, Әбіжан Омарқұлұлы және Қыдыр Байдүйсенұлы әділқазылар алқасы ретінде  байқау жеңімпаздарын анықтап, бірінші орынға (№5 ОМ) Жансая Тілеухан, екінші орынға  (№6 ОМ)  Юля Ворапаева және үшінші орынға (№5 ОМ)  Аружан Баймолдинова лайық деп шешті. Ал Аманжол Ержан (№7 ОМ),  Алина Турапова (№3 ОМ), Лаура Әмірғалиева (№8 ОМ) ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
    Байқау соңында қарымды қаламгерлер С. Биболов,Ә. Омарқұлов,Қ.Байдүйсенов  жас ақындарға шығармашылық табыс тіледі.

Шора БАТЫРБАЕВ
Текелі қаласы

Оқи отырыңыз