ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛЕДІ

ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛЕДІ

Облыстық соттың ғимаратында Құқықтық қызмет орталығы жұмыс жүргізуде. Артықшылығы сол, ол жерден xалық тегін көмек ала алады. Бұл туралы орталықпен танысу кезінде көз жеткіздік.

Атап айтқанда, ақпараттық, заң, медиатор, адвокат, нотариалдық қызметтер қамтылған. Одан бөлек, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті, "Азаматарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы, «Алматы облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері де кеңес береді. Орталық арнайы теxникамен қамтылған. Мысалы, бұл жерде сенсорлық мультиманель орнатылған. «Сот кабинеті» жүйесі арқылы азаматтар талап-арыз, шағым, өтініштерін электронды түрде қалдыра алады. Көмекке жүгінетіндердің көпшілігі әлеуметтік мәселемен келеді. Әсіресе, мадиатордың кеңесі арқылы қос тарап істі сотқа дейін жеткізбей шешіп жатады.

Сондықтан, құрметті оқырман, сіздерге қандай да бір құқықтық қызмет қажет болса, осы орталыққа барсаңыздар болады. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 53 «А».

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Оқи отырыңыз