ҚҰНДЫЗ КИІМДЕР ТӘРКІЛЕНДІ

ҚҰНДЫЗ КИІМДЕР ТӘРКІЛЕНДІ

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл» кеден бекетіне қарасты шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығы «ҚорҒАС» бақылау-өткізу пунктінен күніне төрт мыңға жуық жолаушы тексеруден өтеді. Оларды бақылау үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Сондықтан, күн сайын қарбаласқа толы қызу жұмыс жүруде. Нәтижесінде, тәртіп бұзғандар да бой көрсетіп жатады. Жолаушылар ішінде тауарды жасырып өткізбекші болған адамдар да кездеседі. Қызметкерлер жауапкершілігінің арқасында олардың жымысқы әрекеті дер кезінде әшкереленіп отырады. Соның ішінде кедендік баж салығы жоғары болғандықтан қымбат бағалы теріден тігілген тауарларды бақылаудан жасырып өту фактілері жиі кездеседі. Мысалы, жуырда кезекті кедендік тексеру кезінде рентгендік «Рапискан» аппараты арқылы үлкен көлемде құндыз терісінен тігілген әртүрлі бұйымдар анықталды. Олар: 25 дана құндыз орамал, 12 ерлер баскиімі және 17 әйел күртешесі.
Қазіргі кезде тауардың кедендік құнын анықтау және оған қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Облыстық мемлекеттік кірістер  департаменті
«Алтынкөл» кеден бекетінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз