ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС МАҢЫЗДЫ

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиа­лының   ғима­ратында «Халыққа құқық­тық кеңес беру, құқықтық түсіндіру» деген тақырыпта облыс­тық әділет департа­менті басшысының міндетін атқарушы Барлық Төре­ханов­тың төрағалығымен жұртшылықпен кездесу өтті.

Кездесуде облыстың әді­лет органдары қызметінің не­гіз­гі бағыттары, оның ішінде Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтин­гісіндегі Қазақстан Респуб­лика­сының рейтингін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.

«Нұр Отан» партиясы Ал­маты облыстық филиалы төр­аға­сының  бірінші орын­басары Ғалиасқар Сарыбаев және әді­лет департаменті бас­шы­сының орынбасарлары, бө­лім бас­шылары мен құры­лым­дық бө­лім­шелердің білікті маман­дары, Талдықорған қала­сы әкімінің орынбасары А.Тұ­тұ­баев, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті бас­шысы­ның орынбасары Т. Ошақбаев, «Жылжымайтын мүлік орта­лығы» ШЖҚ РМК облыстық филиалы директорының орын­басары Е. Алиасқаров, «Халық­қа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары А. Тлешов, Талды­қорған қалалық адвокаттар заң кеңесінің меңгерушісі А. Мула­­закирова, облыстық но­та­риат­тық палатасы төр­айымының орынбасары А. Бекішбаев, аймақтық жеке сот орын­дау­шылар палатасының төрағасы А. Қасенов қатысқан кездесуде білікті мамандарға сұрақтар қойылып, азаматтар құқықтық  кеңестер алды.

Облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз