ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық саясатын тиімді жүргізгені және қазақстан әскерінің беделін нығайтуда қосқан үлесі үшін Алматы облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері грамоталармен марапатталды.

Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткен салтанатты жиында жергілікті әскери басқару органы бастығының міндетін уақытша атқарушы, подполковник Сейілжан Бекмұратов Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін жариялауда қосқан үлестері үшін тілшілер қауымына алғыс білдіріп, «Жетісу» телеарнасының тілшісі Назгүл Бошанды Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың атынан келіп түскен грамотамен марапаттады. Сондай-ақ, «Tinfo» желілік агенттігінің бас редакторы Диас Бейсенбек, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Қалмаханбет Мұқаметқали, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Ирина Карякина, «Жетісу» газетінің тілшісі Мәулен Әнербай, «Диалог-Жетысу» газетінің тілшісі Гүлмира Темірғалиева, «Taldykorgan-online.kz» сайтының тілшісі Алма Оразаева сынды журналистер облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының грамоталарымен марапатталды.

– Біз Қазақстандық әскердің тыныс-тіршілігін кәсіби тұрғыда жариялап келе жатқан үздік тілшілерді марапаттадық. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқарып, өзара ынтымақтастығымыз арта береді деген сенімдемін, – деді облыстық ҚІД баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант Жанар Әміржанова.

 

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз