Бүкпесіз әңгіме

Бүкпесіз әңгіме

Еліміздің ақпараттық кеңістігінде ерен ең­бек етіп, қоғам дамуына үлес қосып жүрген жур­налистер қауымы жылда маусым айының 28-і күні қуанышқа кенеліп, марапаттарға ие бо­лады. Биыл да сол үрдіс жалғасын тауып, тіл­шілер қауымы жұрт­шылық құрметіне бө­ленуде. Мереке құрме­тіне облыс прокуроры Ғабит Миразов өңірдегі бұ­қаралық ақпарат құралдарының жетекші ма­мандарын жинап, ашық әңгіме-дүкен құрды.

Алдымен арнайы шақы­рыл­ған тілшілер қауымына сый-сияпат жасап ілтипатын білдірген облыс прокуроры қоғамдағы келеңсіз әдеттердің алдын алудың маңыздылығын, ел өркендеуіне кедергі келті­ретін заңсыздықтарды құрық­тау­дың жайын әңгімелей келе Ақтөбедегі лаңкестік оқиға­сы­на тоқталды. Дәл Рамазан айы кі­рер тұста бой көрсеткен лаң­кестік әрекетті  болашақта бол­дырмау жайы тілге тиек болып, осындай теріс пиғылды ағым­дардың зияндылығын халық санасына сіңіруге ақпарат ма­ман­дарының қосар үлесі көп­теген мысалдармен сараланды. Байланыс және ақпарат қыз­мет­керлерінің күніне орай про­куратура саласында ұзақ жыл­дар бойы талмай еңбек еткен Әбдіқажым Рысдәулетов бас прокуратураның ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» меда­лімен марапатталды. Медальді марапат иесінің кеудесіне қа­даған облыс прокуроры Ғабит Төреұлы Ақсу, Қаратал, Ескел­ді аудандары мен Текелі қала­сында табан аудармай еңбек еткен тәжірибелі қызметкердің өлшеусіз еңбегіне жоғары баға беріп, абыройын асқақтатты.

Бұдан кейінгі әңгіме елдегі сая­си ахуал, қазақстандық идео­­­­логия, қазақ елінің тарихы сынды тақырыптарға ойысып, көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелер сөз болды. Кезектесе сөз алған тілшілер қауы­мы облыс прокурорына ризашылықтарын білдіріп, маңыз­ды мәселелерді қозғады. Облыстық қоғамдық-саяси «Же­ті­су» газетінің бас редакторы Әміре Әрін Ұлы Дала тарихына тоқталды.

– Біздің еліміздің тарихы ға­сырлар қойнауынан сыр шер­теді. Сақ, ғұн дәуірлерін айт­па­ғанның өзінде сонау шумерлер өр­кениетінің өзегінде баба­ла­ры­мыздың тағылымды тағды­ры­ның, өнегелі өмірінің ізі жа­тыр. Сол замандардан бастау алған өркениеттің белгілері Ұлы Даладан әлемнің төрт тара­пына таралып, бүгінгі күнге бай мұра болып жетті. Біз осындай ұлағатты ұлттың ұрпағы бол­ғанымызбен мақтанамыз, со­лар­дың заңды жалғасы екені­міз­бен шаттанамыз, – деген Әміре Әрінұлы қазіргі қоғам да­муындағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы жайлы айтып  өтті. – Дәл оразаның ал­дын­да Ақтөбеде орын алған ше­тін оқиғадан кейін Елбасы бұқа­ралық ақпарат құралдарына ба­сымдық беру керектігін ес­керт­кені белгілі. Соның ықпалымен Ақпарат және коммуникация министрлігі құрылып, журна­лис­тер қауымына деген ыстық ықылас анық байқалды. Шын­ды­ғында идеологияның өзегі са­налатын бұқаралық ақпарат құ­­ралдарын елдің тыныштығы мен тұрақтылығына сына қаға­тын, бейбітшілік пен ынты­мақ­­­­қа селкеу түсіретін келеңсіз жайттардың алдын алуға тиім­­ді пайдалану керек. Сонда ға­на бұқара халық пен билік ара­сындағы алтын көпір қайта жанданады. Елбасының бас­та­масымен қолға алынған «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспа­ры­ның да негізгі өзегі осыған ба­ғыт­талған. Сондықтан жур­на­листер қауымына сенім білді­ріп, мерекелерімен құттық­тап отырғаныңызға рахмет, Ға­бит Төреұлы! Сіздер мен біз­дер бір­лесіп жұмыс істе­ген­де ғана қо­ғамның көлеңкелі тұ­сына жа­рық түсіп, есесі кет­­кендердің құ­қы қорғалады. Ен­деше, ор­тақ мақсаты­мыз­дан ажыра­майық, көздеген ба­ғыт­қа бірге жетейік.

Ашық әңгіме кезінде «Ха­бар» телеарнасының Алматы об­лысындағы меншікті тілшісі Ті­леуқабыл Мыңжасар, «Огни Алатау» газетінің бас редак­то­ры Атсалим Идигов, «Тал­ды­қор­ған» газетінің редакторы Мәу­летхан Ақсанов, «Желтая га­зета» басылымының редак­то­ры Сандуғаш Дүйсенова ке­зек­­пен сөз алып, жүрекжарды ті­лектерін жеткізді. Жиын соңын­­­­да көпшілік естелік су­ретке түсті.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Оқи отырыңыз