ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының негізінде еліміздің барлық өңірінде жылына екі мәрте, күз бен көктем мезгілдерінде азаматтарды әскерге шақыру науқаны жүргізіледі. 

Наурыз бен сәуір айларында жүргізілетін көктемгі әскерге шақыру науқаны бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» және «Батыр» президенттік полктеріне іріктеу жұмыстары басталды. Іріктеу барысында бекітілген ереже-талаптарға сәйкес, ең бастысы, Отанға деген махаббатының тұнықтығы, шыншылдығы, ұрымтал тұста ұтқыр, ұтымды шешім қабылдай білетін, төзімді әрі зерек бозбалаларға басымдық беріледі. Сондай-ақ, спорттық және өзге де салалардағы жетістіктері, марапаттары ескеріледі. ҚР МКҚ қызметкерлері жылдан-жылға осы бағыттағы жұмысты басты назарға алып жатыр. Мәселен, 2017 жылғы әскерге шақырту комиссиясының жұмыс нәтижесінде 295 жас сарбаздың 255-і арнайы орта және жоғары білімді болған. Салыстырмалы түрде 2016 жылы үміткерлердің арасынан тек 195 сарбаз ғана іріктелген. 
Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі әрдайым басшылықтың жіті бақылауында. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кү-  зет қызметінің ерекшелігі, жас сарбаздар әскери борышын «Құрмет» қарауыл ротасында өткізеді. Елімізде тек осы құрылымға ғана мемлекеттік протоколды атқару жүктелген. Бозбалалардың көбісі әскери қызметтерін дәл осы «Құрмет» қарауыл ротасынан бастауды армандайды. Ал ол – «Айбын» және «Батыр» президенттік полктеріне бастар бірден-бір даңғыл жол.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Оқи отырыңыз